Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
2 6 мин.
|
№1-Тапсырма
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
1. Биомеханика – бұл .. .
2. Биомеханиканы қолдану тәжірибесін алғаш ұсынған ұлы адамдар кімдер?
3. Ауа бұлшықетінің жұмыс жасау қағидасы қалай құрылған?
4. Ауа бұлшықеттерін іс-жүзінде қайда және қалай қолдануға болады?
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
-тапсырманы орындайды, сұрақтарға жауап береді.
|
10-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
|
№2-тапсырма:
Оқулықта берілген түсіну айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Нитинолды көбелектің жұмыс істеу принциптерін сипаттайды. Бұл көбелекті қайда қолдануға болатынын ойластырады.
Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
-тапсырманы сипаттайды.
|
10-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
|
|
№3-тапсырма:
Оқулықта берілген қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Тақырыпқа сәйкес хабарлама дайындайды.
|
|