Тарихи мәліметтер Қысқа қашықтыққа жүгіру сайыстардың ішіндегі ең көне түрі болып табылады. Ежелгі Грекиядағы 1 Олимпиядада (б.з.д. 776ж.)жүгіру бір стадияда өткен, яғни стадион жолының бойымен (=192м.)және бүл «дромос» деп аталады. Б.з.д. 724 жылдан бастап Олимпиада бағдарламасына стадионды екі рет айналу (= 389 м) яғни «диаулос» енгізілді. Сөрелік төреші (герольд) сөреге рупор арқылы белгі беріп түрды. Бүйрықтан ерте жүгіріп кеткен атлеттерді герольд дүре соғып жазалайтын болған.
Уақыт өте келе ойындардың бағдарламасы дами түсті. Қысқа қашықтыққа жүгірудің түрлері көбейді. Қазіргі кездегі алғашқы Олимпиадалар бағдарламасына бірте-бірте ер адамдар үшін 100 және 400 м (Афина, 1896ж), 200 м-ге (Париж, 1900ж) дейін, сондай-ақ 4х100м., 4х400м эстафеталық жүгіріс енгізіле бастады. (Стокгольм, 1912ж). IX Олимпиаданың жеңіл атлетикалық бағдарламасында әйелдер арасында 100 м қашықтыққа жүгіру 4x100 м эстафета, ал ХІҮ Олимпиададан бастап (Лондон, 1948ж) 200м-ге жүгіру енгені белгілі. (1962 ж.)
Халықаралық Олимпиадалық Комитеттің шешімімен ХҮІІІ Олимпиадалық ойындар (Токио, 1964ж) бағдарламасына әйелдер арасында 400 м-ге жүгіру сайысы, ал XXОлимпиададан (Мюнхен,1972ж)бастап 4x400 эстафеталық сайыс қосылды. Сол кездерден бүгінге дейін ер адамдар үшін де, әйел адамдар арасында да100, 200, 400 м қашықтыққа жүгіру, 4x100 м және 4x400 м қашықтыққа эстафеталық жүгіру сайыстары қалыптасты.
1896 ж Афинада өткен қазіргі Олимпиадалық ойындарда американдық жүгіргіш Т.Брек алғаш рет жүгіруді төменгі старттан бастады. Сол кез үшін тұрпайылау болған бүл құбылыс көрермен жұртшылыққа күлкілі болды. Бірақ, Томос Брек 100 м және 400 м қашықтыққа жүгіру бойынша жеңімпаз атанған кезде жүрт оған күлуді доғарды. Ол төменгі старт барлық елдің спортшылары үшін кең қолданыс тапты. Жоғары жылдамдыққа қол жеткізетін төменгі старт позициясы үшін старттық колодкалардың шығуы жүгірісті бұрынғыдан да оңтайлатты.