Республикамызда 200-ден аса үкіметтік емес ұйымдар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім беру, радияциялық қауіпсіздік, экологиялық ағарту сияқты бағыттарда жұмыс істеді. Қаладағы ауаның ластануы, жердің тозуы мен шөлейттенуі, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, жер асты және үсті су көздерінің ластануы, Ертіс, Жайық, Талас, Сырдария, Іле, Шу өзендерінің ластанған сулары негізгі экологиялық мәселелер болып отыр. Ауаның ластануы 15 қалада нормадан асып кеткен, Өскемен, Ленинагор, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз, Петропавл, Қарағанды т.б. бұрынғыға қарағанда қазіргі үлкен деңгейде болып отыр. Арал өнірінің 59,6 млн.-ға жері азған. Сонымен қатар көтерілген тұзды шұаңның ағындары 300 шақырымға, ара қашықтығы 500 шақырымға дейін таралып жатыр. Республикамызда 20 млрд. тоннадан астам өндіріс және тұрмыс қалдықтары жиналып қалған. Жыл сайын 14 млн. Куб м тұрмыстық және 700 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар, олардың ішінде 84 млн. Тонна уландырғыш т.б. жиналады. Сонымен қатар зауыт, фабрикалар өндеген рудаларын өндіріс қалдықтарының 1-18 үйіндісі жалпы көлемі 56 млн. текше метр алып жатыр, радиоактивті фоны 35 мкр/сағаттан 3000 мкр/сағатқа жетіп, халық денсаулығын бұзуда. Қазақстанда АЭС құрлысын салу туралы әңгімен, сонау Кеңес Одағы тұсында жиі қозғалатын. 1995 жылы бұл мәселе Үкімет басқармасында қайта қаралып, Оңтүстік Қазақстан облысында Шардара АЭС-ін салу көзделген-ді. Ғалым-мамандардың айтуынша, тәуелсіз, егеменді ел ретінде, әлемдік өркениеттің бір бөлігі салынатын Қазақстанда атом электр станциясының болуы қажет. Тіпті, Балқаш көлінің жағасында «Үлкен» атты елді мекенде салынады деген әңгіменің ұшы шығып жатыр. Бірақ, арнайы жұмыс жоспары жасалып, мамандар ірітелмеген. АЭС-тің қоршаған ортаны ластайтыны, өзен, көлдердің жағасында салуға болмайтыны тағыда дәлелденіп отыр. Шетелдерде, мәселен, Францияда электр энергиясының 90 пайызын АЭС өндіргенімен, есесіне адам өміріне қауіпсіздігі жан-жақты қаралған. Демек,, АЭС құрлысын салмай-ақ, электр энергиясын өндірудің басқаша көдерін қарастыру қажет.