&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ғалауы жүздеген метрлік тұңғиық су астында қалды). Әйтсе де осы



Pdf көрінісі
бет70/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ғалауы жүздеген метрлік тұңғиық су астында қалды). Әйтсе де осы
теорияға дем беретін жанама дәлелдер жетерлік, әсіресе мынадай:
Австралияны қоныстанғаннан кейін бірнеше мыңжылдықтар бойы
sapiens-тер құрлықтан солтүстікке қарай оқшаулана орналасқан ша-
ғын аралдарды отарлап алды. Солардың бірі - мысалы, Бука мен Ма­
нус - қара жерден 200 шақырым қашықтықта, ашық мұхит айдынында
орналасқан. Күрделі құрылымды кемелерсіз, теңізде жүзу дағдыларын
меңгермей, адамдардың Манусқа жетуі әсте мүмкін емес. Әлгінде айт-
қанымыздай, аралдар арасында, мәселен, Ж аңа Ирландия мен Жаңа
Британия арасында теңіз сауда қатынасы дамығаны жөнінде дәлелде-
мелер сақталып қалған1.
Адамзат тарихындағы аса ірі оқиғалардың бірі - сонау Австралия-
ға жол салған алғашқы экспедиция мән-маңызы жөнінен Колумбтың
Американы ашқанынан және «Аполпон-11» ғарыш кемесінің Айға ұш-
қанынан кем емес. Адам баласы афроазиялық экологиялық жүйеден
тұңғыш рет бөлініп шықты, тұңғыш рет құрлықтың ірі жануары Азия-
дан Австралияға жетті. Одан да маңыздысы - кәрі құрлықтан ажырау
емес, пионерлердің жаңа құрлықта не жасағаны еді. Алғашқы аңшы
мен терімші Австралия жағалауына аяқ басқан сәттен бастап адам
баласы азық пирамидасының үшарбасына берік жайғасып алып, жер
бетіндегі ең қауіпті жануарға айналды.
Адамдар қоршаған ортаға бейімделуге аса қабілеттілігін бұрын-
дары да байқатқан, алайда сол ортаға елеулі ықпал етпеген еді.
Олар жаңа жерлерге қоныс аударуды үйреніп, тез бейімделді. С о­
лай бола тұра, экожүйенің ештеңесін өзгерткен жоқ. Австралияға
алғаш қоныс аударушылар, дәлірегі, жаулап алушылар бейімделу-
мен шектеліп қалмады. Олар жергілікті экожүйені танымастай өз-
гертіп жіберді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет