104
А ГР А Р Л Ы Қ РЕВО ЛЮ ЦИЯ
Түрме қабырғалары
Қиялдағы тәртіпке - христиандыққа, демократияға немесө капита-
лизмге сенуге адамдарды қалай мәжбүр етуге болады? Ең алдымөн,
тәртіп - қиялдағы нәрсе екенін ешқашан да мойындамау керек. Қоғамды
ұстап тұрған тәртіптің өзі - құдайлар немесе табиғаттың булжымас заңы
белгілеген объективті шындығы деп табандап тұрып алыңыз. «Адамдар
тең жаратылмаған» дегенді Хаммурапи өмес, Энлиль және Мардук құ-
дайлар жария етті. Адамдар тең жаралған - бірақ мұны да айтқан Томас
Джефферсон емес - Құдай еді. Еркін нарық - уздік экономикалық жүйе,
бұл да Адам Смиттің пікірі емес, табиғаттың бұлжымас заңы.
Адамдарды уақыт талабына сай оқыту керек. Кішкентай кезінен
балаларға күн сайын жене жаппай кезігетін қиялдағы тәртіп негіздерін
үйретеді. Бұл қағидалар адамдарға ертегілер мен пьесалар, суреткер
мен әндер, этикет пен насихат, архитектура, рецептер мен сән үлгіле-
рі арқылы сіңіріледі. Мәселен, қазір адамдар теңдікке сенеді, себебі
байлардың балалары жұмысшылардың киімі болған джинсиді киеді.
Орта ғасырларда адамдар таптық жіктелуге сенді, себебі жас ақсүйек
ешқашан да кедейдің бешпентін кимес еді. Сол бір кезеңде «мырза»
жене «ханым» деп тек ақсүйек өкілдерін ғана атады, бұл көбіне қан тө-
гумен өтелетін ерекше мәртебе еді. Қазір бейтаныс адамға жазған кез
келген кішіпейіл хаттар «Қүрметті... мырза (...ханым)» деп басталады.
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар қиялдағы тәртіптің адам
өмірі гобеленіне қалай қоса өрілетінін түсіндіруге баса назар аударады.
Осы кітаптың шектеулі келемінде айсбергтің үшарбасын ғана көрсетіп
көтеміз. Бүкіл тірлігі бағынған тәртіптің өз қиялдарында ғана қалқып жү-
Достарыңызбен бөлісу: |