Қысқа мерзімді жоспар Тақырыбы Ш. Айтматов «Найман-Ана»



Дата27.12.2016
өлшемі41,55 Kb.
#5370



Қысқа мерзімді жоспар



Тақырыбы

Ш.Айтматов « Найман-Ана»

(«Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді)



Сыныбы

8

Күні



Мақсаты

1. Жазушы өмірі, шығармашылығы жайлы білімдерін жинақтау; Әңгіме мазмұнын толық талдау жасай отырып, кейіпкерлерге де сипаттама беру. Шығармада көтерілген проблемаларды бүгінгі өмірмен байланыстыра білуге жетелеу;

2. Топ алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру, кейіпкерлер іс-әрекетін бағалау арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту;

3. Туған жер, Отан-Ана, Ана алдында мәңгілікке бас июге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже



Шығарма мазмұнын толық меңгереді;

Кейіпкерлер іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалауға ұмтылады;

Өз ойларын дәйекті түрде жеткізу дағдылары қалыптасады.


Түйінді идеялар




  • Ана жүрегі – перзенті үшін мәңгі соғады ;

  • Ақыл-ой – адам өле-өлгенше өзімен бірге болатын жалғыз қазына.

Ресурстар

Слайдтар,қима қағаздар, A3 форматты қағаздар, түрлі-түсті қалам, қарындаштар, стикерлер.


Сабақтың түрі

Топтық жұмыс


Сабақтағы оқу стратегиялары

«Миға шабуыл», «Рөлдегі оқушылар», « Формативті бағалау», кері байланыс.

Қызығушылықты

ояту

І Сергіту сәті. 2 мин. Оқушылар орындарынан тұрады. Мұғалім айтқан қимылдарды оқушылар бейнелейді.

1. Тегіс жолда келеміз деп елестетіңіздер.

2. Енді сазды,балшықты жерде келесіздер.

3. Өзенде жүзіп келесіздер.

4. Енді қолдарыңызға дүрбілеріңізді алып қараңыздар.(Осы сәтте экранға сабақтың тақырыбы шығады).

5. Не көрдіңіздер?

Сабақтың тақырыбын




Мағынаны тану

ІІ Жаңа сабақ:

Бейнетаспадан «Дүниеге келетін сәби»фильмінен үзінді көрсету. Балалар, осы бейнетаспа мен сабағымыздың арасында қандай байланыс бар? Оқушылардың ойын тыңдау. (3мин.)

Иә, дұрыс айтасыздар ана жүрегі махаббатқа толы.

2. «Рөлдегі оқушылар» стратегиясы



  1. Баяндаушы (мәтіннің мазмұнын баяндайды)

2. Сипаттаушы (кейіпкерлерге жалпы сипаттама береді)

3. Сөз тапқыш (мәтіннен түсініксіз сөзді табады)

4. Дәнекер (мәтінді өмірмен ұштастырады)

5. Бейнелеуші (оқиға желісімен сурет салады)


Баяндаушы (мәтіннің мазмұнын баяндайды)

Шығарма композициясы:



  • Экспозиция

  • Оқиғаның басталуы

  • Оқиғаның дамуы

  • Оқиғаның шиеленісуі

  • Оқиғаның шарықтау шегі

  • Оқиғаның шешімі

Сипаттаушы (кейіпкерлерге жалпы сипаттама береді)

Шығарма кейіпкерлері:

Найман-Ана;

Жоламан;

Жуан-жуандар.


Сөз тапқыш (мәтіннен түсініксіз сөзді табады)

Сөздікпен жұмыс



Ой- толғаныс

Қорытынды

Дәнекер (мәтінді өмірмен ұштастырады)

Мәңгүрттік проблемасы бүгінгі таңда бар ма?



Мұғалімнің қорытынды сөзі: Балалар, сабақтың басында бейнетаспадан өздеріңіз көргендей, жер бетіндегі бізді қорғаушы періштеміз – Ана екен. Ендеше сол ғазиз Анаға қол көтеру, өз анаңды өлімге қию – адамзат баласының азғындағаны емес пе?

Жазушы Ш.Айтматов «Дүниедегі жаза біткеннің сұмдығы адамды ақыл-есінен айыру да. Ақыл-ой – адам өле-өлгенше өзімен бірге болатын жалғыз қазына. »- деп бүкіл адамзатқа ортақ мәселені көтереді.



Бағалау

Формативті бағалау: топтық, өзара мадақтау, сенім білдіру.

«Екі жұлдыз, бір тілек»стратегиясы арқылы әр топтан бір оқушы өз тобымен ақылдаса отырып бағалайды. (5мин.)



Рефлексия

«Бүгінгі сабақта...» кері байланысты ұсыну. Орындықтарына стикер жабыстырылған оқушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтады. (3мин.)

Үй тапсырмасы

  • Ойтолғау:“Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала”

  • Ш.Айтматов шығармаларындағы аңыз әңгімелер.

(2мин.)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет