«Ішкі аурулар» пәнінен тест сұрақтары



Дата26.12.2021
өлшемі169,5 Kb.
#105908
Байланысты:
4. Ішкі аурулар 100 тест


«Ішкі аурулар» пәнінен тест сұрақтары
Тест №1

Таңертең ауызға толы іріңді қақырықтың бөлінуі қай ауруға тән?



  1. Бронх демікпесіне

  2. Бронхоэктатикалық ауруға

  3. Крупозды пневмонияға

  4. Экссудативті плевритке

  5. Ошақты пневмонияға

Тест №2

Крупозды пневмонияның асқынулары:



  1. Бронх демікпесі

  2. Бронхит

  3. Плеврит

  4. Өкпе рагы

  5. Антракоз

Тест№3


Реанимацияның қарапайым әдістері:

  1. Жүрекке тікелей массаж

  2. жүрекке жабық массаж жасау

  3. жүрекке электр тогымен әсер ету

  4. Пациентті басқарымалы тыныс алу аппаратына қосу

  5. жоғарыда аталғандардың барлығы

Тест №4


Жүрек гликозидтеріне жатады:

  1. Изокет, изомак

  2. Кордиамин, мезатон

  3. Строфантин, коргликон

  4. Пентамин

  5. Нитроглицирин

Тест №5


Артериалды гипертония – ол:

  1. жүрек бұлшық етінің қабынуы

  2. тамыр тонусы реттелуінің бұзылуы

  3. жүрек қызметінің декомпенсациясы

  4. эндокардтың зақымдануы

  5. перикардтың зақымдануы

Тест №6


Ревматизмнің екіншілік алдын алуы:

  1. Бициллин – 3, бициллин – 5

  2. Бронхолитиктер

  3. несеп айдайтын дәрі-дәрмектер

  4. Спазмолитиктер

  5. Нитраттар

Тест №7


Поллинозбен ауыратын пациент тұншығуына шағым жасап ФАП-қа келді. Объективті: экспираторлық типіндегі ентікпе, перкуссияда өкпе үстінде қораптық сипаттағы өкпе дыбысы. Аускультацияда - сырылдары құрғақ, шашыраңқы. Қан қысымы 120\80 мм с.б.Сіздің диагнозыңыз:

  1. жүрек демікпесі

  2. өкпе ісігі

  3. Бронх демікпесі

  4. Іркілген жүрек жетіспеушілігі

  5. Кардиогенді шок

Тест №8


Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамуының себебі:

  1. Ревматизм

  2. Гломерулонефриттер мен пиелонефриттер

  1. c)Созылмалы гастриттер және энтероколиттер

  1. Өткір циститтер

  2. Бүйрек шаншу ұстамасы

Тест №9


Созылмалы гломерулонефриттің нефротикалық формасына тән:

  1. жоғары қан қысымы, ісіктер, зәрде протеинурия;

  2. қан қысымының төмендеуі, ісіктердің болмауы;

  3. аяқтарындағы ісіктер, қан қақыру, тұншығу;

  4. қалыпты қан қысымы, лейкоцитурия;

  5. жиі несеп бөлу, несеп бөлгенде ашып ауруы

Тест №10


Шат аймағына және сыртқы жыныс мүшелеріне берілетін белдің қатты ауруы, жиі ауырсынумен болатын кіші дәрет, ұстама жүгүруден, физикалық күш түскеннен болатын белгілер қай ауруға тән?

  1. Созылмалы пиелонефриттің өршуі

  2. Өт кір цистит

  3. Созылмалы гломерулонефриттің өршуі

  4. Бүйрек шаншу ұстамасы

  5. Өткір гломерулонефрит

Тест №11


Атеросклероз дамуының қауіп-қатер факторы:

  1. Холестериннің жоғары деңгейі

  2. Дене шынықтырумен айналысу

  3. Айқындалмаған (ауыртпалық түсірмейтін)тұқымқуалаушылық

  4. Тиімді тамақтану

  5. Барлық жауаптар дұрыс

Тест №12


Кеш «ашығу», түнгі аурулар қай ауруға тән?

  1. a)созылмалы гастритке

  2. асқазанның ойық жарасына

  3. он екі елі ішектің ойық жарасына

  4. бауыр циррозына

  5. созылмалы холециститке

Тест №13


Асқазанның тесілген жарасының негізгі клиникалық белгісі:

  1. эпигастрий аймағындағы қанжармен сұққан тәрізді өткір ауру;

  2. кіндік маңындағы толғақ тәрізді ауру;

  3. іштің төменгі жағындағы аурулар;

  4. ішінің бүкіл жеріндегі сыздап қақсап ауыру сезімі;

  5. жүрегінің айнуы және құсу

Тест №14


Өңеш көк тамырларының кеңеюі қай ауру кезінде пайда болады?

  1. Гастритте

  2. Колитте

  3. Холециститте

  4. Бауыр циррозында

  5. Панкреатитте

Тест №15


Ревматоидты полиартритті диагностикалау белгілеріне жатады:

  1. жүрек ақаулары, миокардиттер;

  2. ұсақ буындарының симмериялық зақымдалуы, таңертең қозғалмай қалушылығы;

  3. ірі буындардың зақымдалуы және аурулардың ұшпалы болуы;

  4. созылмалы жүрек жетіспеушілігі;

  5. бүйректердің қосымша зақымдануы

Тест №16


Наркотикалық дәрілермен улану кезіндегі антидоттарға жатады:

  1. Кордиамин, коффеин

  2. Адреналин, мезатон

  3. Налоксол, налорфин

  4. Унитиол, тиосульфат натрий

  5. 40% глюкоза

Тест №17


Қай симптомдар кезінде өкпе туберкулезіне қатысты сақтық білдіру қажет?

  1. 3 аптадан асқан мерзім жөтелу, тершеңдік;

  2. дене қызуының төмендеуі;

  3. дизуриялық бұзылыстар;

  4. кеуденің төс артында қысып ауруы;

  5. тәбеттің жоғарлауы.

Тест №18


Ауыз ұрғақтығы, шөлдеу, әлсіздікдің дамуы, өршуі, кейіннен тежелу, есінен тану, «Куссмауль» тынысы, ацетон иісі, жұмсақ көз алмалары, терінің құрғақтығы, тахикардия тән:

a) Тиреотоксикалық криз

b) Анафилактикалық шок

c) Есінен тану

d) Гипотиреоидты кома

e) Диабетикалық кетоацидотикалық кома


Тест №19

Теміржетіспеушілік және В12фолий жетіспеушілік анемияларының даму себептері:



  1. секрецияның төмендеуімен асқазан аурулары, энтериттер, гельминтоздар;

  2. ұйқы безі аурулары;

  3. айқындалған (отягощенная) тұқымқуалаушылық, стрестік жағдайлар;

  4. ауыр физикалық және жүйке жүйесіне күш түсу;

  5. гиповитаминоз.

Тест №20


Қандағы эритроциттердің 2-3х1012/л дейін төмендеуі, Нв – 80-100г/л, қай ауруға тән?

  1. тромбоцитопениялық пурпураға;

  2. геморрагиялық васкулитке;

  3. жүйелі қызыл жегіне;

  4. жетіспеушілік анемияға;

  5. дұрыс жауабы жоқ

Тест №21


Экзофтальм, тахикардия, гипертензия, тремор, жүдеу, тітіркенушілік, тершеңдік қай ауруға тән?

  1. улы зобқа(тиреотоксикозға);

  2. гипотиреозға;

  3. эндемиялық зобқа;

  4. қант диабетіне;

  5. бүйрек үсті безінің ауруларына

Тест №22


Қанның клиникалық анализіндегі лейкемиялық төмендеуі(провал) қай ауруға тән?

  1. созылмалы лейкозға;

  2. теміржетіспеушілік анемияға;

  3. В12фолий жетіспеушілік анемияға;

  4. өткір лейкозға;

  5. геморрагиялық васкулитке

Тест №23


Қант диабетінің себебі болып табылады:

  1. инсулиннің жоғарланған секрециясы;

  2. инсулиннің төменделген секрециясы;

  3. тиреоидті гормондардың жоғарланған секрециясы;

  4. тиреоидті гормондардың төменделген секрециясы;

  5. бүйрек үсті бездері қабығы қызметінің төмендеуі

Тест №24


Әлсіздік, ашығу сезімі, тершеңдік, физикалық және психикалық мазасыздану, тырысулар, брадикардия қай ауруға тән?

  1. диабетикалық кетоацидотикалық комаға;

  2. тиреотоксикалық кризге;

  3. гипотиреоидтік комаға;

  4. анафилактикалық шокқа;

  5. гипогликемиялық комаға

Тест №25


Эндемиялық зобтың алдын алуына қолданады:

  1. бигуанидтер;

  2. тиреодин, левотироксин;

  3. бүйрек үсті безі қабығының гормондары;

  4. инсулин;

  5. калий иодиді, иодомарин

Тест №26


Митральді саңылау стенозының белгілері:

  1. қан қақыру, ентікпе;

  2. жүректің айнуы, құсу;

  3. қалтырауық, басының ауруы;

  4. қасаға асты маңының ауруы;

  5. барлық жауаптар дұрыс.

Тест №27


Өткір тамыр жетіспеушілігіне жатады:

  1. өкпе ісігі;

  2. коллапс;

  3. жүрек демікпесі;

  4. гипертониялық криз;

  5. барлық жауаптар дұрыс

Тест №28


Стенокардия кезінде ауруды басу үшін таңдап алынатын препарат:

  1. Адреналин,норадреналин

  2. Кордиамин, мезатон

  3. Нитроглицерин, изокет

  4. Дибазол, сульфат магния

  5. Валидол, сасықшөп

Тест №29


«Ниша» рентгенологиялық симптом айқындалады:

  1. гастритте;

  2. жара ауруында;

  3. асқазан рагында;

  4. холециститте;

  5. панкреатитте.

Тест №30

Стенокардия кезінде тромбтың пайда болуының алдын алу үшін қолданады:



  1. Анальгин, кеторол

  2. Строфантин, коргликон

  3. Нитроглицерин, изокет

  4. Аспирин, плавикс ( зилт)

  5. Дұрыс жауабы жоқ

Тест №31


Қақырықта атиптік клеткалар анықталады:

  1. бронхитте;

  2. пневмонияда;

  3. өкпе рагында;

  4. туберкулезде;

  5. трахеитте

Тест №32


Стационарға дене қызуы 39°C, көп мөлшерде іріңді қақырықты жөтелімен, ауырғанына 3 апта болған науқас келді, ауыруын қатты суық тиюімен байланыстырады. Рентгенограммасында оң жақ өкпесінің төменгі бөлігінде сұйықтық деңгейі бар дөңгелектенген көлеңке айқындалған. Сіздің диагнозыңыз:

  1. крупозды пневмония;

  2. бронх демікпесі;

  3. өкпенің оң жақ абсцесі;

  4. созылмалы бронхит

  5. эмфизема.

Тест №33


Сальбутамол, тербуталин, беротек, беродуалды қолданады:

a) ошақты пневмонияда

b) Туберкулезде

c) Плевриттерде

d) Жүрек демікпесінде

e) Бронх демікпесінде


Тест №34

«Тат басқан қақырық» түкіру қай кезде болады:



  1. Асқазаннан қан кету;

  2. өкпеден қан кету;

  3. ошақты пневмония;

  4. крупозды пневмония.

  5. Өткір бронхит

Тест №35


Гипертониялық криздер кезіндегі асқынудың негізгі түрі:

a) Өткір жүрек жетіспеушілігі

b) Ишемиялық немесе геморрагиялық инсульт

c) Стенокардия

d) Миокард инфарктісі

e) барлық жауаптары дұрыс


Тест№36

Созылмалы гломерулонефриттер кезіндегі негізгі терапия:



  1. гормондар;

  2. жүрек гликозидтері;

  3. спазмолитиктер;

  4. несеп айдағыш дәрі-дәрмектер;

  5. витаминдер

Тест №37


Бел аймағының ауруы, бетіндегі ісіктер, қан қысымының жоғарлауы, зәрдің түсі «ет шайындысы» тәрізді қай ауруға тән?

  1. өткір цистит;

  2. созылмалы пиелонефрит;

  3. «бүйрек шаншуы» ұстамасы;

  4. гипертониялық криз;

  5. өткір гломерулонефрит

Тест №38


Созылмалы пиелонефрит кезіндегі Нечипоренко сынамасына тән:

  1. гематурия;

  2. лейкоцитурия;

  3. бактериурия;

  4. глюкозурия;

  5. протеинурия

Тест №39


Оң жақ бүйрек коликасы ұстамасы кезіндегі шұғыл жәрдем:

  1. урологтың шұғыл кеңесі;

  2. наркотикалық анальгетиктерді салу;

  3. жергілікті жылытуды қолдану;

  4. жалпы жылытуды(ванна) қолдану;

  5. антибиотиктерді қолдану

Тест №40


Несеп айдайтын дәрі-дәрмектерге жатады:

  1. Эгилок, атенолол, бисапролол

  2. Строфантин, коргликон, дигоксин

  3. Кордиамин, коффеин, сульфокамфокаин

  4. Фуросемид, гипотиазид, верошпирон

  5. Нитроксолин, фурадонин, фурагин

Тест №41


Танқұрай түсі тәрізді, «жылтыр», ауыршаң тіл, бозару, парестезия, ас қорыту ағзалары бағыты бойынша ауыруы, тітіргеніштік, ентікпе, жүректің қатты соғуы қай ауруға тән?

  1. В12фолий жетіспеушілік анемияға;

  2. Теміржетіспеушілік анемияға;

  3. Постгеморрагиялық анемияға;

  4. Созылмалы лейкозға;

  5. Геморрагиялық диатезге.

Тест №42


Жетілдіру мақсатында созылмалы панкреатитті емдеуде тағайындайды:

  1. Алмагель, смекта, маалокс

  2. Но – шпа, папаверин, платифиллин

  3. Панзинорм, фестал, креон, мезим

  4. Холосас, аллахол, холензим

  5. Анальгин, кеторол, найз

Тест №43


Бауыр циррозының асқынулары:

  1. өңештен қан кету;

  2. асқазан перфорациясы;

  3. пенетрация;

  4. пилоростеноз;

  5. өкпе ісігі

Тест №44


Бауыр коликасы ұстамасына тән белгілер:

  1. Іштің төменгі жағының ауруы, іш өту, құсу;

  2. Оң жақ қабырға астының ауыруы, жүрек айну, көз ақ қабығының сарғаюы;

  3. Қыжыл, қышқыл кекірік;

  4. Шат аймағына берілетін белінің ауруы;

  5. Дұрыс жауабы жоқ

Тест№45


Иісті газбен уланғанда шұғыл арада жүргізу қажет:

  1. Жүрекке тұра емес массаж жасау;

  2. Жүрек гликозидтерін жіберу;

  3. Науқасты тыныштандыру;

  4. Зардап шеккен адамды аймақтан алып шығу, оттегімен қамту, тыныс алу аналептиктерді жіберу;

  5. Асқазанын жуу

Тест №46


Туберкулез кезінде қақырықта айқындалады:

  1. Атиптік клеткалар;

  2. Микобактериялар;

  3. Эозинофилдар,

  4. Куршман спиралдері;

  5. Эластикалық талшықтар

Тест №47


Сізге пациент келесі шағымдарымен келді: шырышты қақырық бөлетін жөтел, дене қызуы 37,8°C дейін жоғарлаған. Өткір респираторлық ауру бойынша амбулаторлы емделген. Өкпесінде – тыныс алуы қатты, шашыраңқы құрғақ сырылдары естіледі. Сіздің диагнозыңыз:

  1. өткір трахеит;

  2. өткір бронхит;

  3. өкпе абсцесі;

  4. экссудативті плеврит;

  5. өкпе эмфиземасы.

Тест №48


Пациентке дренажды жағдай қай ауру кезінде жасалады:

  1. бронхоэктатикалық ауруда;

  2. бронх демікпесінде;

  3. құрғақ плевритте;

  4. ошақты пневмонияда;

  5. экссудативті плевритте

Тест №49

Өкпе рагының асқынулары:



  1. өкпеден қан кету;

  2. өкпе эмфиземасы,

  3. созылмалы бронхит;

  4. бронх демікпесі;

  5. дұрыс жауабы жоқ

Тест №50


Аллергологтың қарауы қажетті:

  1. өкпе туберкулезі кезінде;

  2. өкпе рагы кезінде;

  3. өткір бронхит кезінде;

  4. бронх демікпесі кезінде;

  5. созылмалы абсцесс кезінде

Тест№51


Теміржетіспеушілік анемияны емдеуде қолданады:

  1. В12витамин, фолий қышқылы;

  2. Преднизолон, цитостатиктер;

  3. В тобындағы витаминдер;

  4. Феррум-лек, ферроплекс, хеферол;

  5. Антибиотиктер, сульфаниламидтер

Тест №52


Өткір лейкоздарды диагностикалаудың негізгі әдісі:

  1. Қанның жалпы анализі;

  2. Қанның биохимиялық анализі;

  3. Кеуде рентгенографиясы;

  4. Негізгі алмасуды анықтау;

  5. Стернальді пункция

Тест№53


Мерказолилды, седативті препараттарды, бета-адреноблокаторларды нені емдеу үшін қолданады?

  1. Гипотиреозды;

  2. Қант диабетін;

  3. Эндемиялық зобты;

  4. Тиреотоксикозды;

  5. Артериалды гипертонияны

Тест№54


Қанда глюкозаның қалыптағы мөлшері:

  1. 7,7 – 8,8 ммоль/л;

  2. 3,3 – 5,5 ммоль/л;

  3. 1,1 – 2,2 ммоль/л;

  4. 11,1 – 12,2 ммоль/л;

  5. жоқ

Тест №55


Ұсақ буындардың зақымдануы, симметриялық зақымдалу, дұрыс қимылдай алмау, деформациялар қай ауруға тән?

  1. Ревматикалық полиартритке;

  2. Ревматоидты полиартритке;

  3. Қант диабетіне;

  4. Қалқанша безі ауруларына;

  5. Гипофиз ауруларына

Тест №56


Күйдіретін заттармен (қышқылдармен) уланғанда асқазанды жуу алдында өткізеді:

  1. Тазалау клизмасын;

  2. Сифонды клизмасын;

  3. Седативті препараттарды жіберу;

  4. Премедикация;

  5. Жүрек гликозидтерін жіберу

Тест №57


Бронхоспазмды басу үшін таңдап алынатын препарат:

      1. тері астына 2% - 1,0 мл. папаверин гидрохлорид ерітіндісі;

      2. көк тамырға баяулап 2,4% - 10,0 мл. эуфиллин ерітіндісі;

      3. көк тамырға баяулап 0,06% - 1,0 мл. коргликон ерітіндісі;

      4. бұлшық етке 1% - 4,0 мл. дибазол ерітіндісі;

      5. тері астына 0,2% - 1,0 мл. платифиллин гидротартрат ерітіндісі

Тест № 58

Асқазанның жара ауруына тән емес асқынулар:


  1. рак ауруына айналу;

  2. привратник стенозы;

  3. қан кету;

  4. перфорация;

  5. геморрагиялық бөртпе

Тест № 59

Асқазаннан қан кету кезінде ғана тән белгілер:


  1. бозару, әлсіздік, қанды қақырық, ентігу;

  2. бас ауыру, бас айналу, қан қысымының көтерілуі;

  3. «кофе тұнбасы» тәрізді құсық, қара түсті нәжіс, қан қысымының төмендеуі, бозару;

  4. тахикардия, қан қысымының көтерілуі, тұншығу;

  5. әлсіздік, тахикардия, іш өту, метеоризм.

Тест №60


Ішті айналдыра ауырудың пайда болуы қай ауруға тән?

  1. Гастритке;

  2. Гепатитке;

  3. Панкреатитке;

  4. Холециститке;

  5. Бауыр циррозына

Тест №61


Созылмалы гепатиттің негізгі белгілері:

  1. Асцит

  2. Сол жақ қабырға астының ауыруы, ашты дәм келу

  3. Салмақ түсіру, әлсіздік

  4. Көздің аққабығының сарғаюы, терісінде «тамыр жұлдызшалары»

  5. Барлық жауаптары дұрыс

Тест № 62

Созылмалы холецистит кезіндегі белгілер:


  1. Оң жақ мықын аймағының ауыруы, қыжыл

  2. Оң жақ қабырға асты аймағының ауруы, ашты дәм келу

  3. Сасық кекірік, эпигастрий аймағының толып тұру сезімі;

  4. Жүрек айну, «қара түсті» нәжіс

Тест №63


Зимницкий бойынша сынамада анықталады:

  1. 1 мл несептегі лейкоциттер мен эритроциттердің көлемі

  2. несептің тәулік мөлшеріндегі лейкоциттер мен эритроцитердің көлемі

  3. цилиндрлердің көлемі

  4. түнгі, күндізгі диурез, несептің 8 порциясындағы тығыздық

  5. несептің ортаңғы порциясындағы меншікті (удельный) салмағы

Тест №64


Кеуде қуысының бүкіл алдыңғыбетінің күйдіріп, батып, қысып ауруы, кардиогенді шок қай ауруға тән:

a) Ревматизмге

b) Коллапсқа

c) Естен тануға

d) Миокардитке

e) Миокард инфарктісіне


Тест №65

Сарыптың алғашқы алдын алуы неге бағытталған?



  1. иммунитеттің төмендеуі

  2. физикалық күш түсуін болдырмау

  3. инфекция ошақтарымен күресу

  4. шылым шегумен күресу

  5. дұрыс жауабы жоқ

Тест №66


Гипертониялық криз кезінде таңдап алынатын препараттар:

  1. Сульфат магния,метапролол, энап, коринфар

  2. Кордиамин, кофеин

  3. Адреналин, норадреналин, эпинефрин

  4. Полиглюкин, реополигюкин, допамин

  5. Аталғандардың барлығы

Тест №67


Миокард инфарктісі кезінде тромбтың пайда болуын алдын алу және тарап кетуіне қолданылады:

  1. Аспирин, плавикс ( зилт)

  2. Гепарин, фраксипарин, эноксапарин

  3. Альтеплаза ( актилизе)

  4. Стрептокиназа( эберкиназа)

  5. Барлық жауаптары дұрыс

Тест №68


Аяқтардағы ісіктер, іркілген бауыр, асцит, ентікпе, цианоз қай ауруға тән?

  1. Өткір жүрек жетіспеушілігі

  2. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі

  3. Өткір тамыр жетіспеушілігі

  4. Инфекциялық септикалық эндокардит

  5. Перикардит

Тест № 69

Ұйқы артериясының пульсациясы(«Пляска каротид») қай ауруда байқалады?


  1. Аортальды жетіспеушілікте

  2. Аортальды стенозда

  3. Митральды жетіспеушілікте

  4. Митральды стенозда

  5. Барлық жауап дұрыс

Тест №70


Эпигасрий аймағының қанжар шаншып өткір ауруы, бозару, суық тер басу, қан қысымының төмендеуі қай ауруға тән:

  1. Созылмалы гастритке

  2. Созылмалы холециститке

  3. Асқазанның тесілген ойық жарасына

  4. Гастроэнтероколитке

  5. Дұрыс жауабы жоқ

Тест № 71

Өкпе туберкулезінің ерте белгілері:


  1. жоғары дене қзуы, кеуденің ауруы

  2. жоғары дене қызуы, іріңді қақырықты жөтел

  3. ұзақ субфебрилитет, жөтелу

  4. ентігу, «тот басқан қақырық»

  5. тұншығу ұстамасы, кеуденің ауруы

Тест № 72

Куршман спиральдері және Шарко-Лейден кристаллдары қай ауруда анықталады?


  1. Өкпе абсцесінде

  2. Бронх демікпесінде

  3. Өкпе рагында

  4. Туберкулезде

  5. Силикозда

Тест №73


Бронхоэктатикалық ауру кезіндегі қақырықтың түрі:

  1. «тот басқан»

  2. шыны тәрізді

  3. іріңді

  4. қызғылт, көпіршікті

  5. жоғарыда аталғандардың барлығы

Тест№74


Пневмокониоздардың себебі:

  1. шаң атмосферада жұмыс істеу

  2. гиподинамия

  3. инфекциондық фактор

  4. алиментарлый фактор

  5. жүйке-психикалық фактор

Тест №75


DOTS бағдарламасы қай ауруды емдеуге қабылданған:

  1. Ошақты және крупозды пневмонияны

  2. Плевриттерді, өкпе рагын

  3. Пневмосклероз және пневмокониозды

  4. Туберкулезді

  5. Созылмалы бронхиттерді

Тест №76


Жылан шағып ағанда не істеу қажет:
a) уын сығып алу

b) науқасты тыныштандыру, ауаның келіп түсуін қамтамасыз ету;

c) шағып алған жерге суық басу, стельді салфетка салу, транспорттық иммобилизация, анальгетиктерді салу;

d) шағып алған жерге жылу басу

e) жүрек гликозидтерін салу
Тест №77

Ревматизм-ол:



  1. Жүректің ишемиялық ауруы

  2. Буындардың жүйелі ауруы

  3. Жүрек бұлшық етінің қабынып зақымдануы

  4. Инфекциондық-аллергиялық сипатындағы дәнекер ұлпасының қабынып зақымданған ауруы

  5. Буындардың созыдмалы дистрофиялық зақымдануы

Тест №78


Темір жетіспеушілік анемияға тән:

  1. эритроциттер мөлшерінің, гемоглобин деңгейінің, сарысулық темірдің төмендеуі

  2. қанда эритроциттер мөлшерінің және гемоглобин деңгейінің жоғарлауы

  3. Лейкемиялық төмендеу (провал)

  4. қандағы тромбоциттер мөлшерінің төмендеуі

  5. Лейкопения, тромбоцитопения

Тест №79


Лейкоздардың базалық емінде қолданады:

  1. Антибиотиктер, сульфаниламидтер

  2. жүрек гликозидтері

  3. Антигистаминді препараттар

  4. Гормондар, цитостатиктер

  5. Анальгетиктер, қан тоқтатушы препараттар

Тест №80

Геморрагиялық диатездерге жатады:


  1. Анемиялар және лейкоздар

  2. Гипотиреоз, тиреотоксикоз

  3. Геморрагиялық васкулит, тромбоцитопениялық пурпура

  4. Ревматоидты артрит

  5. Қант диабеті, қантты емес диабет

Тест №81


Қалқанша без аурулары кезінде диагностикалаудың негізгі әдістеріне жатады:

  1. ТТГ, глюкозаның мөлшерін анықтауға қан мен зәрдің зерттеуі

  2. негізгі алмасу, ультра дыбыстық зерттеу, қандағы тиреоидты гормондардың деңгейін анықтау

  3. қанның кеңейтілген клиникалық талдамасы

  4. Стернальді пункция

  5. ФГДС, ирригоскопия, колоноскопия

Тест №82


Гипогликемиялық кома кезіндегі фельдшердің тактикасы:

  1. 20-40 мл глюкозаның 40% ерітіндісін жіберу және науқасты тамақтандыру;

  2. көк тамырға инсулин жібері

  3. седативті және жүрек гликозидтерін жіберу

  4. оттегімен қамтамасыз ету

  5. наркотикалық немесе наркотикалық емес анальгетиктерді жіберу

Тест №83


Инсулинге тәуелді қант диабетін емдеудің негізгі әдісі:

  1. бигуанидтер: метформин, силубин, глюкофаг

  2. сульфанилмочевинаның туындылары: манинил, глибенкламид

  3. әсері ұзақ мерзімді инсулин

  4. мерказолил, анаприлин

  5. лвотироксин, тиреокомб, тиреотом

Тест №84


Науқасқа В1 дәруменін жібергеннен кейін белі, басы ауырып, жүрегі айнып, құсып, ас қорыту жолдары бойынша түйіліп ауру сезімдері, уа жетіспеу, тұншығу сезімдері пайда болды, қан қысымы 80/60 мм.с.б. Қандай асқыну туралы ойлау керек?

  1. есінен тану

  2. анафилактикалық шок

  3. есекжем

  4. бронх демікпесінің ұстамасы

  5. гипогликемиялық кома

Тест №85


Ревматоидты полиартрит - ол:

  1. көбінесе буындарды зақымдайтын дәнекер ұлпасының аутоиммундық ауруы

  2. буындардың қабыну аурулары

  3. көбінесе жүректі зақымдайтын дәнекер ұлпасының аутоиммундық ауруы

  4. буындарды зақымдайтын инфекциялық ауру

  5. жарақаттық сипаттағы сүйек-бұлшық ет аппаратының зақымдануы

Тест №86


Ұйықтатын дәрі-дәрмектерден улану кезінде өлім ненің салдарынан болуы мүмкін?

  1. қан қысымының күрт жоғарлауынан

  2. тыныс алу орталығының тежелуінен

  3. тыныс алу орталығының қозуынан

  4. науқастың қимылдау және психикалық қозуынан

  5. құрысып-тырысу синдромының пайда болуынан

Тест № 87

«Медуза басы» симптомы қай ауруға тән:

a) Гастритке

b) Панкреатитке

c) Бауыр циррозына

d) жара ауруына

e) Холециститке


Тест №88

Бактериурия неге тән:

a) Өткір гломерулонефритке

b) Созылмалы гломерулонефритке

c) Өткір және созылмалы пиелонефритке

d) Созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне

e) Өткір бүйрек жетіспеушілігіне
Тест № 89

Несеп айдаушы препараттарды ұзақ мерзім қолданғанда қандай асқыну болуы мүмкін?

a) Гиперкальциемия

b) Гипокальциемия

c) Гипокалиемия

d) Гипернатриемия

e) Глюкозурия
Тест №90

Миокард инфарктісі – ол:



  1. жүрек бұлшықетінің қабынуы

  2. жүрек бұлшықетінің гипертрофиясы

  3. жүрек ақауінің қалыптасуы

  4. жүрек бұлшықетінде некроз ошағының қалыптасуы

  5. жүрек қақпашаларының зақымдануы

Тест №91


Қандағы холестериннің қалыптағы деңгейі:

  1. 10,2-12,8 ммоль/л

  2. 1-2,9 ммоль/л

  3. 20,0-24,6 ммоль/л

  4. 8,3-10,5 ммоль/л

  5. 3,9-5,7 ммоль/л

Тест №92


Асқазаннан қан кеткенде байқалады:

a) «Кофе тұнбасы» тәрізді құсық

b) Қан қысымының жоғарлауы

c) Брадикардия

d) Тері жамылғыларының гиперемиясы

e) бастың ауруы


Тест №93

Анафилактикаық шок кезіндегі фельдшердің тактикасы:


a) Аллергенді жіберуді тоқтату, көк тамырға адреналин және преднизолон салу

b) Наркотикалық емес анальгетиктерді салу

c) Наркотикалық анальгетиктерді салу

d) Жүрек гликозидтерін салу

e) Седативті препараттарды салу
Тест №94

Салмақ түсу, қанды қақырық, кеуде клеткасының ауруы қай ауруда байқалады:



  1. Өткір бронхитте

  2. Бронх демікпесінде

  3. Ошақты пневмонияға

  4. Өкпе рагында

  5. Пневмосклерозға

Тест №95


Ұстаманың ұзақтығы қанша болғанда миокард инфарктісіне күмәндануға болады:

a) 5 минуттан аса уақыт

b) 30 минуттан аса уақыт

c) 15 минуттан аса уақыт

d) 60 минуттан аса уақыт

e) 45 минуттан аса уақыт


Тест №96

Биологиялық өлімнің белгілері:

a) Пульсі жіп тәрізді

b) Пульсі жоқ

c) Дене қызуы 36 градус

d) Қан қысымы 80/50 мм.с.б.

e) Жоғарыда аталғандардың барлығы
Тест№97

Лейкоздарға тән:

a) Эритропоэздің айтарлықтай тежелуі

b) Лейкопоэз айтарлықтай тежелуі

c) Тромбоциттердің пайда болуы

d) Дұрыс жауабы жоқ

e) Қан айналым тежелуі жоқ
Тест №98

Түтікше сүйектердің ауруы, бауырдың, өттің, лимфа түйіндерінің үлкеюі, қансырауы, қан кету, ауыр инфекциялар, кахексия қай ауруға тән:

a) Өткір лейкозға

b) Теміржетіспеушілік анемияға

c) Витамин В12-фолий жетіспеушілік анемияға

d) Постгеморрагиялық анемияға

e) Тромбоцитопениялық пурпураға
Тест №99

Эндемиялық зоб, гипотиреоздың негізгі себебі:

a) Йод тапшылық аймақтардағы йодтың жетіспеушілігі

b) Тағаммен йодтың шамадан тыс келіп түсуі

c) инсулиннің жеткіліксіз өндірілуі

d) инсулиннің шамадан тыс өндірілуі

e) Стрестік жағдайлар
Тест №100

Қалқанша без қызметінің төмендеу белгілері:

a) ашуланшақтық, ұйқының бұзылуы, тремор, жүрек қағу

b) терінің құрғақтығы, полиурия, полифагия, полидипсия

c) Геморрагиялық синдром

d) Депрессия, әлсіздік, тістерінің бұзылуы, шаштарының түсуі, бас ауру, брадикардия



e) жүдеу, тәбеттің болмауы, терінің қышуы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет