Іш тастау(аборт) оның себебі. Іш төл сему, ыдырау және шіру



Дата12.12.2021
өлшемі19,49 Kb.
#99799
Байланысты:
Іш тастау
Іш тастау, НЕНОРМАЛЬНЫЕ РОДЫ И ОКАЗАНИЕ ПОМОЩИ ПРИ НИХ, fizika-9-kikoin

Іш тастау(аборт) оның себебі. Іш төл сему, ыдырау және шіру.

Буаздық — ұрғашы жануарлардың аналық клеткасынан ұрық дамып жетілгенге дейінгі физиологиялық күйі. Буаздықтың алғашқы кезеңінде жануарлар жақсы қоректеніп, семіре бастайды. Буаздық мерзімінің 2-жартысында ұрыққа қоректік заттар көбірек қажет болғандықтан, буаз мал арықтайды. Әр түрлі жануарлардың Буаздық мерзімі әр түрлі болады. Мысалы, сиырда 285 күн, жылқыда 340 күн, қой мен ешкіде 150 күн, түйеде 365 күн, есекте 380 күн, шошқада 114 күн, қоянда 30 күн, итте 62 күн, т.б.Буаздық мерзімі жануарлардың жеке түрлерінің ішінде тіршілік ортасына, жыл кезеңіне, жалқы, егіз немесе одан көп ұрпақ табуына, т.б. себептерге байланысты өзгеріп отырады. Буаз малға ерекше күтім қажет, Буаздық кезіндегі мал ауруларына іш тастау, ісіп-кебу, ерте төлдеу, жатыр жарығы, жатырдың бұрылуы не түйілуі жатады. Іш тастаудың үш түрі бар: індеттік іш тастау сарыптан, бактериялық және паративтік аурулардан; паразиттер арқылы іш тастау жыныс аурулары салдарынан, індетке қатыссыз іш тастау малды дұрыс азықтандырмаудан, азықта витаминдер мен минералдық заттардың жетіспеуінен, малдың бір нәрсеге соқтығып құлауынан, кейде жүрек, бүйрек, бауыр, т.б. мүшелерінің ауруынан болады. Іш тастау қаупі білінген малды бірден бөліп, оның тұрған қорасына зарарсыздандыру жүргізіледі, төсеніші алмастырылады. Буаз малдың ісіп-кебінуі малдың қан айналымының бұзылуынан, жүрек пен бүйрек ауыруынан, малды өріске шығармаудан, т.б. болады. Ісік асқынғанда зәр айдайтын, іш жүргізетін және жүрек қызметін күшейтетін дәрілер беріледі. Ерте төлдеу малға сапасыз азық, суық су беруден не оқыс қимыл жасаудан, жатыр сығатын, іш жүргізетін дәрілер көп беруден де болады. Жатыр жарығы құрсақтың көк еті жыртылғанынан болады. Жатыр төлмен бірге осы жарық арқылы тері астына еніп, бұлтиып тұрады. Бұл, көбінесе, соққыдан, іштегі төлдің ірілігі салдарынан болады. Малды төлдер кезде қыр арқасынан не бүйірінен жатқызады да, төлді жарықтың тесігіне бағыттап, суырып алады, жарыққа хирургиялық операция жасайды. Жатырдың бұрылуы не түйілуі буаз малдың оқыс бұрылуынан, құлауынан болады. Бұл кезде алдымен жатырдың қай жаққа бұралғанын анықтайды. Сабан не пішен төселген жерге малды жатырдың бұралған жақ жамбасынан (малдың бөксе жағын биіктету керек) жатқызады. Малдың аяғын байлап, жатыры бұралған жаққа қарай малды қыр арқасынан тез аударады. Буаздық кезеңіндегі ақаулықтар әр түрлі ауруларға, сүтінің азаюына, кейде малдың қысыр қалуына соқтырады.

Іш тастау – буаздық кезең тоқтап, жатырдағы ұрық жартылай немесе түгелдей жойылып кетуі, болмаса дамыған немесе өлген ұрықтың жатырдан сыртқа шығарылуы. Кей мал үнемі, кейбіреулері 1 – 2 рет іш тастайды да, одан әрі қалыпты төлдейді. Іш тастаудың жасырын түрі де кездеседі. Бұл жағдайда өлі төл жатырда жатады. Әдетте төл өлгеннен кейін 2 – 3 тәулік өткен соң мал іш тастайды, кейде төл іште солып, ферменттердің әсерінен оның жұмсақ тіндері іріп түседі де, жатырда тек сүйегі ғана қалады. Болмаса төл іште шіріп, малдың өліміне соқтырады. Іш тастау – жұқпалы емес және жұқпалы деп екіге бөлінеді. Жұқпалы емес Іш тастаудың себептеріне: дамып жатқан ұрықтың табиғи кемшілігі, малдың жатыр, бауыр, жүрек, бүйрек, өкпе, т.б. аурулары, буаз малға құнарсыз, бұзылған азық беру, жарақаттану, құлау, буаз малдың шамадан тыс шаршауы және жатырдың дұрыс жетілмегендігі жатады. Жұқпалы Іш тастау – бруцеллез, қылау, вибриоз, трихомониаз, т.б. аурулар әсерінен болады. Буаздық мерзімінің алғашқы үштен бір бөлігінде Іш тастау белгілері алдын ала білінбейді, әдетте төл шаранамен бірге шығып қалады немесе жатырда ыдырап, малдың бойына сіңеді. Іш тастау бұдан кеш болса, онда малдың азыққа тәбеті нашарлайды, дене температурасы көтеріледі, іш тастағаннан кейін шуы түспей, жатыры қабынып, одан қан аралас қоңыр жалқаяқ ағады. Малдың қандай аурудан іш тастағанын анықтау үшін қаны алынып, түсікпен бірге мал дәрігерлік бактериология лабораторияға жіберіледі. Іш тастау белгісі білінген малды дереу оқшаулап, оның тұрған қорасы мен құрал-саймандарға дезинфекция жүргізу керек. Іш тастаған малдың бөксесін, желінін, құйрығын креолиннің 3%-дық ерітіндісімен жуады. Мал іш тастаған орынға ағаш үгіндісі, шымтезек немесе топан шашып, кейін оны қағанақпен бірге жинап алып өртеп жібереді. Бұдан кейін қораны тазартып, сөндірілген әктің 10 – 20%-дық, күйдіргіш натрдың 2%-дық ерітіндісімен, т.б. залалсыздандырады. Іш тастаған малдың шуы түспей, жатыры қабынып, ауруы асқынса, оны әдеттегідей емдеуден өткізеді.

Аборт (аборт) его причины. Молодняк живот отсосов, гниения и распада.



Парная-физиологическое состояние самок животных от яйцеклетки до созревания, при котором развивается плод. В первый период беременности животные хорошо питаются и начинают откармливаться. Во 2-й половине периода беременности плод нуждается в большем количестве питательных веществ, поэтому плод худеет. Период брачности у разных животных разный. Например, у коровы 285 дней, у лошади 340 дней, у овцы и козы 150 дней, у верблюда 365 дней, у осла 380 дней, у свиньи 114 дней, у кролика 30 дней, у собаки 62 дня и т.д. сроки беременности варьируются в зависимости от среды обитания, периода года, появления потомства, близнецов или более среди отдельных видов животных и т.д. Животному необходим особый уход, к болезням животных во время беременности относятся аборт, вздутие живота, ранний отел, грыжа матки, выворот или спазм матки. Различают три вида абортов: от эпидемического аборта, бактериальных и параативных заболеваний; аборт паразитами вызван болезнями половых органов, неправильным кормлением животных, недостатком витаминов и минеральных веществ в кормах, падением скота в результате чего-либо, иногда болезнями сердца, почек, печени и др. органов. Немедленно отделяют животное, подвергнутое риску выкидыша, проводят обеззараживание его стойла, заменяют подстилку. Вздутие живота происходит из-за нарушения кровообращения животных, болезней сердца и почек, не допуска скота на поле и т.д. При осложнениях опухоли назначаются препараты, которые усиливают мочегонную, слабительную и сердечную деятельность. Ранний приплод может быть вызван некачественными кормами, холодной водой, либо неосторожными действиями, большим количеством маточных, слабительных средств. Грыжа матки вызвана разрывом синей плоти матки. Матка вместе с приплодом проникает через этот свет под кожу,и это происходит. Чаще всего это происходит из-за удара, крупности внутриутробного молодняка. При приплоде животных укладывают на спину или бок, направляют приплод в лунку, извлекают, проводят хирургическую операцию на свету. Поворот или спазм матки вызваны резким поворотом, падением стафилококка. При этом сначала определяют, в какую сторону повернута матка. На место, где уложена солома или сено, скот укладывают из скрученных челюстей матки (заднюю часть животного следует приподнять). Привязав ногу к животному, он быстро переворачивает животное с боков в сторону, где скручивается матка. Пороки развития в брачный период приводят к различным заболеваниям, снижению молока, а иногда и к угнетению поголовья.

Аборт-прекращение брачного периода, частичное или полное исчезновение плода в матке, либо удаление развитого или мертвого плода из матки. Некоторые животные постоянно, некоторые 1 – 2 раза выпивают и далее нормально отеляются. Также встречается скрытая форма аборта. При этом мертвый приплод лежит в матке. Обычно через 2 – 3 суток после смерти приплода животное сбрасывает живот, иногда приплод утрамбовывается, под действием ферментов его мягкие ткани загнивают, а в матке остается только кость. Если молодняк гниет в животе, то это приводит к гибели скота. Аборт подразделяется на неинфекционный и инфекционный. К причинам неинфекционного аборта относятся: естественная неполноценность развивающегося плода, болезни матки, печени, сердца, почек, легких и др. животных, неполноценное, испорченное кормление маточного поголовья, травмы, падения, чрезмерная утомляемость маточного поголовья и неправильное созревание матки. Инфекционные аборты-под влиянием бруцеллеза, паралича, вибриоза, трихомониаза и др. заболеваний. В течение первой трети срока беременности признаки аборта не проявляются, обычно приплод выходит вместе с плодом или распадается в матке и всасывается в живот. Если аборт уже поздно, то у животного ухудшается аппетит к кормам, повышается температура тела, после аборта не появляется шум, матка воспаляется, из нее течет бурый жар с примесью крови. Для определения того, от какого заболевания у животного был выпот, кровь отбирают и вместе с абортом направляют в ветеринарную бактериологическую лабораторию. Животное с признаками аборта следует немедленно изолировать и провести дезинфекцию помещения и инвентаря, в котором оно находится. Ягодицы, вымя, хвост сброшенного животного промывают 3%-ным раствором креолина. На место выброса скота посыпают древесными опилками, торфом или потопом, после чего собирают его вместе с каганатом и сжигают. После этого помещение очищают и обеззараживают 10 – 20%-ным раствором гашеной извести, 2%-ным раствором едкого натра и др. Если у аборигена не было шума, а матка воспалилась и обострилась, его обычно лечат.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет