Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
Дескриптор: Жалпы балл-3.
Сомалық мутацияларға анықтама береді.
|
Презентация
|
|
Білу және түсіну айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Обыр ауруының пайда болу жобасын түсіндіріп, сипаттайды.
2. Қатерлі ісік ауруы жасушаларының кәдімгі дене жасушаларынан айырмашылығы қандай?
3. Ретинобластоманың пайда болу сатыларын айтады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Тапсырманы орындайды.
|
ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Сөйлемді толықтырады:
1)Қатерлі ісік жасушаларында...қызметінің реттелу механизімінің бұзылуы салдарынан болады.
2) Қатерлі ісік ауруының пайда болу процесін ... деп атайды.
3)Тұқым қуалайтын қатерлі ісік ауруының тағы бірі-....
4)РНҚ-лы вирустарды...деп атайды.
5)Обыр жабысқан жасуша өте тез ...де, айналасындағы ...,...жайылып кетеді, қысқа мерзімде қантамырлары арқылы да тұқымын...-... таратып ұялайды, денені уландырып, оның арқауын ыдыратады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Сойлемді толықтырып, дәптерге көшіріп жазады.
|
ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|