СТАНДАРТ Қан қысымын өлшеу алгоритмі Әдетте қан қысымын 2 минут аралықпен 2-3 рет өлшейді; бұл кезде манжеттегі ауаны толық шығарып отыру керек.
1. Емделушінің жалаңаш иығына, шынтақ иінінен 2-3 см жоғары тонометр манжетін салыңыз. Манжеттен жоғары киім иығын қысасыз. Манжеттің арасына бір саусақ сиятындай етіп байлаңыз.
2. Емделушінің қолын созылған жағдайда, алақанын жоғары қаратып қойыңыз, бұлшық еттері бос.
3. Манометрді манжетпен қосыңыз. Манометр тілшегі шкала белгісіндегі нөлде болуы керек.
4. Шынтақ иіні аймағындағы иық артериясынан пульсті сипап тауып, сол жерге фонендоскопты қойыңыз.
5. Грушаның тетігін жауып, манжетке ауа жіберіңіз. Манометр көрсеткіші бойынша манжеткадағы қысым сынап бағанасынан 30 мм асқанша ауа жіберіңіз,осы кезде білек артериясының пульсі анықталмайды.
6. Тетікті жиып және ақырын секундына 20 мм сынап бағанасымен жылдамдықпен ауаны шығарыңыз. Осы уақытта иық артериясы тонын фонендоскоппен тыңдаңыз және манометр тілшесінің көрсеткіштерін бақылаңыз.
7. Иық артериясында бірінші пайда болған дыбыстарда систолалық қысым деңгейін белгілеңіз.
8. Диастолалық қысым көлемін белгілеңіз, ол иық артериясы тонының толық жоғалуы сәтінен анықталады.
9. Қан қысымы көрсеткіштерін бөлшек түрінде жазыңыз (бөлшек алымында – систолалық қысым, бөлшектік бөлімінде – диастолалық қысым).