Бұл автоматты жасап шығарушы Михаил Тимофеевич Калашников.
Он тоғыз жасында армияға шақырылады,
осы кезден бастап, оның атыс қаруына деген қызығушылығы басталады.
Алғашында «ТТ» тапаншасына өзгерістер ендірмекші де болды.
Осы жоспарларын Ұлы Отан соғысы бұзды.
Танкілердің Брянск түбіндегі шайқасында М.Т. Калашников
ауыр жараланып, госпиталдағы емделуден кейін 6 айға
демалыс алып, армияға алынған жері Алматыға келеді. Осы жерде
1942 жылы ол алғашқы автоматты (тапанша – пулеметті) жасап шығарады, оны сынақтан Дзержинский атындағы академияда өткізеді. Көп қиындықтардан кейін 1947 жылы автомат жасап шықты оны «АК-47» деп атады. Автоматты дамыта келе АК-74 автоматы жасалып шығарылды.