Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Кубатаева Құрманай Базарбайқызы
Күні: 12.12.2015 ж
|
Пәні: Әдебиеттік оқу
|
Класы: 4 «Ә»
|
Тақырыбы:
|
Міржақып Дулатов. Шешенің балаларын сүюі
|
Мақсаты
|
Оқушыны Міржақып Дулатовтың өмірімен таныстыра отырып, «Шешенің балаларын сүюі» атты өлеңін мәнерлеп оқуға, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, өлеңдегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
|
Күтілетін нәтиже
|
Өлеңді нақышына келтіріп, мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыланады.Ұсынылған проблема бойынша толыққанды түйіндеме жасай алады.
|
Түйінді идеялар (кілтті сөздер)
|
Ананың балаға деген қамқорлығы мен сүйіспеншілігін ұғындыру.
|
Сабақ кезеңдері:
|
Сабақ барысы
|
Бағалау
|
ресурстар
|
Кіріспе
|
І.Психологиялық дайындық
Сәттілік біздер тілейік,
Күндей күліп жүрейік.
Еліміз аман-сау болып,
Бақытты өмір сүрейік.
Ендеше балалар жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық. Сабақ барысында 4 топ болып жұмыс жасаймыз. Әр топ өзіне топбасшы сайлап алады. Топ басшысы бағалау парағы арқылы өз тобының мүшелерін бағалап отырады. Қане, топтың ережесін айтып кетейік.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Аяулы Жақаң. Асқар Дулатов
Кеспе қағаздар тарату.
«Аяулы Жақаң» мәтіні бойынша шығармашылық диктант алу.
М.Дулатовтың анасының аты.
Міржақыптың анасы баласы жығылып қалмасын деп қандай шөпті баласының беліне байлап қоятын еді?
Оның алғаш сауатын ашқан адам.
Міржақыптың жақсы көрген ағалары кімдер?
Оның тұңғыш өлеңдер жинағының аты.
«Аяулы Жақаң» мәтінінің авторы.
Шығармашылық диктанттың жауабын интербелсенді тақтадан көрсете отырып, оқушылардың шығармашылық диктанттарын бір-біріне тексертіп бағалату. Әр дұрыс жауап 1 ұпай болып саналады. 6 ұпай- «5», 4-5 ұпайға «4» және 2-3 ұпайға «3», 1 ұпайға «2» деген баға қойылады.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Қане, оқушылар, енді осы мәтінге сүйене отырып, берілген сызба бойынша Міржақып Дулатовқа сипаттама жазайық.
|
Үш шапалақ
Топбасшының бағалауы
Жұптық бағалау
|
Интербелсенді тақта
Интербелсенді тақта
|
Тұсаукесер
|
М: Балалар, сендерге жұмбақ жасырамын. Осы жұмбақты шеше отырып, бүгінгі сабақта танысатын М.Дулатовтың шығармасы кімге арналғанын таба аламыз.
Үш әріптен тұратын,
Есімі оның тұрақты.
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш аты.
Күнім, жаным дейтұғын,
Айтады кәні, кім атын? / Ана/
Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызда М.Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» деген өлеңімен танысамыз.
|
Үш шапалақ
|
Интербелсенді тақта
|
Негізгі бөлім
|
Мағынаны тану
Төрт топқа тапсырма беру.
1-топқа: Ана туралы ассоциация құру.
2-топқа: М.Дулатов туралы ассоциация құру.
3-топқа: Ана туралы ребусты шеше отырып, мақалдың бірінші жолын анықтап, жалғасын табады.
4-топқа: Ана туралы мақал-мәтелдерді сәйкестендіру.
Әр топ өзінің жұмысын қорғайды.
Оқушылардың айтқан мәліметтерін толықтыра отырып, М.Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін іштей оқып шығуды тапсырамын.
Балалардан не түсінгендіктерін сұраймын.
Өлеңді мәнерлеп жатқа айтып беру.
Төрт топқа бір шумақтан оқыту.
М: Оқушылар, бұл өлең қандай үлгіде жазылған деп ойлайсыңдар? Өлеңнің сұрақ-жауап үлгісінде жазылғанына мән беру. Осы өлең арқылы ақын бізге нені жеткізгісі келді?
Өлеңдегі тұрақты сөз тіркестерін тапқызу.
Өлеңді құрылысына қарай талдау. Әр топ өздері оқыған шумақтарын талдайды. Төрт шумақты салыстырып, қорытынды жасау.
Өлең төрт шумақтан, төрт тармақтан, үш бунақтан құрылған. 11буынды қара өлең. Қара өлең ұйқасы.
Сергіту сәті. Апатайым- анашым әні.
Ой толғаныс. «Кім зерек?»
Ұйқас сөздерді пайдалана отырып, өлең құрау.
... ... сыйлаймын,
... ... тыңдаймын.
... ... аламын,
... ... баламын.
Бірінші болып құрастырған үш оқушыға карточкаға жазылған ситуациялық сұрақтар беремін.
|
Бармақ арқылы бағалау
Үш шапалақ
|
М.Дулатов портреті
Интербелсенді тақта
А-3 қағазы, маркерлер
|
Қорытынды
|
М: Сонымен бүгінгі сабақтан нені ұғындық? Қандай қорытынды жасауға болады?
Ана туралы эссе жазу.
Ана туралы толғанбаған жан кемде - кем. Данышпан да, ғалым да, хан да, қара да ана алақанынан түлеп ұшады. «Жұмақ ананың табанының астында» деген сөз тегін айтпаған. Демек, дүниеде ана алдындағы парызды өтеу мүмкін емес. Сондықтан да анамызды құрмет тұтуды азаматтық міндетіміз деп ұғынайық.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
1.Өлеңді мәнерлеп жатқа айту.
2. Ана туралы өлең жазып, мақал-мәтел жаттау.
|
Топбасшының бағалауы
|
|
Рефлексия
|
Көңіл күй рефлексиясын белгілеу. Сабақтың ұнаған-ұнамаға
нын оқушылар әр түрлі смайликтер арқылы тақтадағы плакат-
қа жапсырады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |