Сабақтың ортасы
|
ІІ. :
№1 есеп:Үш қораптың әрқайсының салмағын табу керек, егер бірінші қораптың салмағы екінші қораптан 0,5 кг жеңіл, ал үшінші қораптың салмағы біріншіге қарағанда 0,4 кг жеңіл және олардың жалпы салмағы 4,3 кг.
Шешуі:
Екінші қораптың салмағын x –пен белгілесек, онда:
I қорап - x - 0,5
II қорап - x
III қорап – (x - 0,5) – 0,4
Төмендегідей теңдеу аламыз
x - 0,5 + x + (x - 0,5) – 0,4 = 4,3
Жақшаныашып, ұқсасқосылғыштардыбіріктіреміз
3x - 0,9 = 4,3
3x = 5,7
Жаңа материалды игеруМәселе туындайды, 5,7-ні (ондық бөлшек) 3-ке (натурал сан) қалай бөлеміз.
Сыныппен осы мәселені шешу үшін талқыға саламыз, бөлудің қандай әдістерін біледі және олардың қайсысын қолдануға болады.
Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді, натурал сандарды бөлу сияқты бұрыштап бөлеміз.
Ондық бөлшекті натурал санға бөлудін, натурал санды натурал санға бөлуден қандай айырмашылығы бар екендігін анықтап, бүкіл сыныппен ережені алуға тырысамыз және презентациядағы 5 слайдты көрсетіп ондағы ережемен салыстырамыз.
2-мысал.2,45 : 7 = 0,35
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін:
1) Бөлшекті үтіріне қарамай сол санға бөлеміз;
2) Бөліндіге үтірді бөлінгіштін бүтін бөлігі біткен кезде қоямыз.
Егер бүтін бөлігі бөлгіштен кіші болса, онда бөлінді нөл бүтінмен басталады.
x-тің мәнін табу үшін жоғарыдағы ережені қолданамыз
яғни, x = 1,9 кг
Әр қораптың салмағын табамыз
I қорап – 1,9 - 0,5 = 1,4 кг
II қорап – 1,9 кг
III қорап – (1,9 - 0,5) – 0,4 = 1 кг
Жауабы:
I қорап – 1,4 кг; II қорап – 1,9 кг; III қорап – 1 кг
Жаңа тақырыпты ашу:
№905 ауызша
Жаңа материалды бекіту:
Жұппен жұмыс
906,907
Қалыптастырушы бағалау:
1. Ондық бөлшекті натурал санға бөлу кезінде бөліндіге үтірді қай кезде қоямыз?
2. Қай кезде бөлінді нөл бүтінмен басталады?
3. Бөлуді орындау үшін көп нүктенің орнына қандай санды қойамыз:
2,8:0,4= … :4=
4. 1,056: 0,16 мысалындағы бөлуді орындау үшін үтірді қай жаққа және неше орынға жылжыту керек?
5. Бөлуді орында: 0,3696: 0,084=
Дағдылар
|
Жетістік критерийлері
|
Білу
|
Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу әдісін біледі
|
Қолдану
|
Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындай алады
|
Жеке жұмыс:
908
|
|