Интерннің өзіндік



бет2/4
Дата26.04.2023
өлшемі0,78 Mb.
#175481
1   2   3   4
Байланысты:
601307.pptx

Менингококты инфекция
 Туберкулезді менингит — бас мидың жұмсақ қабығының қабынуы, ол ТМБ жұғуынан пайда болады. Туберкулезді менингит ТМБ жұққан адамдарда, өкпе және басқа ағзалардың туберкулезімен ауыратын науқастар арасында кездеседі. Балаларда ағзаның алғашқы туберкулезі кешенінің (комплексінің) немесе кеуде ішілік лимфа бездері туберкулезінің асқынулары, ал ересек адамдарда – диссеминирлі (қан арқылы) туберкулездің асқынуы ретінде пайда болады. Клиникалық белгілері. Әдетге туберкулезді менингит бір-тіндеп дамиды. Науқастарда әлсіреу, нашар күй, тітіркенгіштік, жарықтан қорқу, ұйқының бұзылуы, үлкен дәреттің болмауы мазалайды. Дене қызуы осы кезде субфабрилді болады. Кейіннен науқастарда-дене қызуы 38-39°С-ге дейін көтеріледі, бас ауруы күшейеді, оған құсу қосылады, бірте-бірте менингиалды белгілер дамңды. Егер- ангибактериалды ем колданылмаса, науқастарда адинамин байқалады, қоршаған ортаға немқұрайпы қарайды, есі қараутып, әрі.қарай сопорозды жағдай дамып, ол комага (грекше кома - терең ұйқы) ауысады, одан соң науқас шамамен 20-21 күн өткеннен кейін қайтыс болады.
Туберкулезді менингит
СУБАРАХНОИДАЛЬДЫ ҚАН ҚҰЙЫЛУ МЕН
МЕНИНГИТТІҢ АЖЫРАТУ ДИАГНОСТИКАСЫ

Субарахноидальды қан құйылу

Ортақ белгілері

Менингит

Субарахноидальды қан құйылу:«бас соққысы» тәрізді бастағы ауру сезімі, құсу, менингеалды синдром, ошақты симптомдардың болмауы ЖМС: басішілік қысымның жоғарлауы, «ет жуындысы» түстес, көп мөлшерде «ескіріп сілтісізденген» эритроциттердің болуы. Бас миының КТ: базальды цистернаның қатты тығыздануы, қарыншаларға қанның ағуы

Жалпы инфекциялық, жалпы милық, менингиальды симптомдар (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы,құсу, Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Кернинг және Брудзинский белгілері) анықталады.

Басталуы жедел, аяқ астынан дене қызуының 39-40С-қа дейін көтерілуі, қалтырау, қатты бас ауруы, қайталап құсу (жүрек айнусыз) болады. Бұл триада ерте көрінеді және ең тән және тұрақты көрініс болып табылады. Науқастың сыртқы келбеті: мойын, бет терісінің гиперемиясы, ерін шырышты қабығы құрғақ, склера және коньюктива тамырлары иньекцияланған болады. Науқас міндетті қалып қабылдайды, бүйіріне жатады, аяқтары бүгілген және ішіне қарай тартылған, басы біраз артқа шалқайған.

Энцефалит (грек. enkephalos – ми) – ауру тарататын микроорганизмдердің салдарынан мидың қабынуы. Энцефалиттің қоздырғыштары: әр түрлі вирустар (арбовирустар, энтеровирустар, қызылша, қызамық, шешек, ұшық вирустары, т.б.), бактериялар (бруцеллалар, спирохеттер, туберкулез микобактериялары, стрептококк, т.б.), риккетсиялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар (амеба, токсоплазма, трипаносома, т.б.), гельминттер (трематодалар, цестодтар, т.б.). Энцефалиттер патол. процестің дамуына қарай біріншілік Энцефалит және екіншілік Энцефалит болып бөлінеді. Біріншілік Энцефалиттің дамуына әдетте вирусты аурулар әсер етеді. Аурудың бұл түрі маусымдық таралу ерекшелігімен сипатталады. Бұған жылдың белгілі бір кезеңінде инфекция тарататын жәндіктердің (кене, маса) белсенді болуы ықпал етеді. Осыдан кене энцефалиті, маса Энцефалиті, энцефаломиелит, т.б. аурулар туады. Екіншілік Энцефалиттің дамуына әр түрлі жұқпалы аурулардың асқынуы әсер етеді. Мыс., безгек Энцефалиті, бөртпе сүзек Энцефалиті, тұмау, шешек, қызылшадан кейінгі асқынулар. Энцефалитпен ауырып жазылған адамдар тез шаршағыш келеді, басының жиі ауырып, дұрыс ұйықтамауы, еске сақтау қабілетінің нашарлауы бірнеше жылға созылады. Аурудың диагнозы вирусол., бактериол. және серол. зерттеулердің қорытындысымен қойылады. Кейде электрфиз., рентгенол. және радиоизотоптық әдістер – ЭЭГ, вентрикулография, реоэнцефалография, гамма-томография, т.б. қолданылады. Ауруды емдеу Энцефалиттің түріне байланысты жүргізіледі. Ауру асқынғанда, науқасты ауруханада емдейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет