2.1 Деректер қорының даму тарихы
ДҚБЖ бірінші даму кезеңі деректер қорын IBM 360/370, ЕС-ЭЕМ және мини-ЭЕМ типті PDP11 (Digital Equipment Corporation — DEC фирмасының), HP (Hewlett Packard фирмасының) түрлі моделдері тәрізді үлкен машиналарда деректер қорын ұйымдастырылуымен байланысты.
Деректер қорлары ЭЕМ-ның сыртқы орталық жадында сақталған, бұл деректер қорларының қолданушалары негізінен пакеттік тәртіпте іске қосылған есептер болатын. Қолжеткізімнің интерактивті тәртібі консолдық терминалдар көмегімен жүзеге асырылатын, ал олардың өзіндік есептеуіш ресурстары (процессорлар, сыртқы жад) болмайтын және орталық ЭЕМ үшін енгізу-шығару құрылғысы ретінде ғана қызмет ететін.
Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.
Деректер қорына қолжеткізу бағдарламалары түрлі тілдермен жазылатын және әдеттегі сандық бағдарламалар тәрізді іске қосылатын. Қуатты операциялық жүйелер көптеген есептердің шартты параллелді орындалуын қамтамасыз ететін, өйткені деректер қоры орталықтандырылған болатын, жалғыз орталық ЭЕМ-ның сыртқы жад құрылғыларында сақталатын. Ал оларға қолжеткізу көптеген қолданушы-есептерден қамтамасыз етілетін.
Дербес компьютерлар кезеңі. Дербес компьютерлар өмірімізге жылдам кіріп, тура дерлік есептеуіш машинаның қоғам өміріндегі орны мен рөлі туралы көзқарасты төңкерді. Енді компьютерлар әр қолданушыға жақындау болды. Қатардағы қолданушылардың түсініксіз әрі күрделі бағдарламалау тілдері алдындағы қорқыныштары сейілді. Дайындалмаған қолданушылар жұмысы үшін көптеген бағдарламалар пайда болды. Бұл бағдарламалар қолдануда және интуитивті түрде түсінікті болды: көбіне тексттік редакторлар, электронды кестелер және т.б. Файлдарды көшіру мен бір компьютерден басқасына ақпаратты ауыстыру, тексттерді, кестелерді, басқа да құжаттарды басып шығару операциялары түсінікті болды.
Файл (ағылш. File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.
|
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
|
Жүйелік программисттер екінші орынға ығыстырылды. Әр қолданушы өзін көптеген әрекеттерді автоматтандырған қуатты әрі ыңғайлы құрылғының толықтай иесі ретінде сезіне алды. Әрине бұл деректер қорымен жұмысқа әсер етті. Деректер қорын басқару жүйелері деп аталатын бағдарламалар пайда болды, олардың ақпараттың әжептәуір көлемін сақтай алатын, деректерді енгізуге арналған ыңғайлы интерфейсі, түрлі жауаптарды генерациялайтын кіріктірілген құралдары бар болған. Бұл бағдарламалар алғашқыда қолмен жасалатын көптеген есептік қызметтерді автоматтандырды. Дербес компьютерлерге тұрақты бағалардың кемуі оларды тек ұйымдар мен фирмалар ғана емес, жеке қолданушылар үшін де қол жеткізімді етті. Компьютерлер құжаттама мен өзіндік есептік қызметтер жүргізудің құралы болды. Бұл деректер қоры даму облысына оңынан да терісінен де әсер етті. Дербес компьютерлер мен олардың бағдарламалық қамтамаларының қарапайымдылығы мен қолжеткізімділігі көптеген дилетанттар тудырды. Бұл әзірлеушілер өздерін жақсы білетіндей көрсетіп, ұзаққа шыдамайтын деректер қорларын жобалай бастады, олар нақты әлемнің обьектілерінің ерекшеліктерін ескермеді. Обьекттерді даму заңдылықтары мен өзара байланыстарын ескермейтін біркүндік өте көп жүйелер жасалынды. Алайда дербес компьютерлер қолжеткізімділігі алғашында есептеуіш техниканы қолданбаған білімнің көптеген заттық салаларының оларды қолдана бастауына алып келді. Деректерді өңдеудің дамыған ыңғайлы бағдарламаларына деген сұраныс артып, бағдарламалық қамтамалар ұсынушыларын үстелдік ДҚБЖ деп аталатын жаңадан жүйелерді ұсынуға итермеледі. Ұсынушылардың арасындағы үлкен бәсекелестік бұл жүйелердің дамуын тездетіп, интерфейс жақсарып, жылдам әрекеттілігі артып, бағалары төмендеуіне әкелді. Нарықта ұқсас қызметтерді атқаратын ДҚБЖ-лардың көп санының болғаны, деректердің экспорт-импорт әдістері мен деректерді сақтау форматтарын ашуды талап етті.
Формат (фр. format - формаға келтіру) полиграфияда дайын басылымның мөлшері (мысалы 170 • 260 мм) немесе баспа қағазының мөлшері (60x90 см); полиграфияда теру форматы терілген жолдың ұзындығы мен биіктігі; басу қағазының форматы - қағаз рулонының ені немесе парақ қағаздың ені мен ұзындығы.
Бірақ бұл кезеңде оң мағынаға қайшы болса да, стандартты тілдермен өзінің ДҚБЖ-ларын жасағандар да болды. Бұл тұйықтық әрекеті болды, өйткені келесі даму стандартты емес форматтағы деректерді жаңа ДҚБЖ-ға көшіру қиындау, ал кейде тіпті аса еңбекшығынды болғандығынан, жаңадан қайта ДҚ жасауы оңайлау болды, бірақ бәрі бір деректерді көшіру керек болатын. Бұл да ДҚБЖ атқаруы керек болған қызметтерді бағаламағандықтан болды.
Үлестірілген деректер қорлары. Тарих спираль бойынша дамитындығы барлығына әйгілі, сондықтан «дербестендіру» процесынан кейін кері процесс – интеграция басталды. Жергілікті желілер саны көбейіп, компьютерлер арасында алмасатын ақпараттар көбейіп, түрлі орындарда сақталып, өңделетін, бірақ логикалық өзара байланысқан деректердің келісілгендігі мәселесі шиелениседі.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Транзакцияларды параллелді өңдеумен – ДҚ-н бір қайшылықсыз күйден басқа қайшылықсыз күйге ауыстырып отыратын операциялар тізбегіне байланысты мәселелер туындады. Бұл мәселелердің табысты шешімі үлестірілген деректер қорларының пайда болуына әкелді, олар үстелдік ДҚБЖ-дің барлық артықшылықтарын сақтай отырып, ақпаратты параллелді өңдеу мен ДҚ бүтіндігін сақтау мүмкіндігін берді.
Деректер қорын басқару жүйелерінің даму перспективалары. Бұл кезең деректерге қолжеткізімнің жаңа әдісі – интернеттің пайда болуымен сипатталады. Бұл бағыттың клиент-сервер технологиясынан негізгі ерекшелігі арнайы клиенттік бағдарламалық қамтама қолдану қажеттілігі жойылады. Алыстатылған деректер қорымен жұмыс істеу үшін стандартты Интернет браузеры пайдаланылады, мысалы, Microsoft Internet Explorer немесе Netscape Navigator, соңғы қолданушыға деректерге қатынау процесі Дүниежүзілік Өрмекпен сырғанағандай болады.
|
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
|
Internet Explorer (қысқаша ІЕ не MSIE) - Microsoft компаниясы 1995 ж. бастап Microsoft Windows амалдық жүйесі құрамдас бөлігі ретінде жасаған графиктік ғаламтор шолғыш өнімі. Бұл бағдарлама 1999 ж. бастап дүние жүзі бойынша қолданымы ең көлемді бағдарлама болып, 2002-2003 жж.
Қолданушы жүктейтін HTML-бетке Java, Java-script, Perl және т.б. тілде жазылатын код бірге кіріктіріледі, ол код қолданушының барлық әрекеттерін бақылайды, төменгі дейгейлік SQL-сұраныстарға аударады, осылай клиент-сервер технологиясында клиенттік бағдарлама жасаған жұмысты істейді. Бұл бағыттың ыңғайлылығы оның тек алыстатылған деректер қорына қатынау ғана емес, сонымен қатар ұйымның жергілікті желілерінде де пайдалануына әкеп соқтырды. Күрделі алгоритмдермен байланысы жоқ, өзара байланысқан обьекттерде деректерді келісілген өзгертулерді талап ететін деректерді өңдеудің қарапайым есептері осы архитектурамен жеткілікті түрде қарапайым әрі тиімді болып құрыла алады. Бұл жағдайда жаңа қолданушы берілген есепті пайдалану мүмкіндігіне қосу үшін жаңадан бағдарламалық қамтама орнату қажеттілігі жоқ. Алайда, алгоритмдік күрделі есептерді арнайы клиенттік бағдарламалық қамтама жасау арқылы клиент-сервер архитектурасында жүзеге асырған жөн.
Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)
Деректер қорларының түрлері. Дәстүрлі файлдарға тән кемшіліктер ақпараттық жүйелердің ары қарай дамуына кедергі болды. Шешілетін есептерге сәйкес келетін инструменталдық құралдар қажеттілігі туындады. Бұндай құрал ретінде ДҚБЖ болды.
ДҚБЖ жасалуына көптеген әйгілі және әйгілі емес фирмалар қатысты. Әр өндіруші бұл өнім қандай болуы керектігіне өз көзқарасын білдірген. Нәтижесінде өзара ешқандай ұқсастығы жоқ бірнеше ДҚБЖ пайда болды. ДҚБЖ пайдалану үрдісінде кейбір идеялар жалғасын тауып, кейбірлері бір бірінен керегін алып, кейбір идеялар жойылып жатты.
Сыртқы ерекшеліктеріне қарамастан жүйелерді үшке бөлуге болады: иерархиялық, желілік пен реляциялық ДҚБЖ-лер. Әр түрінің айырмашылықтарын қысқаша қарастырайық.
Иерархиялық ДҚБЖ-лер. Иерархиялық ДҚБЖ-лер негізінде қарапайым деректер моделі жатыр, ол моделді ерекше ациклдық бағытталған граф ретінде көрсетуге болады.
Ағаш төбелерден құралады, төбенің әрқайсысында, біреуінен басқа, жалғыз аталық төбесі мен бірнеше ұрпақ төбелері болады.
Аталық төбесі жоқ төбе ағаш тамыры деп аталады. Ұрпақ төбелері жоқ төбелер жапырақтар деп аталады. Қалған төбелер бұтақтар болып табылады.
Иерархиялық деректер қорлары өз табиғатымен иерархиялық болатын құрылымдарды моделдеуде тиімдірек пайдаланылады.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Мысалдары ретінде, әскери бөлімшелер немесе күрделі механизмдерді келтіруге болады.
Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.
Олар өздері қарапайымдау түйіндерден тұрады, ал ол түйіндер де декомпозицияға келтіріле алады. Дегенмен, қарапайым иерархияға келтірілмейтін көптеген құрылымдар бар.
Құрылымдар, конструкциялар (лат. constructіo - құрастыру, жасау), техникада - машина мен ғимараттардың немесе тораптар құрылысы мен жұмысының сұлбасы, сондай-ақ, машинаның, ғимараттың, тораптың өзі және олардың бөлшектері.
Мысалы барлығына белгілі генеологиялық ағаш, ол қатаң мағынада ағаш болмайды, өйткені адамдарда екі ата-ана болады. Күрделірек құрылымдар туралы айтып керегі жоқ. Иерархиялық ДҚБЖ-лер әйгілілік шегін тез өтті, қолдану қарапайымдылығы мен нарықта ерте пайда болуына қарамастан, көптеген кемшіліктері бәсеге лайықты емес етті. Сонымен ол қазірде тек тарихи мақсатта қолданылады.
Желілік ДҚ. Иерархиялық модел тәрізді, желілік моделді бағытталған граф ретінде көрсетуге болады. Бірақ бұнда графта циклдар болуы мүмкін, яғни төбенің бірнеше аталығы бар болуы мүмкін.
Бұндай құрылым алдыңғымен салыстырғанда икемдирек әрі айқынырақ, және есептердің кеңірек класын шешуге жарайды. Бұл моделде төбелер бүтіндік болады, ал оларды жалғайтын қабырғалар олардың арасындағы қатынастарды көрсетеді. Желілік ДҚ жетістігі үлкенірек болып, ДҚБЖ нарығында ұзақтау үстемдік етті. Аз емес дәрежеде олардың табысына Conference on Data Systems Languages (CODASYL) бағдарламалау тілдерінің комитетінің Data Base Task Group (DBTG) энергетикалық әрекеттері көмектесті. Бұл ұйым желілік моделдің спецификациялары мен архитектурасын жете пысықтап, бірнеше табысты коммерциялық өнімдер жасауға мүмкіндік берді, солардың ішінде бір кездері өте атақты болған COBOL алдыңғы орындардың бірін алған. XX ғасырдың 70 жылдары желілік моделдің өркендеу кезең болды. Желілік ДҚ нарықта тіптен орнығып алып, келесі кезеңдік реляциялық моделдер өз орнын алу үшін көп күш салды. Информатика тарихында желілік пен реляциялық моделдердің шешуші соғысы болған Ұлы Ұрыс мәңгіге қалмақ. Желілік архитектура жақтаушыларының ішінде ұлы Чарльз Бахман болған, тек Эдгар Кодд данышпаны ғана реляциялық моделдің жеңісіне мүмкіндік берді.
Эдгар Франк Кодд (ағылш. Edgar Frank Codd; 23 тамыз, 1923 – 18 суір, 2003) - ағылшын информатика ғалымы, IBM компаниясында жұмыс істеп жүрген уақытында дерекқорларды басқаруға арналған реляциялық модельді ойлап тапқан.
Реляциялық ДҚ. Реляциялық ДҚ қазіргі кезде ең кең тарағаны болып табылады. Олардың реализациялары осыған аздап-аздап жарамды барлық платформаларда(дербес компьютерлерден бастап мэйнфреймдерге дейін), барлық операциялық жүйелерде және индивидуалды карточкалар қолдануға арналған қарапайым өнімнен бастап, ең күрделі үлестірілген көпқолданушылық жүйелердің ішінде де пайдаланылады.
Платформа (фр. plate – жайпақ, forme - форма) - геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шөгінді тыстан тұратын жер қыртысының кең ауқымды атырабы.
Шұбар ала түрлілікке қарамастан, барлық осы ДҚ-лары негізінде XX ғасырдың 70 жылдары Кодд жасаған реляциялық деректер моделі жатады. Түріне қарағанда бұл модель өте қарапайым: деректер қоры қарапайым өзарабайланысқан кестелер жиыны ретінде көрінеді. Бірақ сыртқы қарапайымдылығының астында қуатты әрі көркем реляциялық алгебраның математикалық аппараты жатыр, бұл алгебра математикалық бірнеше қатар пәндеріне негізделген, олардың ішінде логика, предикаттар есептеуі, жиындар теориясы бар.
Алгебра (араб.: الجبر әл-джәбр) - математиканың алгебралық теңдеулерді шешу жөніндегі есептерге байланысты дамыған негізгі бөлімдерінің бірі. Алгебра атау және жеке ғылым саласы ретінде Мұхаммед әл-Хорезмидің (9 ғасыр) 1-, 2-дәрежелі теңдеулерге келтірілетін есептердің жалпы шешімі көрсетілген “Әл-джәбр уә-л-муқабәлә” атты еңбегінен бастау алады.
Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
Жиындар Теориясы – жиындардың (көбінесе шексіз жиындардың) жалпы қасиеттері жөніндегі ілім. Шексіз жиындарды сандық түрде салыстыру мүмкіндігі туралы мәселе жиындардың шешілуге тиісті ең алғашқы мәселесі болды.
Реляциялық ДҚ-ларының жетістігінде реляциялық ДҚ-на арнайы жасалған SQL тілі кішкентай рөл алған жоқ. Ол жеткілікті қарапайым әрі мәнерлі тіл, оның көмегімен қорға әжептәуір жетілген сұраныстар жасауға болады.
Әрине алдыңғы ДҚ-нда да деректерді сипаттау тілдері (ДСТ) мен деректермен амалдар ету тілдері (ДАЕТ) болды. SQL осы екі қызметті бір өзіне біріктірді. Бірақ ең жақсы ерекшелігі, әсіресе бағдарламалауда маман емес қолданушылар үшін, SQL-дың процедурлық емес ішкі жиыны негізінде сұраныстарды жасай беруге болатындығы. Бұл дегеніміз, сұраныс тұжырымдамасында қалай алу керектігі емес, нәтижесінде не болуы керектігі көрсетіледі. Шынымен тілдің процедуралық элементтері де бар, мысалы, бұтақталу мен циклдар ұйымдастыру операторлары, бірақ оларды көп жағдайда қолданбауға да болады. Желілік ДҚ-мен жұмыс істеген кезде программист есептік негізгі шешімін шетке қоя тұрып, навигациялық процедуралар пайдалануы қажет болатын. Реляциялық деректер қорлары кең тарағаны қарапайымдылығы мен ыңғайлы интерфейсімен тығыз байланысты. Информатиканың мектеп курсында осы реляциялық деректер қорлары зерттеледі. Web-технологияларға кіріспе
Web-технологиялар
Ерекшеліктері
Артықшылыұқтары
Негізі Web, Веб, Internet, Интернет – сөздерін синоним деп те қарастыруға болады.
Веб-технологиялар – Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық, коммуникациялық, программалық әдістер кешені.
Мысал: http://www.yandex.ru/all_services.html
URI –ға енеді:
Ресурсқа қол жеткізу әдісі, яғни хаттамасы (http).
Ресурстың желілік адресі(www.yandex.ru).
Сервердегі файлдың толық жолы (all_services.html).
Достарыңызбен бөлісу: |