&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет222/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

191


ҮШ ІНШ І БӨЛІМ
Бізге мәлім алғашқы монотеистік дін Мысырда б.з.д. 350 жылы 
Эхнатон перғауын тығыз орналасқан Мысыр пантеонының кішкентай 
құдірет иелерінің бірін - Атонды - әлемді басқаратын ең жоғарғы Құ- 
дай ретінде жариялаған кезде пайда болды. Эхнатон Атонның культін 
мемлекеттік дінге айналдырып, басқа құдайларға табынуды тоқтатты 
немесе мейлінше азайтты. Діни реформа тоқырап тынды. Перғауын 
өлгеннен кейін халық оның көктегі желеп-жебеушісін ұмытып, бұрынғы 
құдайларына қайтып оралды.
Политеизм мұндай монотеистік діндерді қайта-қайта туындатты, 
бірақ олардың бәрі маргиналдық деңгейде қалып қойды, себебі олар, 
ең алдымен, өздерінің әмбебап жолдауларын тәпсірлеуге қабілетсіз 
болды. Мәселен, иудаизм бүкіл ғаламның жоғарты күшінің өз мүдде- 
лері мен қалауы бар әрі оның басты мүддесі ат төбеліндей шошайған 
аз ғана еврей халқы мен ешкімге белгісіз жер пүшпағы Израильге ба- 
ғышталғанын баян етті. Басқа халықтарды бүл дін ештеңемен емек- 
сіте алмай, өз тарихының ұзын-ырғасында миссионерліктен бойын 
аулақ салып келді. Діннің осы сатылық кезеңін «жергілікті монотеизм» 
дел атауға болады.
Бүл жолдағы ұлық құбылыс христиандық қадам еді. Ол назареттік 
Исаны көптен күтіп жүрген Мәсіх деп санаған эзотериялық иудей сек- 
тасынан бастау алды. Алайда сектаның алғашқы жетекшілерінің бірі 
Тарстік Павел: ғаламның қүдіреті жоғары иесінің өз қалауы болса, әрі 
адамзатты құтқару үшін басқа кейіпке еніп, крестке керіліп өлуді қаласа, 
бұл хақында тек еврейлер емес, барша жүрт білуге тиіс, Иса туралы ізгі 
хабарды - Інжілді - барлық жерге тарату керек деп ойлады.
Павелдің дәлелдер дәні құнарлы топыраққа түсті. Христиандар 
миссионерлік іс-әрекетті кеңінен өрістетіп, барша халыққа жар салды. 
Тарихтың таңғаларлық тәлкегінің бірі осы: экзотериялық иудей сектасы 
аса қуатты Рим империясын өз нанымына қаратты.
Христиандықтың табысы VII ғасырда Араб түбегінде қалыптасқан 
басқа монотеистік дінге - исламға шабыт бітірген үлгі болды. Христиан- 
дық сияқты шет аймақ, шалғай түкпірдегі шағын сектадан бастау алып, көз 
ілеспес, таңғажайып шапшаңдықпен Арабия шегінен атып шығып, Атлант 
мүхитынан Үнді мұхитына дейін көсілген алып империяны батындырды. 
Сол кезден бастап монотеизм тарихтың қозғаушы күшіне айналды.
Политеисшілдерге қарағанда, монотеисшілдер әлдеқайда қияли 
әрі миссионерлікке бейімдеу болып шықты. Басқа діндердің өмір сүру 
қүқығын мойындау үшін екі нәрсенің біріне ғана жол беру керек еді: не 
сенің құдайың бүкіл ғаламға билік жүргізуді толықтай қолына алады, не 
сенің дінің аса күрделі әмбебап ақиқаттың бір қыры ғана болып қала бе- 
реді. Монотеисшілдер жалғыз құдай туралы толық білім иеленгендікте- 
ріне сенімді болғандықтан, басқа діндердің барлығына жеккөрінішпен 
қарады. Соңғы 2000 жылда монотеисшілдер бәсекелестерін аяусыз 
қыра отырып, бірнеше мәрте өз позицияларын нығайтуға тырысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет