- «сағаттың тілін бұрау» сынағы- жетекші қол белсенді, дәл дозаланған қимылдарды орындайды, оның көмегімен сағаттың тілін бұрап сағатты жүргізеді; жетекші емес қол сағатты құр үстап тұрады.
Б.Аяқтың асимметриясынанықтау.
Жетекші аяқты анықтайтын моторлық сынақтар:
- «аяқты аяққа айқастырып отыру» сынағы – үстіңгі жағындағы аяқ жетекші аяқ болып саналады.
- «арқанды секіру»тесті: сыналушыдан арқаннан бірнеше рет секіру сұралады. Жетекші аяғы бірінші болып көтеріліп, басым емес аяғының алдында тұрады.
- «доппен сынақтар» координацияда, қимылдардың дәлдігінде және оларды іске асырудағы бағдарламаларындағы үлесіне бір аяқтың басымдылығын анықтауға бағытталған. Зерттелушіге оң және сол аяғымен допты нысанаға тигізу сұралады. Зерттелуші допты бір аяғымен экспериментатордың қолына лақтыруы керек.
- «жазу қимылдарын»тексеру сынағы. Тексерілушіден әріптер мен сөздерді жазу үшін қажетті оң және сол аяқ қимылдарын жүргізу ұсынылады. Мұны отырып та тұрыпта орындауға болады. Жетекші аяқ «дәлірек» және «жеңілірек» жазады.
Сіз арнайы құрылғыларды қажет етпейтін оңай қол жетімді тестілерді пайдалана аласыз: бір аяғыңыздан секіру, орындыққа тізерлеп отыру, орындықтан түсу, артқа шегініп, алға адымдау; барлық осы әрекеттерде бірінші қимыл жасаған аяқ жетекші болып саналады.
Жұмыс нәтижелер: Тәжірибеде аяқ пен қолдың ассиметриясы анық байқалды. Себебі жетекші қол негізгі жұмыс атқарғанымен басылыңқы, рецессивті қол оның қызметіне көмекші ретінде жұмыс жасап отырды. Яғни аяқ пен қолдағы ассиметрия қалыпты. Оны мидың екі жарты шарындағы бөліктері қарама қарсы бағытта атқарып отырады.
Қорытынды: Біз бұл тәжірибелер арқылы адамның жетекші аяқ не қолын анықтай аламыз. Бұл бізге аяқ пен қолдың қалыпты ассиметриясының орындалатыны жайлы түсіндірді. Сонымен қатар олаңқай адамның сол жарты шар бөлігінің немесе солаңқай адамның оң жарты шар бөлігінің қызметі қарсы жарты шар бөлігіне қарағанда айтарлықтай белсенді екені мәлім болды.
№4 тапсырма.Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу түрлерінің сызбаларын салыңыз. Орталықжүйкежүйесіндегітежелумеханизмдерін түсіндіріңіз
Достарыңызбен бөлісу: |