6. Ғимараттар мен үймереттерді пайдалану процесінде инженерлік-техникалық қызметкерлердің - техникалық қадағалау қызметінің тұрақты бақылауында болуға тиіс.
7. Техникалық қадағалау қызметінің негізгі мақсаты еңбек пен мекендеп тұрудың қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету үшін ғимараттар мен үймереттерді техникалық пайдалану талаптарының орындалуына бақылау болып табылады.
8. Ғимараттар мен үймереттердің жағдайын пайдалану үрдісі кезінде техникалық қадағалау жүйесі келесі жұмыстардан тұрады:
- ғимараттар мен үймереттердің құрылымдары мен инженерлік жабдықтары жағдайына техникалық қадағалау, ең бірінші – олардың қауіпсіздігі (механикалық, өрт, өнімдер мен процесстер);
- ғимараттар мен үймереттердің энергия тиімділгін жоғарылату бойынша шараларын сақтау арқылы техникалық қадағалау;
- ғимараттар мен үймереттердің қоршаған алаңын техникалық қадағалау.
9. Техникалық қадағалау қызметтерінің негізгі міндеттері:
- ғимараттар мен үймереттердің тиісті техникалық жағдайын ағымдық және күрделі жөндеулер жүргізу арқылы үймереттер мен ғимараттардың қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету;
- ғимараттар мен үймереттердің пайдалану сапасын сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асыруды орындауды ұйымдастыру мен бақылау.
10. Техникалық қадағалау қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтер туралы», Техникалық регламент «Ғимараттар мен үймереттердің, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі жөнінде», Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 17 қараша 2010 жылы № 1202 бекітілген, Техникалық регламент «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар», Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 16 қаңтар 2009 жылы № 14 бекітілген, осы құрылыстағы басшылық құжатына және техникалық қадағалау бойынша басқа нормативтік-техникалық құжаттамаға (салалықты қоса алғанда) сәйкес, сондай-ақ ұйым бойынша оларды дамытуға шығарылған бұйрықтар мен өкімдерге сәйкес жүзеге асырады.