Еңбекке баулу:
Алаңды жинау.
Мақсаты: Сыпырғыштарды дұрыс пайдалануға баулу.
Қимылды ойын: «Ұшақтар»
Мақсаты:
Жол жүру ережелерін сақтауға үйрету;
Жүк көліктері туралы білімдерін бекіту;
Қажетті материалдар: қалақшалар, шелек, сыпырғыштар.
Өсімдіктер әлемін бақылау
Мақсаты:
Көктемгі гүлзар туралы түсініктерін кеңейту.
Өсімдіктерді күту, суару іскерліктерін тиянақтау.
Табиғатты сүюге, әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.
Бақылау барысы
Тәрбиеші сұрақтар қойып, әңгімелесу жүргізеді.
- Қандай үй гүлдерін білесіңдер?
- Қандай дала гүлдерін білесіңдер?
- Олардың қандай айырмашылығы бар?
- Сендерге қандай гүлдер ұнайды? Неге?
- Сендердің үйлеріңде гүл бар ма? Қандай?
- Оларды қалай күтесіңдер?
- Гүлдер жақсы өсу үшін не істеу керек?
Еңбеке баулу:
Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту)
Мақсаты: Бірлесе жұмыс істей білу іскерліктерін тиянақтау, гүлдердің өсуі туралы білімдерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |