Ірі тұлғаның қалыптасқан таптаурын бейнесін аша түскен қаламгер



Дата18.12.2021
өлшемі15,92 Kb.
#102530
Байланысты:
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
alash kosemsozi 10 tom

Ірі тұлғаның қалыптасқан таптаурын бейнесін аша түскен қаламгер

немесе


Бауыржан Омарұлының «11-нші қаламұш» кітабына

РЕЦЕНЗИЯ

Айтылған сөз – бір күн,

Жазылған сөз – бір ғасыр өмір сүреді.

(халық нақылы)

Қараңғы жамылған түн. Жиырма бесінші қарашандан жиырма алтыншыға ауысайын деп жатқан шақ. Мен әлі жұмыстамын. Не үйге қайтарымды, не Бауыржан Омарұлының еңбегімен танысып, пікірімді жазарымды білмей абдырап тұрған кезім еді. Содан жауапкершілігім бе, әлде дәрісте автор жайлы айтылған сөздер ме, әйтеуір, кітаппен танысуды ұйғардым. Өкінбедім. Алғыс айттым.

Бауыржан Омарұлы – журналист, ғалым, публицист. Ақпарат әлемінде өзіндік ізін қалдырған сөз шебері екен. Оның «Ең әдемі ертегі», «11-ші қаламұш», «Төртінші билік» атты еңбектері жарияланыпты. 2020 жылдың індетінің салдары Бауыржан ағаның бір кітабымен танысуға мүмкіндік сыйлады - «11-нші қаламұш». Алғы сөзін Әзілхан Нұршайықов өрнектеп жазып, оқырманның қаламгер еңбегіне қызығушылығын арттыра түседі.

Кітабының шымылдығын «Қожакеев құбылысы» деп ашыпты. Бүгінгі жастар, біздер, Темірбек Қожакеевтің қаталдығы жайлы ұстаздарымыздан құлаққағыспыз. Сол себепті кітап беттерін ақтарып өте шығу жайлы ой келіп еді... Ұятты болдым. Кітап парақтарын онлайн парақтап жатқанымда көзім «Күлкі – күштілердің қаруы», «Мынауыңнан мен де қорқам!...», «Темкеңнің тепкісі», «Университетте – студентімсің, үйде – қонағымсың» сынды тақырыпшаларды шалып, «Автор не жазған?» деген сауал туындады. Бауыржан Омарұлы Темірбек Қожакеевтің образын толығымен ашқан автор. Сол ҚазҰУ кезіндегі білім беру жүйесін, ұстаз бен студенттің ара қатынасы, адамгершілік пен орынды қалжын, сатираны орынды қолдану, сөз қадірін түсіндірді. Сонымен қатар, тұлғаның даралығын, оның бейнесіне терең үңілуі тамсандырды. Қожакеев жайлы оқып отырып, күлкімді тыйылмады, құдды Темірбек Қожакеевтің өмірінен алынған арнайы түсірілген фильм көріп отырғандай сезімде болдым. Әсіресе студенттерге айтқан мына сөздері көзімнен жасты бір-ақ шығарды: «Қолыңды жуғанша, полыңды неге жумайсың?», «Қожакеев балконнан емес, желкеңнен қарап түр», «Пышақ алқымыңды орайын деп тұрғанда қимылдайсың-ау...». Ол ұстазын тасқа ұрса да жүзі майыспайтын темір емес, жүрегі нәзік қазақ азаматы екеніне сендірді. Жұмыссыздықтан жүдеп жүрген кезін көрген автордың іссапардағы бас редакторына үшбу хат жазғандағы айтқан сөзі эмоциялар дауылын соқтырып, біраз уақыт бойы ойларға ой таппай, айтарға сөз таптырмай қойды. Ол мына сөзі еді: «Мен қызметімнен айырылғаныммен, баспасөзге араласу құқымнан айырылғаным жоқ. Сол естеріңде болсын!».

Бауыржан Омарұлы ұлы ұстаздың жолын қуды деген ой келді. Оның еңбегі Темірбек Қожакеевтің «Сара сөздің сарбаздары», «Жыл құстары» монографиясындағыдай қазақ баспасөзiнiң таңдаулы өкiлдерi туралы мол мәлiметке қанықтырады. Автордың сөз саптауы, оқиға желісін баяндауы, тілінің «жеңілдігі» ерекшелендіреді. «11-нші қаламұш» деп еңбегін атағанда әдемі әрі бір де бір артық сыя тамбаған жазбаны әрбір қазақ қоғамы үшін еңбек еткен азаматтар өмірімен, өзімен танысуға таптырмас мүмкіндік болары сөзсіз.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет