Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылға жасаған жұмыс жоспары



бет2/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,55 Mb.
#6707
1   2   3

«Мәні » мәдениет үйі бойынша




Тақырыбы

Түрі

Уақыты

Жауапты мекеме

1

«Кел Жаңа жыл!» балалар ертеңгілік

мәдени көпшілік шара

І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

2


«Нәр берген ән бұлақтан»

концерт

І тоқсан

«Мәні» мәдениет үйі

3

«Имандылық тәрбеи бастауы»

әңгіме

І тоқсан

«Мәні» мәдениет үйі

4

«КТК»

Сайыс

І тоқсан

«Мәні» мәдениет үйі

5

«Жансезім саулығы»

Кездесу кеш

І тоқсан

«Мәні» мәдениет үйі

6

«Көңілді жексенбі»

Жастар кеші

І тоқсан

«Мәні» мәдениет үйі

7

«Мен өмірді жырлау үшін кегенмін»

әдеби сазды кеш

І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

8

«Салауатты өмір салты-денсаулық»

Дөңгелек үстел

І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

9

«Көңіліме көп нәрсе түйдім» ауыл жастарымен

Пікірталас

І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

10

«Салтым асыл қазынам»

әңгіме

І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

11

«Анадан шарпат отбасыдан өнеге»

әдеби сазды кеш

І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

12

«Әлемнің жарығын сыйладың

сен маған »



Концерт

І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

13

«Қыз өссе елдің көркі »

Сайыс

І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

14

«Қош келдің , мерейлі Наурыз!»

Мәден.көп. шара

І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

15

«Наурыз - асыл айым»

әңгіме

І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

16

«Дені сау ұрпақ – ел болашағы»

Пікірталас

І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

17

«Халқымның жүрегінде ақын жыры»

Кездесу кеші

І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

18

1 сәуір күлкі күніне «Күлеміз бе қайтеміз»

коцерт

І І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

19

«Салтын сүйген халқын сүйген»

Тақ.кеш

І І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

20

«Аталар мұрасы – халық қазынасы»

Кедесу кеш

І І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі




21

«Жаңа тарих – жарқын тұлға »

әңгіме

І І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

22

«Өсиеті өнегелі ғұмыр»

әдеби кеш

І І тоқсан

«Мәні» мәдениет үйі

23

«Ән көңілдің ажары »

Концерт

І І тоқсан

«Мәні» мәдениет үйі

24

«Ауылым алтын бесігім »

әдеби сады кеш

І І тоқсан

«Мәні» мәдениет үйі

25

«Жігіт сұлтаны »

сайыс

І І тоқсан

«Мәні» мәдениет үйі

26

«Жеңіс туы жаса мәңгі »

Концерт

І І тоқсан

«Мәні» мәдениет үйі

27

«Жүректен шыққан жылы сөз »

Дөңгелек үстел

І І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

28

«Туған жер тұғырың »

Ауызша журнал

І І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

29

1 маусым Бөбектерді қорғау күні«Балауса - 2013»

Байқау

І І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

30

«Туған елім туған жерім »

Тақырыптық кеш

І І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

31

«Асқақ тұрар ата мекен, алып тұғыр!»

Ауызша журнал

І І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

32

«Мәдениет рухани қасиет»

әңгіме

І І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі

33

«Туған жер төсінде ән саламын»

Концерт

І І тоқсан

«Мәні » мәдениет үйі


«Арай» мәдениет үйі бойынша




Іс-шара тақырыбы


Шараның түрі

Орындау мерзімі

Жауапты мекеме

1.

«Жасыл шырша жанында»

балалар ертеңгілігі

01 қаңтар

«Арай» мәдениет үйі

Селолық клуб үйлерінде



2.

«Би әлемі»

Әсемназ би тоб. концерт

5 қаңтар

«Арай» мәдениет үйі

3.

«Жүректен шыққан жырларым, айтылған сендерге сырларым»

жыр мүшайра

12 қаңтар

«Арай» мәдениет үйі

Қалыбай к/ү Құтикөл к/ү



4.

«Сағындырған әндер-ай»

концерт

19 қаңтар

«Арай» мәдениет үйі.

Нұра к/үМамыр к/ү



5.

«Имандылық- инабаттылық»

кездесу кеші

2 ақпан

«Арай» мәдениет үйі.

Ақши к/үҚарасай к/ү



6.

«Мұқағали шығармаларындағы

отты жылдар»



тақырыптық кеш

9 ақпан

«Арай» мәдениет үйі.

Құмтоғай к/үАманкөл к/ү



7.

«Көңілді тапқыштар»

сайыс

16 ақпан

«Арай» мәдениет үйі.

Селолық клуб үйлері



8.

«Жастар»

ән байқауы

23 ақпан

«Арай» мәдениет үйі.

Құтикөл к/ү



9.

«Ырғыз арулары»

байқау

6 наурыз

«Арай» мәдениет үйінде

10.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне «Айналайын, ақ анам» арналған мерекелік конц.

жиналыс.

концерт


7 наурыз

«Арай» мәдениет үйінде.Селолық клуб үйлерінде

11.

«Күй көтерер көңілдің көкжиегін»

күйшілер сайысы

16 наурыз

«Арай» мәдениет үйінде.Қалыбай к/ү

12.

«Хош келдің Әз, Наурыз»

мәдени көпшілік шара

22 наурыз

Барлық селолық клуб үйлерінде

13.

27 наурыз Халық театры күніне «Ғажайыптың қазынасы»

қойылым

27 наурыз

«Арай» мәдениет үйінде

14.

1 сәуір Халықаралық күлкі күніне «Ду-думан»

байқау

1 сәуір

«Арай» мәдениет үйінде



15.

«Имандылық тәрбие бастауы»

кездесу кеші

13 сәуір

Ақши селолық клуб үйінде

16.

«Балдәурен-2013»

балалар шығармашылығы байқауы

20 сәуір

Барлық селолық клуб үйлерінде

17.

«Көңілді тапқыштар»

сайыс

27 сәуір

«Арай» мәдениет үйінде

18.

1 мамыр Халықаралық ынтымақ күніне «Бір аспанның астында бірлігі жарасқан» мерекелік шара

мәдени көпшілік шара

1 мамыр

Барлық селолық клуб үйлерінде

19.

Сарбаздар күніне «Қазақтан мендей ұл туса, осындай түзу жол қуса»

сайыс

7 мамыр

«Арай» мәдениет үйінде


20.

9 мамыр Жеңіс күніне «Батырлар ұмытылмайды»

мәдени көпшілік шара

9 мамыр

Барлық селолық клуб үйлерінде

21.

«Әкем, шешем және мен»

сайыс

18 мамыр

«Арай» мәдениет үйінде.

«Мәні» мәдениет үйінде



22.

1 маусым Халықаралық балалар күніне мерекелік шара.

мәдени көпшілік шара

1 маусым

Барлық селолық клуб үйлерінде

23.

Есмурзиндер жанұялық ансамблінің концерті

концерт

8 маусым

«Арай» мәдениет үйінде

24.

«Жүйелі жұмыс- нәтижелі жетістік»

аудандық семинар-кеңес

14 маусым

«Арай» мәдениет үйінде

25.

«Өнер алды қызыл тіл»

Сайыс

22 маусым

«Арай» мәдениет үйінде.

Аманкөл к/ү


Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

2012 жылдың ішінде жүргізген жұмыстарының мәліметі


  1. Негізгі көрсеткіштері

2012 жылы 1670 мәдение-көпшілік шара өтіп, 220000 адам қамтылды. Тақырыптық кештер 554, көркемөнерпаздар концерті ,спектакль саны 600, байқау 56, жастар кеші 460 . Ақылы қызмет 2604,7 теңгеге орындалады. Үйірме саны 135, 1397 мүшесі.

Кітапхана бойынша : кітап қоры 139656 оның 81767 қазақша оқырман саны 8289, берілген басылым саны 143949, келушілер саны 72021,жаңадан түскен әдебиеттер саны 4489.



  1. Мәдени-көпшілік шаралар.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Өңірлік Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жасаған жоспары негізінде жұмыстар жүргізді.

«Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» облыстық тіл фестивалі аясында ауданда Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен оны дамыту , өскелең ұрпаққа эстетикалық , рухани тәрбие беру және шығармашылық қабілетін дамыту,тілін, мәдениетін құрметтеу , Отанына және туған жеріне сүйіспеншілігін арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беруде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірнеше мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырды.

2012 жылға 468 (төрт жүз алпыс сегіз) мың теңге қаралды.

«Самал боп ескен сағым - жыр» атты Серғали Қоблашевтің шығармашылық кеші өтті. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан аудандық байқауы болды.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз антымызды орындадық» ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті .

«Оралхан Бөкей- тіл шебері» аудандық байқауы ұйымдастырылып өтті. Аудандық байқаудың жеңімпазы Қуанышбаева Гүлсезім облыстық тіл фестиваліне жолдама алып байқауға қатысты. «Мақсұтым– тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты аудандық АБАЙ оқулары байқауы өтті.

«Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» облыстық тіл фестивалі аясында «Тілдарын– 2012» аудандық олимпиадасы өтті. Аудандық байқаудың жеңімпазы Баймурзина Гүлбану Өтегенқызы облыстық тіл фестиваліне қатысып жүлделі 2 орынға ие болды.

« Тіл болашағы – балабақшада» аудандық байқауына «Балапан», «Балдырған» , «Аққайың» балабақшасының 15 бүлдіршіні қатысты. Байқаудың мақсаты: Балабақшалардағы мемлекеттік тілдің қолданысын арттыру, қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылығын ояту, тіл мәдениетін көтеру , көрем әдебиетті насихаттауды жандандыру , халық арасынан талапты , талантты жастарды іздеп табу.

«Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» атты аудандық байқауға әрбір селолық округтен құрылған командалар қатысады. Байқауға қатысушыларды клуб мекемесінің мәдени жұмысты ұйымдастырушылары басқарып ,5 шарттан тұратын талаптарды орындауға міндетті: өзі тұрған ауылының тарихы,мәдениеті,ұлы тұлғалары,мемлекет қайраткерлері жөнінде мәлімет; мемлекеттік тілде басқару жұмысы мен іс жүргізуде атқарылып жатқан жұмыстар туралы көрніс; орыс тіліндегі терминдердің қазақша баламаларын айту; қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірінің дайындалу ерекшеліктері туралы баяндау; «өнертаным» ел бірлігі мен халық достығы, қазақстандық патриотизмді насихаттайтын қара сөз, монолог,өлең,ән орындау.Бұл шараны өткізудің негізгі мақсаты : Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту,тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, жастар мен жасөспірімдерді ұлт тарихын зерттеп білуге ынталандыру, тарихи шежіремізді,мәдени құндылықтарымызды қадірлей білетін отаншылдық сезімге баулу.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен

«Өнер,өмір – егіз ғұмыр» термеші,әнші,актер- Бердалиев Ратбектің шығармашылық кеші 2012 жылдың 19 қазан күні «Арай» мәдениет үйінде өтті. Сахна төріне «Өнер,өмір – егіз ғұмыр» термеші,әнші,актер -Бердалиев Ратбектің шығармашылық кеші деп жазылған және суреті салынған баннер ілінді. Түрлі түсті шарлармен әсемделді.

Ратбектің – терме жанырында : Бұқар жырау,Ақтамберді, Базар, Шернияз, Майлықожа жыраудың термелерін нақышына келтіріп орындайды. Оның репертуарында Шалкиіз жыраудың, Шораяқтың Омарының,Ақтан Керейұлының, Мақтымқұлының , Шал ақын (Тілеулес Құлекеұлын) Нұрым Шыршығұлұлының терме, толғау,өсиет, арнаулары бар екендігімен таныстырды. 1 .Майлықожа -1835 жылы туған. Жоқшылық-мұқтаждықты көп көрген, бірақ талапты жас өлең өнерін ерте бастайды. Майлықожа-аштық жылдардағы қазақ шаруашылығының күйзелісін , би-болыстардың жемқорлығын ,махаббат бостандығын, жалпы адам мінездерін түзетуді, еңбекке елге деген шексіз сүйіспеншілікті, егіншілік кәсіпті жырлайды. Ақынның бұл шығармаларында терең ойшылдық пен өткір сықақшылдық та айқын көрініп отырады. Майлықожаның термесі- «Жақсы бір адам қартайса»

2.Шернияз Жарылғасыұлы-1807 жылы туып 1867 жылы қайтыс болған.Қазақ әдебиетіне Шернияздың әкелген бір жаңалығы ,ол ертеден келе жатқан импровизация өнерін кемелдендіре ,жетілдіре түсіп ,оны өзіне қарсыласушылардың мін-кемістіктерін, оған мінездерін көрсетуге ажуа шебер пайдалана білген мысқылшы. Шернияз Жарылғасұлының термесі- « Сөз сөйлеймін,бөлмелеп»

3.Базар Жырау- ақындықты он алты жасынан бастаған, бар өмірін, ықыласын өнерпаздық жолға бағыштайды. Халық қамқорын көксеп жырлаған. Шығармаларының мазмұны мен тақырыбы қазақ өмірінің шындығынан туған. Тілі шешен,түсінікті, замандастарымен салыстырғанда мұнда діншілдік аздау.

Базар Жыраудың термесі- «Сөйле десең сөйлейін» - Мақтымқұлының өсиеті

Бүгінгі кеште термеші - Ратбек Бердалиевтің өнерін насихаттай отырып, Аға буын өнері мен жас талапкерлер арсындағы шығармашылық байланысты нығайтуда , нақыл сөз, мақам саздарын халық алдына шығарып, бабалар мұрасын қайта жаңғырту мақсатында термешілер байқауына : Имантаева Нұргүл, Әбдірахманов Ғалым, Есмурзин Ербол. Марат Серік қатысты.

Қойылатын талаптар әр талапкер 1 термеден орындайды, негізінен термеден әртүрлі мектептердің дәстүрін сақтау, орындаушылық шеберлігі мен сахна мәдениетін сақтау, домбырамен сүйемелдеу шеберлігін танытып, дәстүрлі қағыстарды насихаттауына баса назар аударылады.

Байқау арасында М.Әуезов «Еңлік-Кебек» спектаклінен көрніс « Жапал» ролінде Ратбек Бердалиев өнерін көрсетті.

Актерлік өнерінде С.Шаймерденовтің «Дөкей келе жатыр» спектаклінде Дөкей ролін, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» спектаклінде Жапал ролін,Қ.Шаңғытбаевтың «Беу қыздар-ай» спектаклінде Әбдіқадір, С.Жүнісовтің «Ажар мен ажал» спектаклінде Бөпіш, Т.Ахтановтың «Күтпеген кездесу» спектаклінде Естемесов ролін, Қ.Ысқақовтың «Арыстанбайдың Мұқышы, Дайрабай, Құрымбай және басқалары» спектаклінде Құрымбай ролін сомдағанын, сахнада интермедияда ойнауда түрлі ролдерді нақышына келтіре, халыққа жағымды, жағымсыз көріністерді өз деңгейінде жеткізе орындайтын актер. Жарас Әбдірашев «Түспен тәуба», Мұхтар Шерім «Саңырауға сәлем берсең»

Итермедиясы орындалды .Кеш арасында : Мырзалин Айбат «Ауылым алтын бесігім» өлеңін Мағзұм Нұрталап оқыды,қазақ биі «Тойбастар» Қуаныш Фарида биледі. Ә.Темірханов «Ана,Әке » әнін Бердалиев Мирамбек, Пірманова Сұлушаш «Әкешім-анашым»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет