Iqyz аслан Oрақбаев айқызым 145 мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата25.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#175385
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
IQYZ x ASLAN Orakbayev 2023

Брюсселдегі әйел
Брюсселде көше қиылысында әзер қозғалып, аяқ-қолдары 
кәріліктен қалтырап тұрған бір қарт әйел тұрды. Жолдан 
өтпек болып еді көліктер жан-жақтан басып кетердей 
зымырап жатты. Оның үстіне қолұшын созар да ешкім 
болмады. Қасымдағы достарымнан оған жәрдем берулерін 
қолқаладым. Жанымызда Брюсселде 40 жылдан артық 
тұрған досымыз әрі ұстазымыз бар еді. Ол кісі былай деді: 
«Білесің бе, бұл қарт әйел бір кездері оның жанарына бір 
рет болсын қарап, қолынан ұстау үшін аяғының астына 
жығылып, бар байлығын төгуге дайын еркектерді еліктіретін 
осы елдегі сұлулардың сұлуы болатын. Алайда, уақыт өте 
келе оның жастығымен бірге сұлулығы да ғайып болды. Ал, 
қазір ол осы бір қарапайым сәтте қолұшын созатын жан таба 
алмай тұр».
Өткінші ләззатың сол қатынастан тапқан ауруларыңа 
тати ма? Өзіңнің жастығыңды осындай өмірге жету үшін 
сатасың ба? Сіздерге бұндай риторикалық сұрақтарды 
қоюды жалғастырмай
-
ақ қойсам болады. Өзіңіздің бақытсыз 
адасып жүрген әпкелеріңізді дұрыс жолға салу мүмкіндігіңізді 
жіберіп алмаңыз. Егер оларды ақылға шақыра алмасаңыз, 
онда [тым болмаса] ізгі қыздарды бұл дерттен қорғауға 
тырысыңыз, араларыңыздағы жеңіл ойлы қыздарды бұл 
жолға түспеуге үгіттеңіз.


9
Мен қазіргі қазақ қыздарының бір сәтте қазақи болмысына 
сай өмір сүре қалуын айтып тұрған жоқпын. Қазіргі заманда 
бірден өзгере салу мүмкін емес екенін түсінемін.
«Түн – көріксіз, қараңғы, ал күн – ашық және жарқын. 
Жарық баяу ғана қараңғылыққа енеді. Тіпті, сен бұл алмасуды 
байқамай да қаласың. Бір қарағанда қозғалмайтындай 
көрінгенімен, бір
-
екі сағатқа көңілің бөлініп кетсе, оның 
біршама жол жүріп тастағаны байқалады. Дәл солай адамзат 
та балалықтан жасөспірім шаққа, ал әрі қарай кәрілікке 
аяңдайды. Осындай әдіспен қоғам да бір деңгейден екінші 
деңгейге өзгеруі тиіс». 
Қыздар, өзгелердің күнәға ұмтылғанындай, сіздердің 
де дұрыс өмірге ақырындап қайтқандарыңды қалаймын. 
Қоғамдағы аласапыран өзгеріс келгелі ұзақ уақыт өтті. 
Еркектер бұны байқамағанымен, әлеуметтік желілер 
насихатын тоқтатпауда. Осылайша, біз кез келген дінде 
болмаған сұмдық жағдайға жеттік. Тарихқа үңілетін болсақ, 
тіпті отқа табынушылар да мұндай жағдайларға жол 
бермегенін көреміз.
Тіпті бір тауықтың қасында кездескен екі әтеш оны 
қорғаштап, қызғаныштан бір
-
бірімен төбелеседі. Алайда, 
кейбір еркектер өз әйелдерін түрлі жағажайларда бөтен көзге 
көрсетіп қойып, қызғаныш танытпайды да. Бөтен адамдар 
ұятты жерлерінен басқа; жалаңаш денесіне, мойнына, аяқ
-
қолына қарап отырса да қызғанбайды, елестетіңізші?!
Түнгі клубтарға және той-кештерге еркектер өз әйелдерін 
бөтен ерлер олармен билеу үшін алып барады, сонымен 
қатар, жұптар төстерін тіресіп, бір
-
бірінің белдерінен 
ұстап, бірінің еріні бірінің бетіне тиіп, қолдарымен бүкіл 
денесін құшақтайды. Ешкім бұл әбес қылықтарды сөгіп, 
айыптамайды! Ондай мысалдар көп, өкінішке орай, оларды 
жуық арада шеше алмаймыз. 


10
Дегенмен, ұзақ та болса бізді кері кетуге әкелген жолдың 
басына қайта бара аламыз. Ұзақ жолға шығуға шешім 
қабылдай алмаған адам ешқашан діттеген жеріне жете 
алмайды емес пе? Менің ойымша, бұл мәселемен күресті 
жыныстық қатынас мәселесінен бастау керек. Әрине, егер 
әуретін көркем түрде жаппаған қыз өзіне зиянын тигізіп, 
адалдығына сызат түсірмесе, онда жағдай жеңіл болар еді.


11


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет