Эмфизематозды (бочка тәрізді) кеуде клеткасы – алдынғы артқы өлшемі бүйір өлшемге тен. Қабырғалар горизонтальді орналасқан; бұғана үсті және бұғана асты ойықтар тегістелген, сол жерлерде жұмсақ тіндердің ісінуі байқалады. Қабырғаралықтар кеңейген; эпигастральді аймақ тұйық, кеуде клеткасы тыныс алудың шыңында қатып қалған. ӨСОБ бронхиальді демікпеде кездеседі.
Рахиттік (құс кеуде) – балалық шағында басынан өткерген рахиттің әсерінен кеуде клеткасының сүйегі деформацияға ұшырауы нәтижесінде болады. Төс сүйегі алдыға қарай шығып тұрады.