Қолдануы: тоқ ішектің барлық аурулары.
Қолданбауы: ішектің байлануы, колит өршу кезеңі, ішектен қан кету.
Әзірле: Эсмарх кружкасы, 1,5-2 л суы бар ыдыс, вазелин, шпатель, жаялық, ақжайма, штатив, резеңке қолғап, судно, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, сульфат барий (360-370С 1,5л су) леген, лоток, салфетка, су термометрі, алжапқыш; фортранс, адсорбенттер, ферментті препараттар; жолдама (зерттеу әдісі, науқастың аты-жөні, жасы, мекен-жайы немесе ауру тарихының №, диагноз, зерттеу күні).
Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді.
Медбикенің іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа сенімді қарым-қатынас туғызыңыз.
Жүргізілетін іс-шараның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Науқасқа психологиялық дайындық жүргізіңіз.
Зерттеу алдында 2-3 күн бұрын жел түзетін тағамдарды (көкөністер, жемістер, сүт, қара нан ) қолданбауды ескертіңіз және сумен қамтамасыз етіңіз.
Дәрігердің тағайындауымен ферментті препараттар беріңіз.
Зерттеу алдында күндізгі сағат 12-де схема бойынша фортранс беріңіз.
Кешкі 18-ге дейін жеңіл тағам беріледі.
Кешке (20 және 22-де) науқасқа арасына екі сағат салып 1,5-2 литр сумен «таза су шыққанша» тазалау клизмасын жасаңыз.
Таңертең зерттеуге 2 сағат бұрын арасына 1 сағат салып 2 тазалау клизмасын жасаңыз.
10.Науқасқа таңертең зерттеуге 3 сағат бұрын жеңіл ақуызды тағам беріңіз (аш ішектегі сұйықтықты тоқ ішекке рефлекторлы өтуі үшін)
11.Дәрігердің белгілеген уақытында науқасты ауру тарихымен рентгенологиялық кабинетке апарыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |