Тақырыбы: «Жабайы аңдар»
Білімділік: Видеоролик арқылы Қазақстанның жабайы аңдарымен таныстыру (ақ аю, қоян, түлкі, қасқыр)
Дамытушылық: аюдың не себепті жабайы аңдардың қатарына жататындығы туралы түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік:аңдарға, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Ойын жаттығу: «Мекенін тап»
Құрастыру Тақырыбы: «Көпір»
Білімділік: құрылыс материалдарының бірнеше бөліктерін құрастырып, жасауға үйрету.
Дамытушылық:құрылыс материалдарын кеңістікте дұрыс орналастыра отырып жиһаздарды құрастыра білуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік: ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Ойын жаттығуы: «Көпір жасайық»
Музыка Тақырыбы: «Қыста абай бол!
Мақсаты: Білімділік:Балаларға қыстағы қауіпсіздік туралы мағлұмат беру
Дамытушылық: Ой өрістерін дамыту
Тәрбиелік: Әнді табиғи дауыспен айтуды қалыптастыру
Ән тыңдау: «Айнала аппақ қар»
Ән айту: «Қыс келді»
Әуенді ырғақты қимыл: «Ұлпа қарлар» биі
Сурет салу Тақырыбы: «Маймақ маң-маң басады»
Білімділік: аюдың ізін қарындашпен үлкен және кіші дақ түсіру арқылы салуға үйрету.
Дамытушылық: саусақтардың бұлшық еттерін дамыту.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа тәрбиелеу.