Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Рентген кабинетіндегі медбикенің іс-әрекет алгоритмі



бет116/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Рентген кабинетіндегі медбикенің іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа рентген кабинетінде үлкен түсірілім жасайды.

  2. Өт айдау мақсатында науқасқа сорбит ерітіндісін ішкізіңіз (стакан суға 20гр сорбит).

10.Рентген кабинетінде белгілі бір уақыт аралығында бірнеше түсірілім жасалынады.
11.Рентгенологиялық зерттеу кезінде медбике рентген кабинеттен шығады.
12.Зерттеуден кейін науқасты палатасына шығарып салыңыз.
13. Тыныштықты қамтамасыз етіңіз.


СТАНДАРТ
Пероралды холецистографияға науқасты дайындау
Мақсаты: диагностикалық
Көрсетпе: өт жолдарының аурулары.
Жабдықтау:
1. холевид (йодогност) және билигност (билиграфин), билитраст
2. 2 мл питуитрин
3. Эсмарх кружкасы
4. түймедақ ерітіндісі
5. 2 шикі жұмыртқаның сарысы, 20г сары май және 50 г ақ нан
Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мейірбикенің іс-әрекеті:
1. пациентті жүргізілетін манипуляция туралы хабардар ету, керектігін түсіндіріп және оның қауіпсіздігін айтып, психологиялық дайындық жүргізіңіз және өту барысын түсіндіріңіз.
2. 2 күн бұрын – қалдықсыз тағам тәртібі (ішті кептіретін тағам өнімдерін қолданбайды).
3. зерттеу жүргізерден бұрын таңертеңгілік сағат 8.00-де пациентке түймедағының ерітіндісімен тазалау клизмасын қойыңыз.
4. сағат 9.00-да пациентке жеңіл таңертеңгілік тағам және 1 стакан тәтті шәй беріңіз.
5. сағат 11.00-де тағы да 1 стакан тәтті шәй, сағат 14.00-те пациентке жеңілдетілген түскі тамақ және 1 стакан тәтті шәй беріңіз.
6. сағат 16.00-да науқасқа майлы тамақ: 2 шикі жұмыртқаның сарысы, 20г сары май және 50г ақ нан беріңіз, 20-30 минут өткен соң өт қабы өттен босайды.
7. сағат 19.00 – 20.00 аралығында пациент бөліп-бөліп билитраст қабылдайды: 4г билитраст 1 ас қасық құм шекермен араластырып, алынған қоспаны 6 бөлікке бөлеңіз. Қоспаның 1/6 бөлігін пациент жайлап 5-10 минут көлемінде шайнайды.
8. билитрасты қабылдағаннан кейін тамақ ішуге болмайды.
9. зерттеу жүргізілетін күні таңертең сағат 7.00-де пациентке түймедақ тұнбасынан тазалау клизмасын қойыңыз.
10. сағат 9.00-да рентген кабинетіне өзімен бірге «майлы тамақты» бірге ала барады.
11. рет-ретімен бірнеше рет суретке түсірілгеннен кейін, өт қабының көлеңкесі алынған соң, пациентке қайтадан «майлы тамақ» беріңіз немесе тері астына 2 мл питуитрин салыңыз. 15. 30, 45, және 60 минуттан кейін қайтадан бірнеше суреттер жасалынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет