Қыркүйек Серуен №1 Жыл мезгілдерінің өзгеруін бақылау Мақсаты



бет3/25
Дата24.04.2023
өлшемі63,61 Kb.
#175306
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Серуен - күз

Бақылау барысы:
Көркем сөз
Сырғалы қайың, ақ қайың.
Сырыңды сенің жаттайын.
Өсе берші жайқалып,
Мен ерінбей баптайын.
Балаларға сұрақтар:

  • Күзде ағаштар қандай өзгерістерге ұшырайды?

  • Олардың жапырақтары неге сарғаяды?

  • Ең алғаш қай ағаштың жапырағы сарғаяды?

  • Ағаштардың өндірісте қандай пайдасы бар?

Зерттеу жұмысы: қайың ағашының жапырағы мен басқа ағаштардың жапырақтарын салыстыру, айырмашылықтарын табу.
Еңбек:
Гүлзарлардағы солған гүлдер дәнін жинау
Мақсаты: үлкендерге көмектесу, келесі көктемге гүл дәндерін әзірлеу.
Қимылды ойын: «Допты ұста»
Мақсаты: қағып алуға және келесіге беруге үйрету.
Жаттығу ойындары:
Мақсаты: Қашықтан келген допты тез қағып алуға үйрету
Мақал-мәтелдер:

  1. Қалың ну халық саулығы.

Көк орман –Отан байлығы.

  1. Орман-ел дәулеті, жер сәулеті.

  2. Бір тал кессең, он тал ек.

  3. Ағаштың да ағайыны бар.

  4. Жалғыз ағаш орман болмас.

  5. Ағаштың ажалы балтадан.

Қыркүйек
Серуен №4
Өрмекшіні бақылау
Мақсаты: өрмекшінің өмірі мен сыртқы бейнесінің ерекшеліктері туралы білімдерін молайтуды жалғастыру;

  • айнала қоршаған ортаға қызығушылықтарын арттыру.



Бақылау барысы:


Көркем сөз
Сенде айтшы өрмекші,
Неше аяқ, неше қол?
Жауап берші өрмекші
Неше аяқ, неше қол?

Зымырайды аяқтай.
Табандарым өрмек тоқиды
Қолдармен өрнек салғандай,
Шіркейлерді ұстағанда,
Аяқтарым пышақтай.
Егер шыбын кездессе,
Қағып алам ұзатпай!
Тәрбиеші сұрақтары:

  • Өрмекшілердің қандай пайдасы бар? (шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаларды жейді)

  • Өрмекші жәндіктерді қалай аулайды? (оларға өрмек құрады.)

  • Өрмекші өрмектерін жиі құра ма? (желмен, жаңбырмен тез бүлінеді, сондықтан күнде құрады.)

  • Өрмекшілер жыртқыштар ма? (Иә, олар басқа жәндіктерді жейді)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет