Ұжым-тәрбиенің объектісі және субъектісі, ұжымның мәні.
Мұғалімнің диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында "оқушылармен
ынтымақтастықта бола алу қабілеті" критерийі - қазіргі мектеп мұғалімдерінің зерттеу іс-
әрекеттерінің ең жоғары деңгейі және ол өзара ықпалдастыққа ұмтылдыратын жаңа
тәсілдерді үнемі іздестіру, оларды қарым-қатынас жасауда қолданудың мүмкіндіктерін
байқай алу, басқа адамдардың көзқарастарын түсіне білуге тәрбиелеу аз уақыт аралығында
және мұғалім мен оқушының ақыл-ойын, ерік-жігерін пайдалана отырып эмоционалдық
күш салуымен оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін үйлестіруді негіздей отырып қолдана алу
(В.И.Зверева).
Педагогтардың балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында
әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады.
Қайта құру кезеңінде бұл қасиет ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс-
әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардың оған
жауапкершілік, белсенділік, ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын,
ұмтылуын қамтиды.