Қимылды ойын: «Қасқыр қақпан»
Мақсаты: Ойын ережесін түсініп, шартын сақтап ойнауға, ептілікке, алғырлыққа баулу.
Жеке жұмыс: Математикалық жаттығулар
Мақсаты: Тақ және жұп сандарды санай білу дағдыларын жетілдіру.
Күзгі саябақты бақылау
Мақсаты:
Саябақ туралы білімдерін кеңейту;
Туған өлкенің әдемілігіне сүйсіне білуге үйрету;
Бақылау барысы:
Балаларды жақын жердегі саябаққа апару. Саябақта нелер орналасқанын, қандай түстермен әдеміленгенін сұрау. Саябақта не үшін көп ағаштар бар екенін түсіндіру. Саябақтың таза, әдемі көрінісіне сүйсіне қарауға және қоршаған ортаны таза , ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Еңбекке баулу
Саябақтың балалар ойнайтын алаңын тазалау.
Мақсаты: Саябақта тазалық пен ұқыптылықты сақтауға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |