Өсіп тұрған гүлдерді атауға, түстерін ажырата алуға үйрету;
Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
Бақылау барысы: Серуен барысында балаларды гүлдер өсіп тұрған атыздарға әкелу және мұқият қарауды тапсыру. Балаларды өсіп тұрған гүлдермен таныстыру, олар туралы айту. Олардың түстері туралы, ұзын немесе қысқа екендігі туралы мәлімет беру. Күн сәулесін және суды жақсы көретінін және үнемі қажет ететіндігі туралы әңгімелеу.
Еңбекке баулу Гүлдерді қазып алып, ыдысқа отырғызу, топтағы табиғат бұрышына қою.
Мақсаты: Өсімдіктерді күту жұмысына араласуға ниеттерін арттыру.