Орындаған студент : Шакен Эльмира жм19-013-02
Тақырып тапсырылды, күні: 4.12.2020
|
___Ерғали Қанағат________оқытушының қолы
|
БАӨЖ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
ЖОҒАРЫ ЖҮЙКЕ ІС-ӘРЕКЕТІ ФИЗИОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША
ТАҚЫРЫБЫ: Шартты және шартсыз рефлекстер. Қыртыстық тежелу, түрлері. Әртүрлі жастағы балалардың ЖЖІӘ ерекшеліктері (ПФ үшін)
№1 тапсырма. «Шартты қарашық рефлексінің пайда болуы» зертханалық жұмысын орындау әдісімен танысып срақтарға жауап беріңіз.
Жұмыстың жасалу жолдары: Зерттелушіге бір көзін алақанмен жұмып, екі көзін кезектестіре, көзін ашып жұму кезінде жарыққа қарашық рефлексінің бар екеніне көз жеткізеді (көз жұмулы кезінде қарашық үлкейеді, ал экранды шетке ығыстыру кезінде – тарылады).
Осыдан кейін сөздік тітіркендіргішке шартты қарашық рефлексін қалыптастыруға кіріседі.
Зерттелетін адамға «көзіңнің қарашығын ұлғайт» деп бұйрық берген соң, бір көзін алақанмен жабады. Осы кезде оның екінші ашық көзінің қарашығының ұлғайғанын көреміз (көз қарашығы реакциясы). Біраздан кейін тәжірибие қайталанады. Бұйрық осылайша бірнеше рет, әдетте 5-6 рет қайталанса, тұрақты шартты рефлекс пайда болады. Демек, көз қарашығы тек сөз әсерінен ғана ұлғаяды. Егер рефлекс пайда болмаса, шартты (сөз) және шартсыз (алақан) сигналдарын тағы бірнеше рет ұштастыру қажет.
Пайда болған шартты рефлексті қосымша 3-5 сәйкес сөздермен көздің қараңғылануымен бекіту қажет.
Сұрақтар:
Рефлекс қалыптасу үшін шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің ұштасуын неше мәрте қайталау қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |