«Интердент» Жоғары



бет2/3
Дата16.10.2022
өлшемі2,22 Mb.
#153245
1   2   3
Байланысты:
УМК 41-42

Өткізілетін уақыты: 90 мин
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті
Оқыту формасы: Теория сабағы
Сабақтың типі: Аралас
Пәнаралық байланыс: «Математика»
Пәнішілік байланыс: математика, информатика.
Дидактикалық:
-Әдістемелік жоспар
-Дәріс:іс-қағаздарының үлгі-нұсқалары
-Қима-қағаздар


Техникалық:
-Электронды оқулық


Әдебиет:
Кронгарт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н.Физика / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану – математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық /. –Алматы: Мектеп, 2011


Сабақ өту хронологиялық кестесі:
1.Ұйымдастыру кезеңі 5 мин
2.Үй тапсырмасын тексеру 10 мин
3. Жаңа тақырыпты ашу 25 мин
4.Білімгерлердің есеп шығаруы 35 мин
5.Сабақты қорытындылау, бағалау 10 мин
6.Үйге тапсырма беру 5 мин


Сабақтың өтілу барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
-Білімгерлермен сәлемдесу
-Білімгерлерді сабаққа дайындау
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Сабақтың өзектілігін айту
4.Жаңа сабақты меңгеру кезеңі

Тақырыбы: «Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық. Айнымалы ток генераторы»


Механикалық тербелістерде маятникке сырттан периодты күш әсер етсе, ал тербелмелі контурда периодты кернеу әсер етеді. Мұндай тербелістер сыртқы мәжбүр етуші әсердің (кернеудің) жиілігіндей жиілікпен және сондай заңдылықпен жүреді. Бұл тербелістер еріксіз тербелістер деп аталадыМысалы, айнымалы электр тогы еріксіз тербеліске жатады, себебі ол тізбекте айнымалы ток генераторынан алынған айнымалы кернеудің әсерінен пайда болады. Біз күнделікті тұрмыста жиілігі 50 Гц айнымалы токты пайдаланып жүрміз. Еріксіз тербелістер өшпейтін тербеліске жатады. Тербелмелі контурда еркін тербелістер өшпейтін болу үшін, жүйені энергия қорымен периодты түрде қамтамасыз ету қажет. 
Өшпейтін тербелістің екінші түрі - автотербелістер. Жүйеде сыртқы периодты күштердің әсерінсіз тербелістердің пайда болуын автотербелістер деп атайды. Автотербелістердің жиілігі мен амплитудасы жүйенің құрылысына байланысты. Кезкелген автотербелмелі жүйе мынандай бөліктерден тұрады: энергия көзі, тербелмелі бөлік, клапан және кері байланыс қондырғысы. Клапан (кілт) тербелмелі бөлікке оның тербелісіне сәйкес керек уақытта энергия көзінен келетін энергияны жіберіп, не тоқтатып тұрады. Бұл процесті тербелмелі жүйенің өзі автоматты түрде реттеп тұрады. Төменде электрлік автотербелістердің мысалы ретінде транзистор көрсетілген.Өшпейтін электромагниттік тербелістер генераторы, өткізгіштігі әр түрлі жартылай өткізгішті транзистордан құрастырылады. Транзистор – Э-эмиттерден, Б-базадан және К-коллектордан тұратын триод.



Жартылай өткізгіштік транзистор (p−n−p)
схемада кілттің рөлін орындайды
ФФбаза >0→ кілт ашық
ФФ база <0→ кілт жабық






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет