Инвестициялық қызмет пайда табу және



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата30.11.2022
өлшемі376,33 Kb.
#160440
  1   2   3   4
Байланысты:
экономика глава 15-16



Инвестиция
(латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, 
меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы
мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын
еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер
салатын инвестициялық қаражат
.
Инвестиция
Инвестициялық қызмет - пайда табу және
(немесе) басқа тиімді нәтижеге қол жеткізу
үшін инвестициялау және практикалық
әрекеттерді орындау.
Тулен Бекзатхан
Юм-22-3к-1


Инвестицияның
күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек 
материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және материалдық емес
активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және
әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің
құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, 
негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне
қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық
инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция –
құрылысқа, материалдық, материалдық емес негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, 
қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден
өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын
толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына
үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын
барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби
шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі
капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге
салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның
қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, 
құндылықтар мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, 
патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынатын
инвестиция елдің экон. өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет