&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


мүмкіндіктері әлі болмаған екен. Тіпті Германияда «Зорлау туралы»



Pdf көрінісі
бет157/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

мүмкіндіктері әлі болмаған екен. Тіпті Германияда «Зорлау туралы»
заңға 1997 жылы ғана түзету енгізіліп, некөдегі жыныстық зорлық
туралы бап пайда болды5.
Еркектер мен әйелдердің теңсіздігі де Үндістандағы касталар жү-
йесі немесе АҚШ-тағы нәсілдік бөліну секілді адами қиялдың жемісі
ме, әлде физиологияға негізделген табиғи айырым ба? Тіпті еркек пен
әйелдің ұқсамайтыны биологияға байланысты дегеннің өзінде де, ол
әйелдерден еркектің артықшылығын негіздеп бере ала ма?
Жыныстардың мәдени, заңдық және саяси теңсіздігі көбінесе олар-
дың көзге ұрып тұрған биологиялық айырмашылықтарының көрінісі
болып шығады. Бала туу жаратылыстан әйелдердің артықшылығы са-
налады, өйткені еркектерде жатыр жоқ қой. Бірақ осынау объективті ақи-
қаттың әмбебап түйінін әр қоғам биологиядан мүлде алшақ жатқан идея-
лар мен мәдени нормалардың қат-қабат желегімен тұмшалап қойды.
Мысалы, б.з.д. V ғасырдағы Афина демократиясы жатыры бар
жандардың индивид ретіндегі заңды статусын мойындамады: әйел
халықтық жиналысқа немесе сот мәжілісіне қатыстырылмады. Әдетте
мұндай индивидтің лайық білім алуға, жеке сауда-саттық жасап, фило-
софиялық пікірталастарға қатысуға құқығы болған жоқ. Саяси қайрат-
керлөр, философтар, шешендер, суретшілер мөн саудагерлер арасын-
да бірде-бір жатырлы ұшырасқан емес. Шынымен адамда жатырдың
болуы адамды көпе-көрінеу осы аталған мамандықтарға жарамсыз
еткені ме? Сірә, баяғы замандағы афиналықтар солай ойлаған шығар?
Қазіргі Афина тұрғындары арғы ата-бабаларымен келіспейді. Енді Гре-
кияда әйелдер дауыс береді, мемлекеттік қызметтерге сайланып, сөз
сөйлейді, зергерлік бұйымдардан бастап ғимараттардың жобасы мен
бағдарламалық қамтуға дейінгі түрлі заттарды жасап, әрине, универси-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет