Өмір тарихы(Anamnesis vitae) Науқастың тұрмыстық және кәсіби жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы: ылғалды жерде жұмыс істеуі немесе тұруы; желденуі мен жылуы нашар жерлер; ашық аспан астында күндіз түңі жұмыс істейтіндерге(құрылысшылар, ауыл шаруашылығнда жұмыс істейтіндер, машина жүргізушілері). Осы жағдайларды анықтау арқылы өкпенің жедел қабыну ауруларын және олардың созылмалы түрге ауысуының қалай пайда болғанын нақтылауға болады. Кейбір шаң түрлері бронхиальді демікпеге алып келеді: көмір – тас шаңы – өкпенің созылмалы ауруының дамуына – антракоза; цементті, фарфорлы өнідісте жұмыс істейтінде – өкпенің кәсіби фиброзы ауруының дамуына – силикозға алып келеді
ЖАЛПЫ ҚАРАУ