Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс -әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Сынып оқушыларымен амандасып,түгендеу.Сабақта жағымды орта қалыптастыру үшін күндеріне сәттілік тілеймін.Оқушыларға бір-біріне жақсы тілектерін айтқызу.
Топқа бөлу
Оқушыларға төңкерілген үлестірме қағаздар тарату, онда «тау», «өнеркәсіп орны», «жазықтық», «су бөгендері»аттары жазылып,оқушыларды төрт топқа бөлу.
Белсенді әдістер: «Еркін талқылау», «БББ», «Тақырыптық түйінді сөздер», «Минуттық шешім» әдістерін қолданамын.
Тақырыпты анықтау үшін «Еркін талдау» әдісі қолданылады. Адамның іс-әрекетінен туындап жатқан
табиғаттағы апаттардың суреттері көрсетіледі. (оқушылар өз ойларымен бөлісіп, тақырыпты ашып, сабақтың мақсатын анықтайды. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы мақсатын анықтауға жетелейді.)
- Суретте нелер бейнеленген?
- Бүгінгі сабағымыз немен байланысты болуы мүмкін?
Мадақтау. Оқушыларды берген жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын.
|
Оқулық,
География пәні
С.Әбілмәжінова,
К.Каймулдинова
Алматы:
«Мектеп» 2018ж, ІІІ бөлім,
П-13, 71-бет
Презентация
|
Сабақтың ортасы
|
«БББ»кестесін толтыру арқылы тақырыпқа сай не білетіндерін және не білгісі келетіндерін жазу.
Интербелсенді тақтадан «Антропогендік әрекеттердің табиғатқа әсері» бейнеролик көрсету.
Тыңдау,көру,талқылау арқылы сабақтың тақырыбын ашып,мақсатымен танысады.
Топтық жұмыс. Әр топ мұғалімнің берген тапсырмасы бойынша постерлерді өз тобында талдайды,топпен өздерінің жұмыстарын басқа топтарға түсіндіреді,қалған топтардың сұрақтары болса жауап береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |