Айгерім Сертайқызы Жұмабекова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, Павлодар облысы Павлодар қ. «Мен өзімнің шәкірттерімнен үздік педагог қандай болуы керек деп сұрадым. Сонда шәкірттерім: «Үздік педагог тек бойында терең білімі бар маман ғана емес, сонымен қатар, өзінің бар қасиеттерімен және бар тұлғасымен үлгі бола алатын тұлға», - деді. Мен сол талапқа сәйкес болуға тырысамын. Бұл жолда маған ісіме және шәкірттеріме деген сүйіспеншілік дұрыс бағыт нұсқайды. Мен үшін педагогикалық үрдістегі ең маңыздысы оқушылармен қарым-қатынас, пәнге деген сүйіспеншілік арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Мен дарынды балалармен жұмыс істейтіндігіме шексіз қуаныштымын».