Ис bestProfi



бет16/79
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#76380
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79

тасымалдау тәртібі

1-параграф. Жалпы шарттар
482. Жануарлар өнімі мен шикізатын жануарлардың жұқпалы аурулары әсер етпеген аумақтардан теміржол көлігімен тасымалдауға ветеринария саласындағы органның бақылауымен рұқсат етіледі.
483. Тасымалдаушы ветеринарлық, фитосанитарлық бақылауға жататын жүктерді тасымалдауға, мемлекеттік ветеринарлық қызмет органдарының бақылауындағы жүктерді Қазақстан Республикасының ветеринария және өсімдіктер карантині туралы заңнамасын сақтап, ветеринарлық, карантиндік бақылау саласындағы тиісті уәкілетті орган берген ілеспе құжаттары болған және олар «Жөнелтуші қоса беретін құжаттар» бағанында көрсете отырып, қоса берілген жағдайда ғана қабылдайды.
484. Ветеринария саласындағы бақылаушы органдар ветеринарлық ілеспе құжаттары жоқ жүкті байқаған немесе мұндай жүк жұқпалы аурумен ауыратын, сойылған малдың өнімі болып табылатындығын байқаған жағдайда, жүк ветеринария саласындағы органның талабы бойынша кідіртіледі. Мұндай жүкті әрі қарай тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселені ветеринария саласындағы орган шешеді.
485. Ветеринарлық-санитарлық қадағалауға жататын жүктің жүрген жолда тексеру үшін кідіртілуі туралы станция ветеринария саласындағы органы өкілінің қатысуымен, осы Қағидалардың 29-тарауында белгіленген тәртіппен жалпы нысандағы ГУ-23 актісін жасайды, онда кідірту себептері және оларды жою жөніндегі шаралар көрсетіледі. Актінің көшірмесі тасымалдау құжаттарына қоса беріледі, ол туралы тасымалдаушы оларда «Тасымалдаушының белгілері» бағанында белгі қояды.
486. Жануар тектес мал өнімдері мен шикізатын тасымалдағаннан кейінгі вагондар, сондай-ақ ет пен ет өнімдерін тасымалдауға арналған вагондар ветеринарлық-санитарлық өңдеуден өтеді.
Вагондарды ветеринарлық-санитарлық өңдеу жүк алушылардың есебінен жүргізіледі.
2-параграф. Карантин жарияланған аймақтардан шығатын өсімдік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет