Қорғану рефлексі
Нәрестені ішіне жатқызып көрсеңіз ,ол бірден басын жоғары көтеріп ,автоматты түрде басын бұрады. Бұл рефлекстің биологиялық маңызы түсінікті ,бала дем алу үшін қорғану әрекеті .Алғашқы сағаттардан бастап дамиды бұл рефлекс..
|
№ 1 тапсырма. «Рефлекстер жіктелуі» тақырыпқа майнд-мэп дайындау.
№3 тапсырма. «Терминдер сөздігі» кестесін толтырыңыз (орыс және ағылшын тілінде). Анықтамасын жазыңыз.
Назар аударыңыз! Барлық терминдер аралық бақылауға енгізіледі!
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Анықтамасы
|
Рефлекс
|
Рефлекс
|
Reflex
|
Рефлекс(лат reflexus — кері қайтарылған, шағылысқан) — ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы.
|
Рефлекстік доға
|
Рефлекторная дуга
|
Reflex arc
|
Рефлексдоғасы, жүйкедоғасы — рефлекс процесінеқатысатынжүйкелікқұрылымдаржиынтығы.
|
Рефлекстіксақина
|
Рефлекторное кольцо
|
Reflex ring
|
Рефлекстік доғаның жүйкелік құрылымдар жиынытығы
|
Рефлекс уақыты
|
Рефлекторное время
|
Reflex time
|
Рефлекс уақыты-қозудың таралу уақыты
|
Сінір рефлекстері
|
Сухожильный рефлекс
|
Tendon reflex
|
Сінір рефлекстері-
Сіңір арқылы таралатын рефлекстер
|
ОЖЖ ФИЗИОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Тақырып: Организм қызметтерінің жүйкелік реттелуі: Жүйке орталықтары. Жүйке орталықтарының физиологиялық қасиеттері. Организм қазметтерінің вегетативтік реттелуі: ВЖЖ, вегетативтік рефлекстер.
ХАТТАМА ТОЛТЫРУ:
№1 тапсырма. «Жүйке орталықтарының қасиеттері» атты кестені толтырыңыз
Қасиеттер
|
Физиологиялық маңызы
|
Бір жақты өткізгіш
|
Химиялық синапстарды өткізгіштігімен байланыстырылады
|
Қозудың өткізуін аялдау
|
Синапстық аялдауның суммациясымен анықталады
|
Қажудың жоғарылығы
|
Тежелу процесінің пайда болуымен,сонымен қатар химиялық
|
Әсерден кейінгі құбылыс
|
Қысқа және ұзақ мерзімді әсерден кейінгі құбылыстар болып бөлінеді. Қысқа мерзімді нейронның ұзақ ізді деполяризациясымен түсіндіріледі. Ал ұзақ мерзімді болса нейрон тізбектеріндегі қозудың айналымымен байланысты болып табылады.
|
Қозу ырғағының трансформациясы
|
Жүйке орталығы арқылы қозудың өтуі кезіндегі әсер ету потенциалы жиілігінің өзгерісімен жүзеге асады. Бірнеше механизмдері болуы мүмкін. Жүйке орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгерте алады, трансформациялайды. Сол себептен де жүйке орталығының жұмыс мүшесіне жіберетін эфференттік импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. Афференттік жүйкеге түскен бір стимулға жауап ретінде жүйке орталығы жұмыс мүшесіне қозу импульстарының тобын жібереді. Жүйке орталықтарынан шеткі жұмыс мүшелеріне секундына 50-200 жүйке импульстары түседі.
|
Жүйке орталықтарының тонусы
|
Қызмет атқаратын мүшенің тонусына байланысты болады. Жүйке орталықтарының тонусын сақтап тұратын қызмет атқаратын мүшеден афферентация маңызды орын алады. Мүшелердің деафферентациясы қозғалыс орталықтарына сай тонустар мен қаңқа бұлшықеттерінің тонусының төмендеуіне әкеліп соқтырады (Бронжестің тәжірибесі). Орталық жүйке жүйесінде биоэлектрлік құбылыстарды зерттеуден мынадай ерекшілік анықталды: тыныштық күйде болғанның өзінде жүйке орталықтарынан, ондағы нейрондардан ылғи да белгілі жиіліктегі жүйке импульстері шығып шеткі мүшелерге қарай бағытталып отырады. Сондықтан да олардың тұрақты тонусы (қозу күйі) болады деп есептейді.
|
Жүйке орталықтарындағы суммация
|
Уақыт бойынша суммация және кеңістік суммация болып бөлінеді.Уақыт бойынша суммация бір синапс шегінде ғана жүруі мүмкін. Оның негізінде қоздыратын постсинапстық потенциал (ҚПСП) немесе тежейтін постсинапстық потенциалдардың (ТПСП) жиынтығы жатыр. Тек қозу немесе тек тежеу ғана суммацияланады.Кеңістік суммациясы бірнеше синапстардың қоздыратын постсинапстық және тежейтін постсинапстық потенциалдардың жиынтығынан құралады. Қозу, тежелу және қозу мен тежелу де бірге суммациялануы мүмкін.
|
Конвергенция
|
Орталық жүйке жүйесіндегі бір нейронда әр түрлі жолдармен жүретін импульстар тоғыса алады. Осыны конвергенция құбылысы деп атайды. Әр түрлі талшықтардағы импульстердің бір нейронда тоғысу кезінде олардың әлсіреуі де (окклюзия), кушеюі де (жеңілдену) мүмкін. Окклюзия кезінде, мысалы, екі афференттік талшық арқылы бір мезгілде жүйке орталығындағы бір немесе бірнеше нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды жеке-жеке тітіркендіргенде туатын эффектілердің қосындысынан аз болады. Жеңілдену – бұған кері құбылыс. Әр түрлі жүйке жолдары арқылы импульстер 2 не 3 нейронға бір мезгілде жеткенде пайда болатын эффектілердің қосындысынан артық болады.
|
№ 2 тапсырма. Вегетативті және сомалық рефлекстердің рефлекторлық доғаларының сызбаралын салыстырмалы түрде салыңыз. Рефлектік доғалардың компоненттерін ағылшын және орыс тілдерінде жазыңыздар.
Сомалық рефлексі рефлекстік доғасының сызбасы
Вегетативті рефлексінің рефлекстік доғасының сызбасы
№3 тапсырма. Салыстырмалы кесте түрінде вегетативті және сомалық рефлекстердің рефлекторлық доғасы буындарының қызметтерін жазыңыз.
Рефлекстік доғаның буындары
|
Сомалық рефлекстік доға
|
Вегетативтік рефлекстік доға
|
Рецептор
|
Температураны, механикалық және химиялық тітіркендіргіштерді қабылдайды (термо-, механо-, рецепторлары болады)
|
Вегетативті рефлекстік доғаның рецепторы емператураны,механикалық және химиялық тітіркендіргіштерді баро- термо-,механо-,рецепторларының көмегімен қабылдап афферентті талшықтарға береді.
|
Афферентті буын (звена)
|
Кей жағдайда соматикалық және вегетативті талшықтар үшін афферентті бөлім орталықтар бірдей болуы мүмкін. Рецептордан келіп түскен ақпарат сезгіш афферентті талшықтырға жеткізіледі, ар қарай доға бойымен орталыққа жеткізіледі.
|
Мысалы симпатикалық жүйке жүйесінде афферентті талшықтар мүшелерден басталады да,алған импульсті орталыққа жеткізеді. Парасимпатикалық жүйке жүйесінде кез келген жүйке жүйесі мен сенсорлық ядролары афферентті жолдың негізін құрайды.
|
Орталық буын (звена)
|
Афферентті буыннан келіп түскен импульс орталыққа жетеді (интернейрондардың көмегімен)
|
Келесі эффектірлі буынға әсер ететін дәл осы орталық буын болп табылады. Ол өз кезегінде эффектрлі буынға әсер етеді
|
Эффетірлі буын (звена)
|
Афференті буыннан келіп түскен импульс жұлынның бүйір мүйізінде орналасқан қозғалтқыш-эфферентті нейронға жетіп, эфферентті жол арқылы эффекторға әсер етеді.
|
Бұл бөлім жұлынның бүйір мүйіздерінде немесе сопақша мида орналасуы мүмкін. Осы жерден симпатикалық баған түрінде немесе мүшелердегі парасимпатикалық түйіндерге жетеді. Кейін олар эффекторға ауысады
|
Эффектор
|
Сегментарлы жүйе бойымен нервтендіреді (бұлшықет т.б)
|
Жүйке бойымен барлық ішкі ағзаларды нервтендіреді
|
№4 тапсырма. Практикалық жұмыстарды орындаңыздар: адамдардағы вегетативті рефлекстерді анықтау (Данини-Ашнер; Геринг рефлекстері), сызбасын сызыңыз, нәтижелерін, қорытындыларын жазыңыз.
Данини-Ашнер рефлексі доғасының сызбасы
|
нәтижесі, қорытындысы
|
|
Сол қолдың 2 саусағын көз алмасына орналастырады, оң қолмен пульсті тауып алады. 10 сек ішінде көз алмасына 2 саусақпен басады.Бір мезгілде 30 сек ішіндегі пульсті анықтайды, көз алмасын басуды тоқтатқаннан кейінде пульсті санайды. Толығырақ Данини – Ашнер рефлекстің механизмің түсіндіріп өтсем.Көз-жүрек рефлексiнің (пульстің бәсеңдеуi), көз алмасына саусақтарымен басқан кезде жүректің соғысы бәсеңдейді. және бұрмаланған (минутқа 15-20 соққыларына пульстің жиілеу) болуы мүмкін.
Қалыпты жағдайда бір минутында 8-10 соққыларына пульстiң бәсеңдеуi болу керек. Пульстiң бір минутында 10 соққыларға бәсеңдеуi вегетативтiк жүйке жүйесiнiң парасимпатикалық бөлiмiн қозғыштықтын жоғарылауын көрсетедi, ал пульстiң бір минутында 2-4 соққыларға бәсеңдеуi немесе пульстің жиілеуі – бұрмаланған реакция - вегетативтiк жүйке жүйесiнiң симпатикалық бөлiмiн қозғыштықтын жоғарылауын көрсетедi. Жүректің соғыуы неліктен бәсеңдейді-үшкіл нервтің афферентті талшықтарының перифериялық ұштары болып табылатын мүйіз қабығындағы сенсорлық рецепторлар механикалық тітіркендіреді.Қозу medulla oblangate-ға енеді.n.vagus-тың тонусы жоғарлайды.Жүрек соғысы бояулайды.Бірінші суретте осы жазғанымның суреті.
|
Геринг рефлексі доғасының сызбасы
|
нәтижесі, қорытындысы
|
|
Геринг рефлексі (тыныс алу аритмияның симптомы)
Алдымен қалыпты жағдайдағы 1 мин. жүрек соғу жылдамдығын анықтайды.Содан кейін зерттелуші бір қатар терең және үдетiл тыныс алу қозғалыстарды жасайды (жайсыздықтың сезiмiне дейiн). Тәжірибе кезінде пульсті санап және оны қалыпты көрсеткішімен салыстырады. Адамдарын көпшiлiгінде пульстiң саны азаяды. Вегетативтi бұзылыстарында бұл рефлекс кенет күшейеді.
|
№5 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешіңіз: қорытынды жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.
№1 есеп.
Клиникада тахикардия ұстамасын жеңілдету үшін β-адренергиялық рецепторларды тежейтін фармакологиялық препараттарды (мысалы, пропранолол) қолданады.
Сұрақтар:
Неліктен β-адренергиялық рецепторлардың тежелуі тахикардияны жеңілдетеді?
Жауап: Өйткені, β-адренергиялық рецепторлар жүректе орналасады,норадреналинге сезімтал болып постсинаптикалық мембранада орналасады.Пресинаптикалық мембранадан бөлінген медиаторлар бұл рецепторларды ынталандырып, жүректің жиырылу жылдамдығының жоғарлауына алып келеді. Егер β-адренергиялық рецепторлардың жұмысын тежейтін болса,жүректің жиырылу күшін бірқалыпты ұстап тұруға болады.
2 Бұл дәрілерді бронхоспазмға бейім адамдарға қолдануға бола ма?
Жауап: β-адренергиялық рецепторлардың бірнеше түрі болады.Солардан β1-адренергиялық рецепторлар бронхиолаларда орналасады, олардың стимуляциясы бронхилолардың кеңейіп , бронхоспазмды жоюға әкеледі.Ал жоғарыда келтірілге фармакологиялық препараттар β-адренергиялық рецепторлардың жұмысын тежейді,ол керісінше брохоспазмның күшеюіне алып келеді.
Бұл дәрілерді төмен қан қысымы бар науқас адамға қолдануға бола ма?
Жауап: Егер де β-адренергиялық рецепторлардың ынталандыруы артериялық қысымның жоғалуына алып келеді.Егерде бұл рецепторлардың жұмысын тежейтін болсақ бұл науқаста қан қысымы төмен бойынша қала береді.Ал көтерілу үшін керісінше β-адренергиялық рецепторлардың жұмысын ынталандыру керек.
2 есеп.
Бронхоспазмнан туындаған бронх демікпесі ұстамасын тоқтату үшін (бронхтар мен бронхиолалардың саңылауларының тарылуынан туындаған тұншығу), кейде адреналин қолданылады.
Сұрақтар:
Бұл жағдайда адреналиннің әсерін қандай физиологиялық механизмдер туындырады?
Жауап: адреналин бронхилалар қабырғасының тарылуына алып келеді .Ал бронх демікпесі кезінде бронхиола қабырғалары кеңейіп, олар қабынып, бронх өзегі кішірейеді.
2. Неліктен адреналин енгізер алдында науқастың қан қысымын анықтау қажет?
Жауап: Өйткені, Адреналин қан қысымының, жүректің жиырылу күші мен тазалығының, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауына әкеледі.Егерде науқастың қан қысымы жоғары болатын болса,адреналинді қолдануға болмайды.
3. Бұл жағдайда қандай ілеспе физиологиялық әсерлерді байқауға болады?
Жауап: Күш пен жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы байқалуы мүмкін.
3 есеп.
Өт жолдарының спазмынан туындаған бауыр коликасының ұстамасын жеңілдету үшін «Жедел жәрдем» тәжірибесінде мускариндік холинергиялық рецепторларды тежейтін заттар (М-антихолинергиктер, мысалы, платифиллин) қолданылады.
Сұрақтар:
1. Бұл жағдайда М-антихолинергиялық рецепторларды тежейтін терапиялық әсерді қандай физиологиялық механизм қамтамасыз етеді?
Жауап: Мускариндік холинергиялық рецепторларды тежейтін заттар М-холинергиялық рецепторлармен комплекс түзіп, олардың ацетилхолинмен әрекеттесуін болдырмайды.Ол ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшықеттердің босаңсуына алып келеді.Өйткені блокаторлар кезбе нерв талшықтарына импульстің келіп түсуін тежейді,ал кезбе нерв өз кезегінде ішкі мүшелер бұлшықетінің жиырылуын қамтамасыз етеді.
Бұл жағдайда қандай ілеспе физиологиялық әсерлерді байқауға болады?
Жауап: Асқазан мен он екі елі ішектің асқазан жарасы, гипер қышқыл жағдай (асқазан мен ішек бездерінің бөлінуін азайту үшін, тегіс бұлшықеттің жиырылуын тежеу, ауыру синдромын біршама төмендетуге көмектеседі). Атропинді, платифиллинді қолданамыз; метацин (жанама әсерлердің ықтималдығы аз, әсіресе қанға-ми тосқауылына енуіне байланысты, бұл атропинге қарағанда аз, көзге әсер етеді; пиренцепин (гастроцепин). М-холинергиялық рецепторларда бірнеше кіші типтер бар . Кейбір дәрі-дәрмектер осы кіші типтерге селективті әсер етеді, мысалы, пиренцепин асқазан ішілік ганглиясының М1-холинергиялық рецепторларын блоктайды және вагус нервінің ондағы секрецияға ынталандырушы әсерін жояды, тұз қышқылы мен пепсиногеннің бөлінуін тежейді, бұл асқазан сөлінің жалпы белсенділігінің төмендеуіне әкеледі. антисекреторлық әсер, препарат асқазанның шырышты түзілуін ынталандырады, оның антицериялық белсенділігін жоғарылатады.
4 есеп.
Жалпы анестезиямен іш қуысы мүшелеріне операция жасау кезінде хирургтар ішпердесін новокаинизациялауды жүзеге асыруы керек, осылайша жүйке талшықтары бойымен қозудың өткізілуіне тосқауыл қояды.
Сұрақтар:
Бұл қандай мақсатта жасалады?
Жауап: Мезентерияда орналасқан афферентті нервтердің қоршауы денені қажет емес висцеро-вегетативті рефлекстердің пайда болуынан қорғайды.
Іш қуысы мүшелерінің механикалық тітіркенуі кезінде қандай рефлекторлы вегетативті реакцияларды байқауға болады?
Жауап: Жүректің тоқтауы, қозғалғыштығының өзгеруі және асқазан-ішек жолдарының әртүрлі бөліктерінің бөлінуі байқалуы мүмкін
3 Осы вегетативтік рефлекстердің біріне арналған рефлекс доғасының сызбасын салыңыз.
Жауап: Схема: мезентериалды рецепторлар > кезбе нервтің афферентті талшықтары > кезбе нервтің ядросы > жүрек
5 есеп.
Вегетативтік жүйке жүйесінің пре- және постсинапстық ұштарында әртүрлі медиаторлар мен олигопептидтер бөлінеді.
Сұрақтар:
Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің постсинаптикалық ұштарында медиаторлардың бөлінуінің қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
Жауап: Симпатикалық жүйке жүйесінің медиаторы --ацетилхолин преганглийлік талшықтар мен норадреналин постганглийлік талшықтар. Симпатикалық жүйке жүйесі талшықтарының регенерациялық қабілеттері жоғары болып келеді. Қозуы нәтижесінде организм стресс жағдайынан шығады, жүрек жұмысының ырғағы жиілеп, артериялық қысым жоғарылайды.Парасимпаатикалық жүйке жүйесінде- ацетилхолин - бұл жүйке жүйесіндегі синапстардағы нейротрансмиттер. Бұл жүйе юолса дене демалу кезінде пайда болатын «демалу және қорыту» сияқты қызметке жауап береді.Вегативтік жүйке талшықтарының ұшынан медиаторлар-ацетилхолин не адреналин бөлінеді.Осы медиатрдың түріне байланысты вегатативтік жүйелер ацетилхолин бөлетін болса холинергиялық жүйкелер,ал адреналин бөлетін болса адренергиялық жүйкелер деп аталады.Холинергиялық жүйкелер тобына-парасимпатикалық және симпатикалық преганглийлік жүйкелер,парасимпатикалық постганглийлік жүйкелер,симпатикалық постганглийлік тер бездерінің жүйкелері жатады.Ал,адренергиялық жүйкелер қатарында симпатикалық постганглийлік тер бездері жүйкелерімен қатар барлық постганглийлік симпатикалық жүйкелер болады. Холинергиялық жүйкелер саны адренергиялық жүйкелер санынан басым болып келеді. Яғни біз бұдан холинергиялықта,адренергиялықта жүйкелер тобына симпатикалық постганглийлік тер бездерінің жүйкелері болатынан білдік.
2 Симпатикалық және парасимпатикалық денервациядан кейін қандай физиологиялық әсер байқалады?
Жауап: ДЕНЕРВАЦИЯ- жүйке талшықтары мен синапстардағы қозуды бұзатын өткізгіштердің тұтастығын механикалық бұзу, химиялық немесе физикалық әсер ету нәтижесінде қандай да бір органның немесе тіннің жүйке жүйесімен байланысын ажырату.Денервациядан өткен тері учаскесі барлық сезімталдықты жоғалтады; сонымен қатар, оның жоғалған функцияларды кейіннен қалпына келтіру және тіндерді жаңарту қабілеті де төмендеуі мүмкін.
6 есеп.
Клиникада тахикардия ұстамаларын тоқтату үшін кейде науқастың көз алмасын басылады.
Сұрақтар:
Неліктен бұл әдіс жүрек соғысының төмендеуіне әкеледі?
Жауап: Бұл жағдайда науқастың көз алмасын басқан сәтте,жүрек соғысы төмендейді.Себебі-Үшкіл нервтің афферентті талшықтарының перифериялық ұштары болып табылатын мүйіз қабығындағы сенсорлық рецепторлар механикалық тітіркендіреді.Қозу medulla oblangate-ға енеді. Блуждающий нерв n.vagus-тың тонусы жоғарлайды.Жүрек соғысы бояулайды.
Бұл рефлекс қалай аталады?
Жауап: Бұл Данини-Ашнер рефлексі.
Бұдан басқа тағы қандай экстракардиальды рефлекстерді білесіз?
Жауап: Ортостатикалық рефлекс Превель рефлексі
Адамды кушеткаға жатқызып, оның пульсін санайды.Секундомер қолданылады. Содан кейін түрегеп тұру сәтте адамның пульсін санайды. Қалыпты жағдайда пульстің 6-24 рет/мин. жиiленуi байқалады. Пульстің саны минутына 24-тен жоғарыласа – онда симпатикалық жүйке жүйесiнiң тонусының басымдылығын, ал 6-дан төмендесе - онда парасимпатикалық жүйке жүйесiнiң тонусының басымдылығын дәлелдейді.
7 есеп.
Операция алдында жалпы анестезия жасау үшін пациентке атропин енгізіледі. Ол
М-антихолинергиялық блокатор (тежегіш) болып табылады.
Сұрақтар:
Бұл қандай мақсатта жасалады?
Жауап: Атропин холинолитикалық дәрі.Біріңғай салалы бұлшықеттердің, жүрек бұлшықетінің, синоатриальді және атриовентрикулярлы түйіндердің, эндокринді бездердің және орталық жүйке жүйесінің м-холинорецепторларын бөгейді.Дозаға тәуелді антихолинергиялық әсерлер көрсетеді.
Препарат наркоз және операция жасар алдында және хирургиялық операция кезінде бронх және ларинг түйілулерін болдырмайтын, бездер сөлінісін, рефлекторлы реакцияларды және кезбе жүйке қозуынан болатын жағымсыз әсерлерді азайтатын дәрі ретінде де қолданылады.
Бұл жағдайда қандай ілеспе физиологиялық әсерлерді байқауға болады?
Жауап: Ілеспе немесе жанама әсерлерін айта кетсем.
Жанама әсерлері дозаға тәуелді.
Жалпылама деректерге қарай отыра он науқастың оннан бірінде аузының құрғауы, қызаруы, терінің құрғауы, жүректің соғу жылдамдығы және көру қабілетінің бұзылуы байқалады.
