Орыс тілі Тақырыбы: Орыс тілі мұғалімнің жоспары бойынша
Жаратылыстану Тақырыбы:Бау-бақшаға саяхат
Мақсаттары:
Тәрбиешілік: Балалардың эстетикалық, талғамдық қабілетін дамыту
Дамытушылық: Гүлдейтін жеміс ағаштармен таныстыру
Оқыту: Ағаштардың өсуіне байланысты жағдайларды аңықтауды үйрету
ҚМҰҚ Тақырыбы: 2 саны мен сан белгісі
Мақсаттары:
Тәрбиешілік: Балаларды топта жұмыс істеуге, өз ойын еркін айтуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Қарапайым түсініктерді айтып дағдыландыру.
Оқыту: 1 және 2, 2 және 2 заттарды салыстырып тең, тең емес екенін анықтауға үйрету және оны сан белгісімен белгілеу.
2 сан белгісімен таныстыру.
Сурет салу Тақырыбы: Менің сүйікті бағым
Мақсаттары:
Тәрбиешілік:Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқыту: Түстерді ажырата білу, енбекқорлық туралы білімдерін толықтыру.
Аппликация Тақырыбы: Гүл жамылған дала
Мақсаттары:
Тәрбиешілік: Түстерді сезіне білуді, эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу
Дамытушылық: Балалардың көркемдік талғамын, белсенділігін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа дағдыландыру
Оқыту: Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын айтуын, оларды баптап, күту ережелерімен таныстыру. Әдемілікті сезіне білуге, көктемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету.