• баланың даму тарихына тексеру нəтижелерін енгізе отырып есептік нысандарды толтырады; 5) бекітілген халық денсаулығын нығайту бойынша іс-шараларды əзірлей отырып, жүргізілген скринингтік тексерулердің ай сайынғы талдауын жүргізеді; 6) скринингтік тексерулердің электрондық базасын қалыптастырады жəне ай сайын аумақтық медициналық ақпараттық-талдау орталығына жібереді. 9. Әртүрлі жас кезеңіндегі балалардың нысаналы топтарын скринингтік тексерулер (мамандардың тексеруі, зертханалық жəне аспаптық зерттеулер) осы Ережеге 1-қосымшаға сəйкес жүзеге асырылады. 10. Ұйымдастырылған мектепке дейінгі балаларды, мектеп оқушыларын, орта- арнайы жəне жоғары оқу орындарының 18 жасқа дейінгі оқушылары мен студенттерінің нысаналы топтарын скринингтік тексерулер жүргізуді БМСК аумақтық ұйымдарының