&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Мұндайлар қара басына қажет нәрсенің бәрі: туған-туыстар мен дос-



Pdf көрінісі
бет425/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

Мұндайлар қара басына қажет нәрсенің бәрі: туған-туыстар мен дос-
жарандардың қолдап-қолпаштауы, миллиондаған ұтыстары мен дың-
333


ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
дай денсаулығы бола тұра, күйзеліске түсуге бейім келеді. Тіпті қабағы
қарс жабылып, жауар бұлттай тұнжыраған осы субъект таңертең 50
миллион ұтып алып, күндіз ЖИТС-тен емдейтін дәрі ойлап тапса да,
түстен кейін Израиль мен Палестина арасында мәңгілік бейбітшілік ор-
натып, кешкісін баяғыда жоғалтып алған бала-шағасымен табысса да,
бәрібір - оның бақыт деңгейі жетілік белгіден жоғары көтерілмейді. Бұл
адамның миы қандай сәттілікке жолықса да жай әншейін ақтарыла қуа-
нуға, шат-шадыман шаттыққа бөленуге бейімделмеген.
Туыстарыңыз бен таныстарыңызға зер сала қараңыз. Солардың
арасында кез келген жағдайда сергектігі мен рухын сақтай білетіндер
де, әлемнің бар жақсылығын аяғының астына әкеліп төсесе де, үнемі
бұрқылдап, наразы қалыпта жүретіндер де бар шығар. Жұмыс орнын
ауыстырсақ, үйленсек, романды жазып бітірсек, жаңа машина сатып
алсақ, ипотеканы төлеп құтылсақ, шіркін, жеңіске жететіндей көреміз.
Бірақ қалағанымызға қол жеткізген кезде шынайы бақытты сезіне ал-
маймыз. Бақыт деңгейінің көрсеткішін аз ғана уақытқа өзгертуге бола-
ды, бірақ ол міндетті түрде үйреншікті орнына қайтып оралады.
Осынау ой түйіндері некелескен адамдардың орташа есеппен
бойдақтардан бақыттырақекенін дәлелдеген әлгіндегі психологиялық
және әлеуметтік зерттеулермен қалай шендеседі? Біріншіден, зерт-
теулер себеп-салдарлы байланыстарды емес, өзара корреляцияны
тауып көрсетеді. Ол керісінше нәтиже болуы әбден мүмкін. Шынында
да, жалғызбастылар мен ажырасып кеткендерге қарағанда, үйленген-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет