Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Тұқымқуалаушылыққа сипаттама береді.
|
|
|
Білу және түсіну айдарындағы тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының дамуына үлес қосқан ғалымдарды атайды.
2. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізгі принциптері туралы айтады.
3. Тіркес тұқымқуалау құбылысын түсіндіреді.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Тапсырманы сипаттап, салыстырады.
|
ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Ата-анасы сау отбасында екі қыз және екі ұл бала бар. Барлық ұл баласы гемофилия ауруымен ауырып, көп өмір сүрмеген. Қыз балалары сау. Олардың балаларының ауру болып тууының ықтималдылығы қандай?
2. Әкесі және ұлы дальтонизим ауруымен ауырады, ал шешесі сау. Баланың және ата-анасының генотипін анықтайды. Бұл отбасында ауру әкесінен ұлына берілуі мүмкін бе?
3. Гетерозиготалы дальтонизим генін алып жүруші әйел қалыпты көретін ер адаммен тұрмыс құрса, онда осы отбасынан қандай ұрпақ күтуге болады? Белгі жыныс хромосомасымен тіркесіп беріледі.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Берілген есептерді шығарады.
|
ДК экраны
10-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|