жейлі баяндалады, бірақ адамдардың бақыты мен бейнетіне қалай эсер
еткені хақында бір ауыз сөз айтылмайды. Бұл біздің тарихи біліміміздегі
ойсыраған «ақтаңдақ». Оның орнын толтыратын кез келді ғой.
*Бір кереғар нәрсе: субъективті әл-ауқатты психологиялық түрғыдан зерттеушілер
адамның өз бақыт деңгейін дәл табатынына толықтай сенгенімен, психотерапияның бүкіл
теориясы мен практикасы адам өзін жете білмейді және өзін-өзі күйрету үрдісінен қүтылу
үшін кәсіби көмекті қажет етеді деген сенімге негізделген.
341
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
20-тарау
Homo sapiens тарихының соңы
Осы кітаптың бас жағында тарихқа «физика-химия-биология» тіз-
бегінің кезекті бір сатысы ретінде анықтама берген едік. Барша тіршілік
иелері сияқты, адамдар да сол баяғы физикалық күштерге, химиялық
реакцияларға, табиғи іріктеу үдерісіне бағынатындықтан, олар қаты-
сатын оқиғалар да, тарихи оқиғалар да, сайып келгенде, табиғи сұ-
рыптау заңдарына бағынады. Табиғи сұрыптау басқа организмдердің
бәрінен гөрі, Homo sapiens-ті едәуір мол еркіндікпен жарылқады, бірақ
бұның да өз шекарасы бар. Оның мәнісі мынада: өзінің бүкіл күш-жігері
мен жетістіктеріне қарамастан, sapiens-тер биология белгілеп берген
шеңберден шығып кете алмайды.
Әрқашан солай болған. Бірақ енді бәрі өзгерді. XXI ғасырдың
елең-алаңында Homo sapiens биологиялық шектеуден шыға бастады.
Ол табиғи сурыптау заңын мансұқтап, оның орнына саналы ой заңын
алып келді.
Тірі организмдердің барлығы төрт миллиард табиғи сұрыптау үде-
рісінде дамыды, ешқайсысы ойластырылған жоспар бойынша қолдан
жасалған емес. Мысалы, жираф жоғарғы сананың қалауы бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |