Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Перкуторлы дыбыстың патологиялық жағдайда өзгеруі



бет143/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Перкуторлы дыбыстың патологиялық жағдайда өзгеруі:
Өкпе бөлігінде ауаның аз және толық жоқ болуына байланысты өзгеруі мүмкін. Немесе плевра қуысының сұйықтыққа толуынан (транссудат, экссудат, қан), өкпе тінінің ауалығына, ауаның болуына байланысты болып келеді.
Өкпеде ауаның азаюы келесі жағдайларда кездеседі: а) пневмосклерозда, фиброзды –ошақты өкпе туберкулезінде; б) ошақты пневмонияда; в) сол жақ қарынша жеткіліксіздігі кезіндегі өкпе ісінуінде; г) өкпе тінінің плевральді сұйықтықпен басылуында; д) ірі бронх қуыстарының ісікпен жабылуында.Осы патологиялық жағдайларда перкуторлы дыбыс қысқа, тыныш яғни тұйықталған болып шығады.




Толық өкпедегі немесе жартылай өкпе бөлігіндегі ауаның жоқ болуы келесі жағдайларда кездеседі:а) тығыздалу кезіндегі крупозды пневмонияда, яғни альвеолалар қабыну экссудатымен, фибринмен толғанда. б) өкпеде үлкен қуыстың пайда болуында, оның қабыну сұйықтығымен толуында (ірің, эхинококты кисталармен және т.б.) немесе бөгде денелермен (ісік); в) плевра қуысында сұйықтықтың жиналуында (транссудат, экссудат, қан). Өкпенің ауасыз жеріндегі перкуссияда тынық (тихий), қысқа, жоғарғы дыбыс оны тұйық дыбыс деп атайды. Немесе ауасы жоқ ағзалар бауыр, бұлшық етті перкуссиялау кезінде пайда болатын дыбысқа ұқсас болып келеді.
Өкпеде ауаның ұсталуының жоғарлауы эмфизема кезінде болады. Бұл кездегі перкуторлы дыбыс өкпе тінінің жоғары ауалығы және эластикалық серпімділігінің төмендеуіне байланысты қатты шығады және тимпаникалық болады. Бұл дыбыс іші бос қорапты ұрған тәрізді дыбысқа ұқсас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет