Интерактивті оқытуда проблемалық лекция, семинар, топтық тақырыптық пікірталас, нақты ситуацияны талдау әдісі, инцидент әдістері, блиц-ойындар, мини-ойындар, компьютерлік ойындар т.б. кеңінен қолданылады.
Пікірталас – аудиторияда немесе шағын топ ішінде нақты бір өзекті проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасып, оларды дәлелдеп, өзге позициялармен танысып, тиімді шешім қабылдау әрекеті.
Пікірталас – оқу және оқытудың тиімді тәсілдерінің бір. Себебі, білім алушылар қандай да бір өзекті мәселені немесе проблеманы талқылауда өздерінің теориялық және практикалық білімдерін жинақтап, оларды қолдана отырып, өз көзқарастарын жеткізуге, шешім қабылдауға, өзге пікірлерді ескеруге және оларды айналымға түсіруге үйренеді.