Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин.
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
«Парасатты диалог» әдісі
Сыныпта жағымды ахуал туғызу.
|
Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңберде тұрып бір-біріне жақсы тілек айтады.
Топтастыру
«Мозайка» әдісі
Қима қағаздарды құрастыру бойынша
2 топқа бірігеді.
/Қимақағазда «Тестілеу, программалау» сөздері жазылған/
1-топ: Тестілеу
2-топ: Программалау
|
Қағаз қиындылары
|
5 мин.
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі
Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.
| -
Python-да есептердің прогрмма кодына жазуды қалай орындауға болады?
-
Берілген есептерді программалау қандай қадамдардан тұрады? Есіңе түсір.
-
Есепті шешу жолының алгоритмін табуда қандай білімдерді ұштастыра білу керек?
-
Программа құру процесінде қиындық туғызатын қандай тұстарын атай аласың?
|
Бағалау Мұғалім оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы бағалайды. Өте жақсы – бес жұлдыз. Жақсы – төртбұрыш. Талпын – үшбұрыш.
|
Интерактивті тақта.
|
Сабақтың ортасы
26 мин.
|
Практикалық жұмыс
Тармақталу алгоритмдеріне үлгілік тесттер құрастыру және программалау.
|
(Т) 5-есеп
Қандай да бір есептердің алгоритмді өрнектеудің графикалық әдісі арқылы шешілген блок-схемалары берілген (1 және 2-суреттер). Осы блок-схемалардың жұмысын 5 түрлі үлгі тест дайындап, тексер. Блок-схемалардың Рython программалау тіліндегі программасын құр. Мысалы, 1-блок-схема 5а арналған бір тест үлгісі: Х=10; Y=7 болса, онда экранда Х=3; Y=7 мәндері пайда болады.
|
Дескриптор:
- Берілген блок-схемалардың жұмысын 5 түрлі үлгі тест дайындап, тексереді.
- Блок-схемалардың Рython программалау тіліндегі программасын құрады.
Бағалау: Топтар бір-бірін геометриялық фигуралар арқылы бағалайды. Өте жақсы – бес жұлдыз. Жақсы – төртбұрыш. Талпын – үшбұрыш.
|
|
|
(Ж) 6-есеп.
A, B, C сандары берілген. Осы сандардың нешеуі бүтін сан екенін анықта.
Программа жұмысын тексеру үшін 3 үлгі тест дайында.
Есептің программа кодын жаз.
|