Әсіресе жоғары дозада атропин галлюцинацияны, сөйлеудің бұзылуын, спазмды, қан қысымының жоғарылауын, бұлшықеттің әлсіреуін, зәр шығарудың тоқтауын, тыныштық пен қозуды тудыруы мүмкін.
Бұл жағдайда қаңқа бұлшықеттерінің жиырылу қызметі өзгеруі мүмкін бе?
Жауап: Иә,мүмкін.
Басында айта кеткенімдей дозаға тәуелді антихолинергиялық әсерлер көрсетеді.
Яғни :Аз дозаларда –Бұлшықеттердің жиырылуы жоғарлайды,және жүректің жиырылу жиілігін жоғарылатады;
Жоғары дозаларда –біріңғай салалы бұлшықеттерінің жиырылу қабілетін төмендетеді, орталық жүйке жүйесін қоздырады.
Атропин кезбе нервінің тонусын азайтады, бұл артериялық қысым өзгергенде, жүректің жиырылу жиілігінің жоғарылауына және Гис шоғыры өткізгіштігінің артуына әкеп соқтырады.
8 есеп.
Жаңа туылған нәрестелерде жүрек соғу жылдамдығы минутына 14-150-ге жетеді, ал ересектерде минутына 60-80. Баланың жасы ұлғайған сайын жүректің соғу жылдамдығының жиілеуі атропинді қабылдағаннан кейін болатындығы белгілі. Атропин M-антихолинергиялық блокатор болып табылады.
Сұрақтар:
Чем обусловлено учащение ритма сердечных сокращений при введении атропина?
Жауап: Учащение ритма сердца происходит за счет торможения парасимпатического воздействия на синоатриальный узел. Иногда брадикардия (сокращается частота сердечных сокращений) может предшествовать увеличению ритма сердца, что обуславливается стимуляцией вагусных центров.
Балалардың жүрек соғу жылдамдығының жиі болуына, оның организм үлкейген сайын төмендеуіне жүрек қызметі реттеуілінің қандай ерекшеліктері әсер етеді?
Жауап: Ұрық пен жаңа туған балаларда жүрек қызметін реттеу негізінен симпатикалық жүйке жүйесімен жүзеге асырылады. Симпатикалық нервтердің тонусы пренатальды кезеңде ұрықтың кейбір гипоксиясының әсерінен сақталады, ал жаңа туған нәрестелерде - терінің, ішкі ағзалардың рецепторларынан, ең бастысы бұлшықет рецепторларынан (проприоцепторлардан) афференттік импульстардың әсерінен. Кезбе нерв, ересектерге қарағанда, жүректің жұмысына реттеуші әсер етпейді. Бұған трансекциядан кейін жүрек соғу жылдамдығы өзгеріссіз қалатын жануарлардың нервтік трансекциясының нәтижелері дәлел. Бұл олардың ядроларының тонусының болмауына байланысты. Кезбе нервтердің ядроларының тонусы жаңа туған нәрестелердің бірінші антигравитациялық реакциясы (басын ұстау қабілеті) 3-4 айында болған кезде пайда болады. Жүректің жиырылу жиілігінің айтарлықтай төмендеуі 1 жаста тұрған қалыптың орындалуына байланысты жүреді. Үш жасқа дейін кезбе нерв тонусы ересектер деңгейіне жақындайды.
9 есеп.
Вегетативті жүйке жүйесінің ганглийлері әр түрлі локализацияға ие, ал симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің пре- және постгганглионар талшықтарының қозу жылдамдығы әр түрлі болады.
Сұрақтар:
Ішкі мүшелердің симпатикалық және парасимпатикалық иннервациясының (нервтенуі) айырмашылықтары қандай?
Жауап:
Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесі вегетативтік жүйке жүйесінің екі негізгі бөлігі болып табылады. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің айырмашылығы - симпатикалық жүйке жүйесі дененің гомеостазын басқаруға арналған парасимпатикалық жүйке жүйесінің функциялары, ал парасимпатикалық жүйке жүйесінің функциялары.
Келесі инфографика симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің арасындағы айырмашылыққа қатысты көбірек фактілерді көрсетеді.
Қандай әсер - симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері әсері - ішкі мүшелердің қызметіне тезірек әсер етеді және неге?
Жауап: Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық жүйке және парасимпатикалық жүйке жүйесі болып табылатын екі негізгі жүйке жүйесінен тұрады. Бұл жүйе органдардың қызметін, сондай-ақ кейбір бұлшықеттерді басқарады. Симпатикалық жүйке жүйесі қауіп төнген кезде денені басқарады. Қарапайым сөзбен айтқанда, ол дененің «күресу немесе ұшу» жауаптарын бақылайды Екінші жағынан, парасимпатикалық жүйке жүйесі дененің «демалу және қорыту» функцияларын басқарады. Бұл симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің негізгі айырмашылығы.
10 есеп.
Тер бездері симпатикалық жүйке жүйесімен жүйкеленген басқа мүшелермен салыстырғанда симпатикалық иннервацияның ерекшеліктеріне ие.
Сұрақтар:
Тер бездерінің симпатикалық иннервациясы қандай ерекшеліктерге ие?
Жауап: Тер бездері тек симпатикалық жүйке талшықтарымен жүйкеленеді. Тер бездерінің постганглионды симпатикалық талшықтарының көпшілігінің аяқталу ерекшелігі олардың норадреналин емес, ацетилхолин түзетіндігінде. Сондықтан тер бездері жасушаларының ацетилхолинге жауап беру қабілетін бұзатын атропинді енгізу қоршаған ортаның жоғары температурасында тершеңдікті толығымен тоқтатады.
Атропинді енгізгеннен кейін тер бездерінің қандай әсерлері байқалады?
Жауап: ауыздың, терінің құрғауы, аккомодацияның бұзылуы, тахикардия, температураның жоғарылауы
БӨӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
№1 тапсырма. «Симпатикалық, парасимпатикалық, метасимпатикалық жүйке жүйелерінің морфо-функционалдық айырмашылықтары» кестесін толтырыңыз.
Құрылым және қызметі
|
Симпатикалық ж.ж.
|
Парасимпатикалық ж.ж.
|
Метасимпатикалық ж.ж.
|
Орталықтар
|
жұлынның кеуде-бел бөліміндегі сегменттердің бүйір ашасында орналасқан.
|
ортаңғы және сопақша мида,жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасқан.
|
оның орталық аппараты жоқ.Оның ОЖЖ-мен байланысы симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің нейрондарымен жүзеге асырылады.
|
Ганглийлер
|
Симпатикалық жүйке жүйесің түйіндері жотаны бойлай әрбір омыртқаның екі жағында тізбектелген және омыртқалар алдында алысырақ орналасқан үш мойын ганглийі,оның ішінде жұлдыз тәрізді түйін ,құрсақ қуысында-шапақ тәрізді түйін,шажырқайлық ганглийлер бар
|
Парасимпатикалық жүйке жүйесінің ганглийлері-ағзалар ішіндегі интрамуральдық түйіндер.
|
Метасимпатикалық ж.ж-ас қорыту жолдарының,қуықтың,жүректің және басқада кейбір мүшелердің қабырғаларынды жүйке топтары мен ұсақ ганглийлер түрінде кездеседі.
|
Преганглионарлар
|
Жүйке талшықтары преганглийлік (ганглийге дейінгі)талшықтар деп аталады.Олар серпіністерді орталықтан ганглийге дейін жеткізеді.
|
Серпіністерді орталықтан ганглийге дейін жеткізеді.
|
Ганглийге дейінгі талшықтар деп аталады.Олар серпіністерді орталықтан ганглийге дейін жеткізеді.
|
Постганглионарлар
|
Жүйке талшықтары серпіністі ганглийден шыққан соң белгілі бір ағзаға апарады,олар постганглийлік(ганглийден кейінгі) деп аталады.
|
Серпіністі ганглийден шыққан соң белгілі бір ағзаға апарады.
|
Ганглийден кейінгі.
|
ВЖЖ медиаторлары
|
Симпатикалық-норадреналин.
|
Парасимпатикалық-ацетилхолин.
|
Метасимпатикалық ж.ж-ацетилхолин,норадреналин.
|
ВЖЖ рецепторлары
|
ВЖЖ рецепторлары
адренорецепторлар-а және В.
а-тарылтады;
В-қан тамырларын кеңітеді
Жүректе,бронхтарда В-адренорецепторлар ғана бар.
|
ВЖЖ рецепторлары
холинорецепторлар-М және Н.
|
ВЖЖ рецепторлары
холинорецепторлар-М және Н.
адренорецепторлар-а және В.
а-тарылтады;
В-қан тамырларын кеңітеді
Жүректе,бронхтарда В-адренорецепторлар ғана бар.
|
Болінетін медиаторларға
байланысты жүйке ұштары
|
Бөлінетін медиаторларға байланысты жүйке ұштары-
Холинергиялық және адренергиялық жүйкелер болып екі топқа бөлінеді. Адренергиялық жүйкелер қатарында-симпатикалық постганлийлік тер бездері жүйкелерімен қатар барлық постганглийлік симпатикалық жүйкелер болады.
|
Бөлінетін медиаторларға байланысты жүйке ұштары-
Холинергиялық және адренергиялық жүйкелер болып екі топқа бөлінеді.
1)Холинергиялық жүйкелер тобына:ПЖЖ-нің және СЖЖ-нің барлық преганглийлік жүйкелер;ПЖЖ-нің постганглийлік жүйкелер;СЖЖ-нің постганглийлік тер бездерінің жүйкелер,қаңқа еттерінің,жүректің,бауыр мен көк бауырдың қан тамырларының жүйкелері.
|
Бөлінетін медиаторларға байланысты жүйке ұштары-
Холинергиялық және адренергиялық жүйкелер болып екі топқа бөлінеді.
1)Холинергиялық жүйкелер тобына:ПЖЖ-нің және СЖЖ-нің барлық преганглийлік жүйкелер;ПЖЖ-нің постганглийлік жүйкелер;СЖЖ-нің постганглийлік тер бездерінің жүйкелер,қаңқа еттерінің,жүректің,бауыр мен көк бауырдың қан тамырларының жүйкелері.
Адренергиялық жүйкелер қатарында-симпатикалық постганлийлік тер бездері жүйкелерімен қатар барлық постганглийлік симпатикалық жүйкелер болады.
|
№2 тапсырма. «Вегетативтік рефлекстер» кестесін толтырыңыздар, мысал келтіріңіздер.
Вегетативтік рефлекс
|
Мысал
|
Висцеро-висцералдық(ағза – ағзалық)
|
Қуықтың кілегейлі қабығын тітіркендірсе жүрек соғуы рефлекстік жолмен өзгеруі мүмкін
|
Висцеро-моторлық
|
Мысалы кенеттегі қорқыныш жүректің соғуын тездетеді, тыныс алу тез және терең болады
|
Висцеро-дермалық (ағза- тері )
|
Қарынның кілегейлі қабығында жара болсаадамның 12 шы кеуде омыртқасының артқы өскіні тұсындағы тері өте сезімтал болады да басқан кезде қатты ауырады.
|
Дермо-висцералдық (тері- ағза)
|
Жатырдың жиырылуын күшейтіп оның қан тамырларын тарылту үшін құрсақтың төменгі жағына мұз қояды.
|
№3 тапсырма. «Терминдер сөздігі» кестесін толтырыңыз (орыс және ағылшын тілінде). Анықтамасын жазыңыз.
Назар аударыңыз! Барлық терминдер аралық бақылауға енгізіледі!
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшын
тілінде
|
Анықтамасы
|
Жүйке орталығы
|
Нервный центр
|
Nerve center
|
Бірыңғай қызмет атқаратын,ОЖЖ-нің белгілі бір жерінде топтасқан нейрондар жиынтығын айтамыз
|
Иррадиация
|
Облучение
|
Irradiation
|
Иррадиация−ауырсыну сезімінің үшкіл нерв бойымен бет жақ тұсына таралуы
|
Синаптичестық кідіру
|
Синаптическая задержка
|
Synaptic delay
|
Синаптичестық кідіру−қозғыш жасушалар арасындағы функционалдық байланыстар
|
Ритмнің өзгеруі
|
Смена ритма
|
Rhythm change
|
Ритмнің өзгеруі-тахикардия,аритмия жүрекішілік өткізгіштіктің бұзылуы
|
Шаршауы
|
Усталость
|
Fatigue
|
Шаршауы−қажу жағдайының дамуымен астасатын субьективтік сезінулер кешені
|
Конвергенция
|
Конвергенция
|
Convergence
|
Конвергенция – бірнеше нейроннан келіп түскен әртүрлі серпіністер бір жүйке орталық-тарында (нейрондарда) жиналуы.
|
Дивергенция
|
Дивергенция
|
Divergence
|
Дивергенция – бір аксон тармақталып әр түрлі нейрондармен байланысады да көптеген синапстар құрайды
|
Окклюзия
|
Окклюзия
|
Occlusion
|
Окклюзия - «бітелу». Рецептивтік өрістердің бір бөліктерінің жабылуы. Жинақы реакциясы жеке тітіркендіргендегі арифметикалық қосынды реакция жауабынан төмен болады.
|
Реверберация
|
Реверберация
|
Reverberation
|
Реверберация−жабық бөлмедегі дыбыс көзі ажыратылған кейінгі дыбыстың біртіндеп өшу процесі
|
Қозудың жинақталуы
|
Накопление возбуждения
|
Accumulation of excitation
|
Қозудың жинақталуы – (1863 жылы И.М. Сеченов) ОЖЖ табалдырық күштен төмен қозуларды жинақтап, рефлекс жауапты тудырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |