Бақылау барысы Тәрбиеші сұрақтар қойып, әңгімелесу жүргізеді.
- Қандай үй гүлдерін білесіңдер?
- Қандай дала гүлдерін білесіңдер?
- Олардың қандай айырмашылығы бар?
- Сендерге қандай гүлдер ұнайды? Неге?
- Сендердің үйлеріңде гүл бар ма? Қандай?
- Оларды қалай күтесіңдер?
- Гүлдер жақсы өсу үшін не істеу керек?
Еңбеке баулу: Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту)
Мақсаты: Бірлесе жұмыс істей білу іскерліктерін тиянақтау, гүлдердің өсуі туралы білімдерін қалыптастыру.