Иран Ислам Республикасындағы білім жүйесіндегі кейбір ерекшеліктер



Дата09.08.2017
өлшемі65,5 Kb.
#23050
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ- нің шығыстану факультеті арабтану және ирантану кафедрасының аға оқытушысы Қасабекова.Е.Қ

Иран Ислам Республикасындағы білім жүйесіндегі кейбір ерекшеліктер

Иран Ислам Республикасының білім жүйесі: елде білім алу ақылы және тегін болып екіге бөлінеді. Мектеп пен жоғары орындарында білім тегін, ақысыз беріледі. Иран Ислам Республикасы ретінде мектепте, университте ұл-қыздар жеке жеке отырғызылады. Дегенмен Иранда , 6 жастан жоғары адамдардың арасында сауатсыздық 20,5 процентті құрайды, яғни 9,9 млн адам оқи да жаза да алмайды. Университеттер мен мектептерде білім алу тегін. Сауатсыздық деңгейі бірқатар елдерге қарағанда төмен. Елдегі білім алушылардың саны орта есеппен 18,9 млн адамды құрайды. Білім жүйесінде 556 мың класс бар әр класста 20 адамнан дәріс алады.

Революциядан кейінгі 10 жылдықта білім алушылардың саны 60 процентке өсті. 1979 жылдан кейінгі салынған мектептердің 15 проценті Иранның алыс аймақтары мен ауылдарында орналасқан.
Білім беру жүйесіндегі ерекшеліктердің бірі ол білім беру саласындағы исламдандыру бағдарламасы болып табылады. Иранның әр бәр 45 азаматы жоғары біліммен қамтамасыз етілген. Әр жыл сайын 161 мың студент жоғары оқу орындарын бітіреді. Елде 440 жоғары оқу орны, соның ішінде 87 университет, 23 институт, 6 жоғары оқу орталығы, 70 іштей оқу орны, 120 «Пейаме нур» аудармасында «Нұр сәуле» және 115 исламдық университтер жұмыс істейді. (1)

1963 жылдан бастап білім және ғылым министрліктерінің ұйымдастыруымен білім беру жүйесі бір арнаға көшіп, жүйелі , нәтижелі жұмыс істеуді бетке алды.

1979 жылғы Ислам Революциясынан кейін Иран Ислам Республикасындағы білім жүйесінде бірқатар өзгерістер болды. Нәтижесінде білім беру жүйесі төмендегідей өзгерістерге ие болды. Иран Ислам Республикасында білім беру жүйесі 2 бағанадан тұрады. Олар К–12 және жоғарғы білім болып табылады.Иран Ислам Республикасындағы орта білім беру Білім Министрлігінің қарамағына қарайды. Яғни мектептерді қаржыландыру және әкімшілік жұмыстарымен айналысады. Мектептерде, жоғары оқу орындарында білім беруде негізгі өолданылатын тіл парсы тілі болып саналады, алайда мектептерде әдетте ағылшын тілін міндетті түрде оқиды.

Иран Ислам Республикасында 5 жастан бастап баланың ой-өрісін, адамдармен қарым-қатынасын жақсарту мақсатында бала бақшаға береді. Десе де бұл міндетті болып табылмайды, ал 6 жастан бала бастауыш мектепке «Дабестан»  барады. Бастауыш мектепте 5 жыл оқып, біріңғай ұллтық емтихан тапсырып, келесі оқу дәрежесіне өтуге құқық беретін сертификатқа ие болады. Бастауыш мектептің талаптары мен міндеттері бойынша баланың таланттарын, қабілеттерін ашып, сауат аштыру, есепке, жазуға , қоғамдағы діни көзқарастарға баулу болып табылады.

Орта білім яғни 8 жылдық білім дәрежесі 3 жыл беріледі, яғни 6 класс пен 8 класс аралығында оқушылар білім ала алады. «Рахнамаии» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар парсы тілі мен әдебиеті, математика, жағрапия, тарих пәндерін оқиды.8 класстық білімді алған соң міндетті емтихан тапсырады. Аталған 8 класстық білім алуға кез келген ирандық міндетті болып табылады.Жоғары орта білім «Дабестан» соңғы К-12 үш бағытқа бөлінеді: теориялық, арнайы-техникалық, қосымша . Теориялық бағытты таңдаған оқушылардың алдында қандай да бір пәнді таңдау мүмкіндігі бар: физика мен математика, экспериментальды, әлеуметтік-экономикалық, және гуманитарлық ғылымдар болып табылады. 11 класстың соңында оқушылар орта білім алғаны жайындағы «Диплом-е мотавасет» диплом алады. Жоғары оқу орнына түсу үшін тағы бір жылдық дайындық курсынан өтуі керек. Оқуға дейінгі дайындық курсын жақсы үлгеріммен бітірген оқушы ұлттық мемлекеттік «Конкур» яғни конкурсқа қатыса алады. 1979 жылы Ислам Революциясы жеңгеннен кейін білім жүйесінде бірқатар өзгерістер болды.
Жоғарғы білім беру жүйесіне тоқталар болсақ, сонау Сасанидтер кезеңінен 241 жылдан бастау алды десек те болады. Ол кезеңдерде медицина, медициналық зерттеулерге сонымен қатар гректік, үнділік, ирандық ғылыми жетістіктерге ерекше көңіл бөлінетін.
1848 жылы Иранда каджарлар династиясы Амир Кабир басшылығының тұсында ең алғашқы университет болды.
Елдегі ең үлкен университтер Тегеранда, Мешхедте, Газвинде, Ширазда орналасқан.Қазіргі таңда елде мәдениет министрлігіне тәуелді 50 университет, денсаулық министрлігіне қатысты 33 университет, басқа да министрліктерге қатысты 53 университет жұмыс істейді.
Иранда жоғарғы оқу орындары екіге бөлінеді: мемлекеттік және мемлекеттік емес болып екіге бөлінеді. Мемлекеттік және мемлекеттік емес студенттер бакалавр пен магистр, доктор phd дәрежелері бойынша білім алады. «Бакалавр» - лисанс 4 жылдық білім, «Магистр»- фуғ-е лисанс 2 жылдық, доктор PJD бойынша университте білім алу Иранда қазіргі таңда жүзеге асады. Академиялық оқу жылы 2 семестрге бөлінген. (2)

Тағы бір айта кететін қызық жайттардың бірі мектеп және университет жүйесінде бағалаудың жоғары дәрежесі 20 балдық жүйемен айқындалады. Студенттердің тамақтануы университет тарапынан берілетін карточкалармен қамтамасыз етіледі. Бұл университет тарапынан берілетін көмек ретінде беріледі. Бағасы шамамен 500 теңге болса, университет оның 350 теңгесін төлеп береді. Жатаханада тұру тегін, жатаханада тұратын студентке университет тарапынан алдыңғы айтып отырған көрсеткішпен тамақ беріледі, яғни студент тамақтан төрттен бір бөлігін ғана төлейді.



Иран Ислам Республикасындағы оқытушылардың мансап , атақ дәрежесіне қарай бөлінуі.
«Морабби» - тәрбиеші – магистрлік құжаты бар, жаңадан жұмысқа орналасқан, өз ғылыми жұмысына қатысты бірнеше мақаласы бар жас маман. Қазіргі кездері Иран Университеттерінде тәрбиешілердің саны аз, оларды жұмысқа алуға белгілі себептермен тыйым салынған. Тәрбиеші аптaсына 16 сағат сабақ беруге міндетті.

«Астадиар»- профессордың ассистенті –докторлық құжаты бар, бірнеше жылдық жұмыс тәжірибесі бар маман. Профессордың ассистенті бірнеше диссертацияға жетекшілік еткен, ғылыми 7-8 мақаласы жарық көрген, 2 кітабы жарық көрген , бірнеше семинар мен конференцияда сөз сөйлеген – ұлағатты маман. Аптасына 12 сағат сабақ беру жүктелген.

«Данешиар»- доцент, профессордың ассистентігінен кейін кітаптары мен мақаласын арттыруға қажет. 5 кітап және 10 мақаласы болуы шарт. Бірнеше докторлық диссертацияға, магистрлік жұмысқа жетекшілік етуі қажет. Елдегі және шет елдегі конференцияларға қатысуы қажет. Аптасына 9 сағат сабақ жүргізеді.

«Астад-е тамам» - ұлағатты ұстаз – доценттіктен кейін кітаптары мен ғылыми зерттеулерін ұлғайта отырып, бірнеше ауқымды мақалаларымен, елдегі, шетелдегі зерттеу жұмыстарымен, докторлық диссертацияларға жетекшілік етуімен, конференциялардағы бірнеше ғылыми еңбектерімен негізгізгі пәніндегі ізденушілігімен «ұлағатты ұстаз» деген атақ алады. Ұлағатты ұстаздың қоржынында 10-нан аса кітабы, 20-дан астам мақалалары болуы қажет, өз ұжымының ортасында мәртебесі биік болуы шарт. Ұлағатты ұстаз аптасына 7 сабақ жүргізеді. (3)

«Астад-е момтаз» - жоғарғы дәрежелі ұстаздық пен оқытушылықтың ғылыми соңғы шені – жоғарғы дәрежедегі ұстаздық. Бұл атаққа санаулы ғана ұстаздар лайықты. Бұл атаққа санаулы ғана ұстаздар лайықты. Бұл атаққа ие болу – ғылымдағы ізденушілік пен жұмыстың артықшылығымен және барлық ұстаздардың ұсынуын қажет етеді. Бұл ғылыми дәреженің берілуі, оқытушының жалақысының өсуімен, сағат санының азаюына және оқытушылар мен студенттер ортасындағы беделдің артуына, әсерін тигізеді. Бұл білім беру жүйесінің әлемдік стандартқа сәйкестігін көрсетеді. Және ұстаздардың әлеуметтік жағдайының жақсы екенін көрсетіп тұр.

Иранда қалалардың 100%, ауылдардың 98% электр қуатымен қамтамасыз етілген. Бұл да әлеуметік жағдайдың жоғарылығын көрсетеді.

Жастар. Кез келген елде саяси өзгерістер мен жаңалықтардың қозғаушы күші жастар екені мәлім. Иранда жастардың білім алуына қолайлы жағдайлар жасалынған. Иран жоғары оқу орындарының 80% мемлекеттік оқу орындары, студенттерді ақысыз оқытады. Жоғарыда айтылғандай бұл елде жыл сайын 1 миллион, 300 мың студент жоғары оқу орындарынан білім алып шығады. Бұл мәлімет елдегі сауаттылық көрсеткішінің жоғары екенін дәлелдейді. Студентермен қатар, жыл өткен сайын магистранттар мен докторанттардың да саны көбеюде. Иран жастарының математика, физика, химия, астрономияға қызығушылығы жоғарғы дәрежеде және осы пәндерден болатын мемлекет аралық олимпиадалардан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. Жеңімпаз балаларға білім беретін ұстаздардың жалақылары көтеріліп, арнайы мемлекеттік гранттар алуларына және шетелге шығып тәжірибе алмасуларына мүмкіндік жасалған.


  1. Морраби - жай оқытушы, аптасына 14 сағат дәріс өткізеді, қалған уақытында мақала жазу , ғылыми жұмысымен айналысады.

  2. Астадиар- аға оқытушы аптасына 11-12 сағат дәріс жүргізеді.

  3. Данеджшиар – доктор PJD аптасына 9 сағат дәріс жүргізеді.

  4. Астад-е тамам - профессор аптасына 7-8 сағат дәріс жүргізеді.

Оқытушыларға мемлекет тарапынан 6-7 проценттік көрсеткішпен «Вам» кредит беріледі.

Моррабидің –жай оқытушының айлық жалақысы 1200-1500 долларды қүрайды. (4)

Астадиардың- аға оқытушының айлық жалақысы 2000-2500 долларды құрайды.

Данеджшиардың- доктор PJD айлық жалақысы 3000-3500 долларды құрайды.

Астад-е тамамның- профессордың айлық жалақысы 4000-4500 долларды құрайды.

Университетте әрбір екі оқытушыға жеке кабинет беріліп, бір ассистент қызмет көрсетеді.

Оқытушы жылына 1 рет университет қаржысына шетел университтерінде стажировкадан өтуге хұқылы.

Сонымен мақаланы қорытындылай келе, Иран Ислам Республикасындағы білім беру дәрежесі өте жоғары дәрежеде екенін отырмыз, шығыстың бұл Ислами елінен үйренетін тұстарымыз көп секілді.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. http://iran.ru/rus/sistemaobrazovaniya.php

  2. http://dic.edu.ru/information/national_systems/1591/

  3. «Ираншенахт» 107-108 беттер Тегеран, 1999 жыл

  4. «Ираншенахт» 125-128 беттер Тегеран, 1999 жыл


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет