Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет22/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

Он екі елі ішектің тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы: жоғарғы ұйқы без - он екі елі ішек артериялары (асқазан – он екі елі ішек артериясынан келеді ) және төменгі ұйқы без - он екі елі ішек артериялары (шажырқайлық жоғарғы артерияның тармақтары) қандандырады.. Веналары: аттас веналар, қақпа венасы мен оның құйылыстарына құяды. Лимфа тамырлары: он екі елі ішектің лимфа тамырлары ұйқы без - он екі елі ішектік лимфа түйіндеріне, шажырқайлық жоғарғы лимфа түйіндеріне, құрсақтық және бел лимфа түйіндеріне құйылады. Н е р в т е н у і: парасимпатикалық нервтенуі – кезбе нервтер, симпатикалық нервтенуі – асқазан және шажырқайлық жоғарғы өрім тармақтары.
Аш ішектің шажырқайлы бөлігі. Жоғарыда аталғандай – ащы ішек пен мықын ішек - аш ішектің шажырқайлы бөлігін құрайды да, ұзын болғандықтан іш қуысында ирелене орналасады, сондықтан ішек ілмектері деп аталып кеткен. Оның бестен екі бөлігін ащы ішек, бестен үш бөлігін мықын ішек түзеді. Аш ішектің ілмектері алдынан үлкен шарбымен жабылған. Аш ішектің шажырқайлық бөлігінің: бос және шажырқайлық екі жиегін ажыратады
Ащы ішек, jejunum,- он екі елі ішектің жалғасы, оның ілмектері іш қуысының ортаңғы және жоғарғы сол бөлігінде орналасқан.
Мықын ішек, ileum – ащы ішектің жалғасы, оның ілмектері негізінен іш қуысының оң төменгі бөлігінде орналасады, кейбір бөліктері кіші жамбас қуысына өтеді. Ащы ішек оң жақтағы мықындық шұңқырда мықын-соқыр ішек тесігі, ostium ileocaecale, арқылы соқыр ішекке өтеді.
Ащы ішектің бастапқы бөлігінде дөңгелек қатпарлар өте көп және биік болады .Төмендеген сайын, олар біртіндеп кішірейе береді де, мықын ішектің соңғы бөлігінде өте аласа болып келеді.
Мықын ішектің шажырқайға қарама-қарсы жиегінде, ұзындығы 0,2 - 10 см, ені 0,2 – 2 см – ге дейін болатын, шоғырланған лимфойдты түйіншелер noduli lymphoidei aggregati, орналасады ( 239 – сурет ). .









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет